Материалдар / Ертеңгілік "Сиқырлы күз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік "Сиқырлы күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2020
389
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Целиноград ауданы білім бөлімінің» ММ

«Заңғар и Ко» ЖШС «Айбала»

балабақшасының тәрбиешісі

Еділхан Айгерім

Ертеңгілік «Сиқырлы күз»

(мектеп алды даярлық топтарына арналған)


Кейіпкерлер:Күз ханшайымы, қоян, түлкі, әтеш.

Қажетті заттар:тазартылған картоп (ойынға), жемістер (алма, банан)

Ертеңгіліктің мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Әсем әуен ойнап тұрады. Балалар орман корінісімен безендірілген залға кіреді. Зал әсем шарлармен, ойыншықтарман және жапырақтармен әдемі безендірілген. Балалар залға музыкасымен көңілді кіреді. Ән біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.

Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар,әріптестер, және осы бөбекжайдың кішкене бүлдіршіндері! «Сиқырлы күз» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Балалар, біздер күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қарайықшы. Жапырақтары сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен?! Солай ма, балалар? Ал орманды кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?

Балалар: Сиқырлы күз әдеміледі.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар.

Тәрбиеші: Балалардың орындауында «Алтын күз» әнін тамашалаңыздар

Ән: «Алтын күз»

Тәрбиеші:

Балалар олай болса арамызға Күз ханшайымын шақырайық.

Осы кезде ортаға билеп ішке сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағынған күз ханшайымы келеді
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.
Күз ханшайымы:

Алтын,сары,қызыл,көк...

Алуан –алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Әй,алақай тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

Би:«Күзгі вальс»

Күз ханшайымы: Балалар билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.
Тәрбиеші: Жарайсыздар!

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге балалар анасымен бірлесіп, сән көрсетілімін дайындап келген екен,
Ана мен баланың сән көрсетілімін бағалайық.

Сән қойылым: (Айару, Дильназ, Елмира, Раяна)
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
Мансұр:

Жайдары күз жарқын күз

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр.


Жансұр:

Сары алтындай сары күз

Қамбадағы дәніміз.

Шелек-шелек балымыз

Ағыл-тегіл ағымыз..

Мирас:

Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

Сұлтан

Мейірлі күз ,мырза күз

Сыйлығыңа ырзамыз.

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз.

Айару

Көк аспаның мөлдіреп

Алтын күзім елжіреп.

Асыр салып жүре бер

Көк көйлегің желбіреп.

Н:Нұрәлі

Алқаптағы бидайды

Қамбаға ел жинайды.

Тырналары тізілген

Ұнатамын күзді мен.

Елмира

Күзде жауын бұлт,тұман

Сары жапырақ жауады.

Сары құйын ұйытқыған

Сапырады ауаны.

Ерәлі

Тапталады табанға

Судыр-судыр жапырақ.

Өрттей сары бояуға

Малынғандай атырап.

Нұрәлі

Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерде сеуірді.

Сәбит

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді.

Қойны толы алтын дән

Тәттісі көп не түрлі.

Ринат

Үркіп үйрек,қаздары

Шулайды көл қоғалы.

Дәурен өтіп жаздағы

Күздің желі соғады.

Ән: «Осень наступила»

Тәрбиеші: қазір біздер «Дәміне қарап ажырат»атты ойын ойнаймыз

Ойын: «Дәмін ажырат»

Барысы: Ортаға көзін орамалмен байлаған бала шығып қолындағы жемісті дәміне қарап ажыратады.Ойын 2-3 рет қайталанады.
Күз ханшайымы: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.
(Күз, балаларға алма таратады)

Тыңдаңдаршы, жел соғып жатыр. Қане, бәріміз желмен бірге үрлейік.

(Үф –ф... үрлейді)

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, желмен бірге бізге не келе жатыр? (тыңдайды)

Әдемі әтеш

Таң атпай тұрыпты

Ойқастап жүріпті

Жан – жаққа қарапты

Айдарын тарапты, - бізге келе жатқан не екен?

Залға әтеш кіреді: Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер?! Мен сендерге қонаққа келдім.

Жүргізуші: Қош келдің! Біз сиқырлы күзді тойлап жатырмыз. Бізбен бірге тойла.

Әтеш: Рахмет! Балалар, сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме?

- Иә, білеміз!

Әтеш: Өте жақсы. Жаңбырдың балалар, өте жай, кішкене түрі болады. Оны салу үшін қолымызды жай шапалақтаймыз (балалар қолдарын жай соғады, әуен жай ойнайды). Сонымен қатар үлкен, қатты жаңбырлар да болады ( балалар қолды қаттырақ, тезірек соғады,әуеннің дауысы қатты шығады).

«Қандай жаңбыр» ойыны ойналады.

(Әтеш басқарады: «Жай жаңбыр» дегенде қолды жай соғады. «Қатты жаңбыр» дегенде қолды қаттырақ соғады.

Әтеш: Тамаша, балалар!Ал, балалар, сендер өте өнерлі балаларға ұқсайсыңдар. Қане, кім тақпақ біледі, айтып беріңдерші.

Аяулым. Алақай, алақай,

Шатанып балақай.

Күз келді дән пісті,

Айтамыз алғысты.

Айша. Ел егінін жинайды

Қырманға дән сыймайды

Біздің дала бай дала

Алтын астықайнала

Раяна. Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.


Би: «Жапырақтар» биі


Әтеш: Ой, балалар,қандай тамаша биледіңдер, сендермен уақыт өте көңілді өтті. Рахмет сендерге балалар! Мен енді достарыма кетейін. Сендердің қандай ақылды, көңілді екендеріңді айтайын. Сау болыңдар балалар.

Жүргізуші: Балалар, мен бір сыбдыр естіп тұрған сияқтымын. Кім екенін білгілерің келе ме?

Залға түлкі келеді:

Мен түлкімін күлкілі,

Кім білмейді түлкіні.

Алдамаймын ешкімді,

Алтынданған күз күні.

Жүргізуші: Қу түлкі, сіздің бізге келгеніңіз қандай жақсы болды! Біздің балалар сізге ән айтып бергісі келіп тұр.

Түлкі: сендер сондай кішкентайсыңдар, ән айта аласыңдар ма?

Ән: «Күз тамаша» әнін айтып береді.

Түлкі: Ой, жарайсыңдар, кішкентайлар!

Тәрбиеші: Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырам, тыңдаңдар:

Менің атым ұзынқұлақ

Ылғи түнде жортамын

Қалдырмаймын ізімді

Өте қатты қорқамын.

(қоян)

Залға қоян келеді:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендерде болып жатқан қандай той? Қандай көңілдісіңдер?

Жүргізуші: Сұр қоян, біз бүгін «Сиқырлы күз» мерекесін тойлап жатырмыз.

Қоян: Мен сендерге ойын ойнауға сәбіз алып келдім. Кім көкөністер мен жемістерді ажыратып тез жинайды екен?

Ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат?»

Қоян: Ой, рахмет, балалар!

Түлкі: Сұр қоян, осы сені неге желаяқ деп атайды?

Қоян: Соны да білмейсің бе? Мен өте тез жүгіремін ғой. Сондықтан мен желаяқ атандым.

Түлкі: Ой сұр қоян, мақтанба. Сен менен де тез жүгіре алам деп ойлайсың ба?

Қоян: Әрине, сен менімен жарыссаң жете алмай қаласың.

( Түлкі қоянды қуады, жете алмайды).

Түлкі: Сұр қоян, сен расында жеткізбейді екенсің.

Қоян: Балалар, сендер мен сияқты секіре аласыңдар ма? Олай болса менің қимылымды қайталаңдар. ( Балалар қоянмен бірге билейді)

Би: «Қояндар» биі

Қоян: Рахмет, балалар!

Түлкі: Бүгін біздер ойнадық та

Ән салдық та, биледік

Қоштасатын кез де келді

Біздер енді кетейік.

Қоян: Сау болыңыздар, балалар!

Тәрбиеші: Күз ханшайымы біздің балалар сізбен бірге ән орындағысы келіп тұр.

Ән: «Күзгі вальс»

Тәрбиеші:  «Айбала» балабақшасының меңгерушісі Шынар Харахатқызына сөз кезегін береміз.

Күз ханшайымы балаларға алмалар үйлестіреді.Балалар күзге рахметін айтып қоштасады.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер,осыменен «сиқырлы күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!