8-наурыз халықаралық
әйелдер мерекесіне арналған «Қызыл телпектің әжесін құттықтауы»
атты мерекелік сценрийі
Жүргізуші:
Мерейлі сәт мерекеге
ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр
асып.
Қыз-келіншек, нәзік жандар
мейрамы
Көктемнің шапағатын тұр шашып!
– армысыздар құрметті қонақтар, ақ жаулықты әжелер, асыл аналар,
әдемі қыздар. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ду қол
қошеметпен біздің кішкентай бүлдіршіндерімізді қарсы
алайық.
(Біздің жігіттер әніне ұлдар
шығады, миллион қыздар әніне қыздар
шығады.)
Жүргізуші:
Балалар айналамызға қараңдаршы
әдемі гүлдер жайқалып, қар еріп, ағаштар бүршік жарып, жылғалардан
су ағып, құстар ұшып келіпті. Бұл қай мезгіл деп
ойлайсыңдар?
Балалар: Көктем
мезгілі
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса
көктем мезгілі туралы көңілді әнімізді
айтайықшы.
(ән «Отаныма көктем
келді»)
Жүргізуші: Рахмет. әндерің өте жақсы
тамаша жарайсыңдар балалар. Ал, балалар сендер ертегі тыңдағанды
ұнатасыңдар ма?
Балалар: Ия
Жүргізуші: ендеше, ертегілер
әлеміне аттанайық.
Қане бәріміз орнымыздан тұрып,
көзімізді жұмып 3 ке дейін санайық та 1 рет
айналайық.
Бір, екі,
үш,
Ертегілер әлеміне алып
ұш.
(сыйқырлы қоңыраудың
сыңғырлату, залға декорацияларды қойып балалар көзін ашқан кезде
алдыларында Қызыл телпектің әжесінің үйі
тұрады.)
Жүргізуші:
Балалар қараңдаршы біз қай
ертегілер әлеміне келдік
Бұл Қызыл телпек ертегісі,
Қызыл телпектің әжесінгің үйі тұр.
(осы кезде Қызыл телпек
келеді)
Қызыл
телпек:
Сәлеметсіңдерме
балалар!
Жүргізуші:
Сәлеметсізбе Қызыл
телпек
(осы кезде қасқыр келеді де
бәлішті алып жегісі келеді)
Қасқыр:
Бәліштедің иісі қандай
керемет. Қарным ашып барады берші маған
бәліштерді.
Қызыл
телпек:
Жоқ қасқыр тиіспе менің
бәліштеріме, анам әжеме бәліш пісіріп, әжемізді құттықтап кел деп
жіберді.ол меніңәжеме
Қасқыр:
Енді менің қарным ашқаны
сонша, бәліштердің иісі мұрныма келіп еді, сілекейім шұбырып
кетті.
Жүргізуші:
Қасқыр бүгін бізде мереке. Сен
тиіспе қызыл телпекке.
Қасқыр:
Мереке? Қандай мереке? Мен
ешқандай мерекені білмеймін!
Жүргізуші:
Бүгін аналар, әжелер мерекесі,
бүгін аналарымызға әжелерімізге ән айтып, би билеп құттықтауымыз
керек
Қасқыр:
Ал мен әнде айта алмаймын,
биді де билей алмаймын.
Жүргізуші:
Қасқыр сен қоя тұр, біздің
балаларымыздан үйрен. одан да орманда жайқалып өсіп тұрған гүлдерге
қараңыздаршы қандай әдемі.
Қызыл
телпек:
Қызыл сары, көк
гүлдер
Айналада көп
гүлдер.
Жайқалады
жайнайды,
Бізге биін
сыйлайды.
«Гүлдер»
биі
Қызыл
телпек: Рахмет, билерің тамаша болды.
Қәне енді Қасқыр екеуміз сендермен бір ойын
ойнайық.
«Кім
жылдам» ойыны.
Қасқыр: Балалар, сендерге ойын ұнады
ма? Жарайды ендеше мен де әжеме барып құттықтап келейін, мені күтіп
қалған шығар. Бірақ менде апаратын сыйлықтарым жоқ, қарным да ашып
барады.
Қызыл
телпек:
Жарайды, Қасқыр. Менің
бәліштерімді алып жесең болады.
Жүргізуші:
Ал әжеңе мына гүлдерді
сыйла.
Қасқыр:
Ооо, рахмет,бір тойып қалатын
болдым, әже де қуанатын болды. Рахмет
балалар.
(Қасқыр шығып
кетеді)
Жүргізуші:
Бүгін 8 наурыз мерекесі. Біз
бүгін аналарды құттықтау керекпіз.
Қәне, енді аналарымызға
арналған әнімізді айтайықшы
Шалқып, тасып
әніміз
Жадырасын
жанымыз,
Ана, сені
құттықтап,
Әндетеміз
бәріміз.
Бүгінгі мерекеге арналған
балалардың әнін қабыл алыңыздар
( Ән: «Жаңбырдың анасы бар
ма?»
Жүргізуші:
Жарайсыңдар балалар! Балалар
сендер би билеп, ән айтып шаршаған шығарсыңдар, жаттығу жасап
сергіп алайық.
Сергіту
сәті
Жүргізуші:
Жарайсыңдар балалар, өте
тамаша..Ал енді орындарыңа жайғасып
отырыңдар.
(Қызыл телпек мұңайып
қалады)
Жүргізуші:
Қызыл телпек саған не болған?
Неге мұңайып қалғансың?
Қызыл
телпек:
Мен бәліштерімді қасқырға
бердім , ал ол менің әжеме деп апара жатқан бәліштерім еді . Енді
әжеме не сыйлаймын?
(деп айтып
жылайды)
Жүргізуші:
Қызыл телпек, сен көңіліңді
түсірме, саған қалай көмектесуге болатынын ойлап көрейік. Ал әзірше
біздің топтың балалары дайындаған биді
тамашалайық.
(Джентельмендер биін
билейді)
Қызыл
телпек:
Қандай керемет тамаша
биледіңдер. Жарайсыңдар балалар. Рахмет
сендерге.
Жүргізуші:
Балалар біз Қызыл телпекке
қалай көмектесеміз, себетке не салып береміз енді?! Мүмкін бәліш
пеісіріп береміз!? Бірақ пешті қайдан
аламыз?
Таптым, пешті сыйқырмен жасап
алайық.
Балалар сендер бәліш пісіру
білесіңдер ме?
Еендеше орындарыңнан тұрып
сыйқырлы сөзді бірге айтайық
1 2 3 лаулап пешім
түс.
(балалар көздерін ашқан
кезде алдарында пеш тұрады)
Жүргізуші:
Қызыл телпек біз саған бәліш
пісіріп береміз. Сен сол бәліштерді себетке салып әжеңе сыйла,
мерекесімен құттықтап бере ғой.
(Ән «Я пеку пеку
пеку»)
Қызыл
телпек:
Рахмет сендерге балалар, маған
көмектескендерің үшін. Бәліштерің өте дәмді болып
пісіпті.
(осы кезде ширма ашылып, әже
орындықта тоқыма тоқып отырады)
Әжесі:
Сәлемесіңдерме балалар! Рахмет
балалар. Мен барып шай қояйын, бәлішпен шай
ішейік.
Балалар: Сәлеметсізбе
әже!
Жүргізуші:
Әже рахмет, біз балабақшаға
оралуымыз керек.Балалар жарайсыңдар! Қызыл телпек қуанып қалды. Ал
енді өзіміздің балабақшамызға оралайық. Орнымыздан тұрып, көзімізді
жұмып үшке дейін санайық.
Бір, екі,
үші,
Бақшаға бізді алып
ұш
(Қоңырау соғылады. Сиқырлы
әуен ойналады. Декорациялар алып тастау.)
Жүргізуші:
Балалар сендерге ертегі ұнады
ма?
Біз ертегі әлемінде кімді
кездестірдік?
Жарайсыңдар
балалар.
Дүниеде ең кемеңгер
дананы
Ана табады, аялайды
бағады.
Сол үшін де құдіретіңе бас
иіп,
Құрметтейік қасиетті
ананы!
Осымен біздің мерекелік
ертеңгілігіміз аяқталды.
Балалар, енді өз аналарымызды
құттықтап, дайындаған сыйлықтарымызды
ұсынайық.
«Талдықорған қаласының білім
бөлімі» ММ.
«№ 7 ясли-бақшасы»
МКҚК
Кері байланыс
папкасы
Мектепалды даярлық «Айгөлек»
тобы
Тәрбиешілер: Л.
Абылкасымова
З.
Арғынбай
Талдықорған қаласы 2020
жыл
Мазмұны
-
Жүргізуші
кіреді
-
Ұлдар
кіреді.
-
Қыздар
кіреді
-
Ән: «Отаныма көктем
келді»
-
Сиқырлы
қоңырау
-
Қызыл телпек пен Қасқыр
таласып келеді
-
Би:
«Гүлдер»
-
Ойын: «Кім
жылдам»
-
Қасқыр шығып
кетеді
-
Ән «Жаңбырдың анасы бар
ма?»
-
Сергіту
сәті
-
Би:
«Джентльмендер»
-
Ән: «Я пеку пеку
пеку»
-
Сиқырлы
қоңырау
-
Соңы