Материалдар / Ертеңгілік «Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Ертеңгілік «Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейіңгі балаларға арналған ертеңгілік
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, Клоун, балалар, ата - аналар..
Музыка ойнап тұрады.

Тәрбиеші:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Тәрбиеші: Армысыздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Жаңа жыл!»

Тәрбиеші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Тәрбиеші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Асұлан Е

Тауда туып, Тауда өсіп

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз. 

Нурия

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Арсен

Жасыл шырша төрдегі

«Бәрің көр мені» дейді

Кеткен әсем құлпырып

Ойыншықтар тұр тұнып

Рамазан

Аппақ күміс бар әлем

Зымыраймыз шанамен

Тоғайлар тон киеді

Аяз беттен сүйеді

Тәрбиеші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар!

(Музыка ойнайды, отаға түлкі кіреді )

Түлкі: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Орманға алып кетпесем бе екен? (Осы кезде түлкі төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді.)
Тәрбиеші: Түлкі! (түлкі оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды) Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тименіз біздің шыршамызға! (Түлкі сөзге мән бермей, былай дейді: «Ту-у-у!» Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып).

Түлкі: Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой.

Тәрбиеші: Түлкі сен ашуынды басып, біздің балалардың өнерін тамашала. Сонда бәлкім райыңнан қайтарсың.

Би: «Шырша»биі

Түлкі: Жок, мен шыршаны орманға алып кетемін. Сендер билеріңмен мені алдай алмайсыңдар. (Осы кезде түлкі төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді.)
(Музыка ойнайды, отаға өрмекші адам кіреді)

Өрмекші адам: Мұрнда не болып жатыр. Мен балалардың реңжеулі дауыстарын естіп. Менен көмек керек екенін сезіп келдім.

Тәрбиеші: Өрмекші адам бізге сенің көмегің керек. Түлкі шыршамызды орманға алып кетем дейді. Содан балалардың көңіл-күйі жоқ.

Өрмекші адам: Мен балалардың көңіл-күйін түсіруге жол бермеймін!

(Өрмекші адам түлкіні қуып жібереді)

Тәрбиеші: Рахмет саған Өрмекші адам. Сен бізге жақсылық жасадың. Бізбен бірге жана жылды қарсыал. Біздің балалардың өнерін тамашала.

Тақпақтар:

Айша

Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын!

Расул Н

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, әке - шеше

Құтты болсын Жаңа жыл!

Саяла

Оралды өлкеме

Жаңа жыл, армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау, қарлы шың.

Ислам С

Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Айкүміс:

Би«Ұлдар биі»

(Музыка ойнайды, Халк кіреді)

Халк: Өрмекші адам сен осында екенсингой, мен сені іздеп келдим. Бугин көніл-күйім жок.

Өрмекші адам: Халк кел бізге косыл. Мына балалар шетінен өнерлі екен. Сенің көніл-күйіңді көтереді. Балалармен ойын ойнайық.

Халк: Өте тамаша,ойнасақ ойнайық

Ойын: «Қар жинау» Өрмекші адам пен Халк ойнатады

Би: Буги-буги

Тақпақтар:

Гұлназ

Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

Аслан Т

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз-ата оны басқарды.

Мариям

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Ясмин

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Жантөре

Ал балалар тұрайық

Би, билейік ойнайық

Аяз –ата қуансын

Дөңгеленіп зырлайық

Аружан

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Өрмекші адам: Балалар біз сендермен қоштасамыз. Рахмет сендерге Халк екеуміздің көніл-күйімізі көтердіңдер. Қош сау болыңдар.

(Өрмекші адам мен Халк қоштасып кетеді)

Тәрбиеші: Өрмекші адам мен Халк сендерге көп-көп рахмет. Бізге көп жақсысылық жасадыңдар. Қош сау болыңдар.

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! – деп айғайлап шақырады.

Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән айтайық.

Ән :«Аяз Ата»

Ойын: «Қолқап»

Би: «Снежинки»

(билеп жатқанда ескі жыл шығады,)

Мешін жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2017 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын Тауыққа берем
(Сақнаға тауық балаларды жағалап билеп шығады)
Тауық: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Мешін жыл:
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, мешін, қош бол.
Аяз Ата: Қош келдің жаңа жыл.
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл. Ал енді біз келместен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
Тәрбиеші: Қане балалар Аязатамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық.

Тақпақтар:

Ернат

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

Сезім

Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.

Көркем

Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.

Ерасыл

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр
Алия
Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен.
Әділет

Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.
Ән :«Шырша жыры»
Аязата: Жаңа жылдарыңызбен достар. Алда барар ауыл, жыл қуантсын баршаны. Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін. Сендерді жаңа жыл Тауыққа аманат етип тапсырдым. Қош, сау болыңдар халқым!
Барлығы: Қош бол, Аязата, Аязата ......
Жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын.











17 Желтоқсан 2017
498
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі