Ертеңгілік «Қош келдің, жаңа жыл!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік «Қош келдің, жаңа жыл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Целиноград ауданы білім бөлімінің» ММ

«Эквижн» ЖШС«Мейірім» балабақшасының тәрбиешісі

Құдакелді Ұлболсын

Ертеңгілік «Қош келдің, жаңа жыл!»




Залдың іші жаңа жыл ертеңгілігіне арнайы безендірілген. Ортада ойыншықтар ілінген жап-жасыл шырша.

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймыз бәрінді,

Бақыт, шаттық әкелсін жыл шырайлы.

Құтты болсын ағайын,

Жаңа жылын тағыда.

Қол соғып қарсы алайық ,

Шақырайық ортаға.

Ертеңгілік басталсын,

«Еркемай» тобында.

Залға музыка ырғағымен балалар кіреді.

Ән: «Аппақ-аппақ»

Жүргізуші: Қарандаршы, айнала неткен керемет, мына әсем шыршамызға ойыншықтардың алуан түрі бар. Бәріміз әп-әдемі жаңа жалдық киімдерімізді киіпжиналып қалыппыз, бірақ шыршамыз көңілсіз, қане Аяз ата сиқырлы таяғының көмегімен, әдемі сөздеріменшыршамыздың шамын жақсыншы. Аяз ата мен ақшақарды шақырайық.

Аяз ата мен ақшақар кіреді.

Бәрі хормен: Қуант бізді таңырқат, шамдарынды жарқырат.

Жүргізуші: Ендеше Аяз атаға және Ақшақарға арнап тақпақтарымызды айтайық.

1-топ балалары шығады

Жанарыс:

Жаңа жылдың жолы болсын,

Басқан қадамын оң болсын.

Төрлет, төрлет, Жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.


Айзере:

Бізбен бірге ойнайды,

Жаңа жылды тойлайды.

Барлық бала бақытты

Болса екен деп ойлайды.




М.Кәусар:

Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр Ақшақар,

Көптен күтіп сағынып.


Мағжан:

Төрлет енді жаңа жыл,

Үлестір құт-береке

Көп қуаныш ала жүр,

Көп болсыншы мереке.

Асыл:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.


Дария:

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Арайлым:

Кел, Жаңа жыл,

Кел,Жаңа жыл.

Қарсы аламыз біз сені,

Ақ көңілмен, ақ пейілмен,

Баршамыздың төрінде.

Аблайхан:

Жанадан тақпақ,

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл жақсы-ақ.


Інжу:

Тамаша! Тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.



Ерасыл:

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ көрпеге оранып.


Даржан:

Шыршаға бардық,

Әсем ән салдық.

Аяз атадан сыйлықтар алдық.

Би: ұлдар

Ертегі кейіпкерлері сазды әуенмен залға кіреді.

Ән: «Шырша» балалардың орындауында

Жүргізуші: Балаларымыздың жаңа жылдық тақпақтарына кезекті береміз.

2-топ

Назым:

Алақай! Алақай!

Таяп қалды жаңа жыл.

Кел, балалар келіндер,

Тамашаны көріндер.


М.Айару:

Ақ қырауға малынған,

Ақ күмістей сақалы.

Көптен күтіп сағынған,

Көрдік Аяз атаны.

Рамазан:

Базарлықты мол алып.

Әкеліпті ол тағы.

Қарасын деп тамсана,

Безендірдік шыршаны.

Т.Кәусар:

Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр,

Өлең айтқан балаға,

Кәмпиттерін беріп тұр.

Елнұр:

Аппақ тоңға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.


Толғанай:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Аяз ата келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Арсен:

Мерекеге келдік,

Таппақ айтып бердік.

Ойыншықтар тізілген,

Шыршаны да көрдік.


Әли:

Қысты жақсы көремін,

Коньки, шана тебемін.

Қысты жақсы көремін,

Ақ қарға уанап келемін.

Камилла:

Үлбіреген ұлпа қар,

Тегіс жапты даланы.

Боран әні шырқалар,

Кейде тына қалады.

Альмира:

Қыстың күні көңілді,

Көп қызықты көреміз.

Шығып алып далаға,

Сырғанақта тебеміз.


К.Айару:

Шанамызға мінеміз,

Мәз мейрам болып күлеміз .

Жарысамыз бәріміз,

Жарасып тұр сәніміз.



Алдияр:

Қорықпаймын аяздан,

Шымшысада бетімді.

Аппақ қарды кешемін,

Киіп алып етікті.


Ойын: Қарды кім тез жинайды.

Шартын түсіндіру.

Би: қыздар «Ақшақар»

Ән: «Ақшақар»

Ақ қала кіреді. (сыйлықтарды таратады.)

Балалар Аят атамен қоштасады.


Би: «Балапандар»

Жүргізуші сөзі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.00.2020
280
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі