Материалдар / Ертеңгілік "Сиқырлы күз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік "Сиқырлы күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2021
368
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

I-кіші «Раушан» тобы

Ертеңгілік

Тақырыбы: «Сиқырлы күз»


Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.


Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар,әріптестер, және осы бөбекжайдың кішкене бүлдіршіндері! «Сиқырлы күз» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Балалар, біздер күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қарайықшы. Жапырақтары сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен?! Солай ма, балалар? Ал орманды кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?

Балалар: Сиқырлы күз әдеміледі.

Жүргізуші: Дұрыс балалар.

Тыңдаңдаршы, жел соғып жатыр. Қане, бәріміз желмен бірге үрлейік. (Үф –ф... үрлейді)

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, желмен бірге бізге не келе жатыр? (тыңдайды)

Әдемі әтеш

Таң атпай тұрыпты

Ойқастап жүріпті

Жан – жаққа қарапты

Айдарын тарапты, - бізге келе жатқан не екен?

Залға әтеш кіреді: Сәлеметсіздер ме балапандар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер?! Мен сендерге қонаққа келдім.

Жүргізуші: Қош келдің! Біз Алтын күзді тойлап жатырмыз. Бізбен бірге тойла.

Әтеш: Рахмет! Балалар, сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме?

- Иә, білеміз!

Әтеш: Өте жақсы. Жаңбырдың балалар, өте жай, кішкене түрі болады. Оны салу үшін қолымызды жай шапалақтаймыз (балалар қолдарын жай соғады, әуен жай ойнайды). Сонымен қатар үлкен, қатты жаңбырлар да болады ( балалар қолды қаттырақ, тезірек соғады,әуеннің дауысы қатты шығады).

«Қандай жаңбыр» ойыны ойналады.

(Әтеш басқарады: «Жай жаңбыр» дегенде қолды жай соғады. «Қатты жаңбыр» дегенде қолды қаттырақ соғады.)

Әтеш: Тамаша, балалар!Ал, балалар, сендер өте өнерлі балаларға ұқсайсыңдар.



Ән: «Көңілді сылдырмақтар» орындайтын хор. «Алтын күз»

Балалар әнді қимылмен жасайды.

Жүргізуші: Сары әтеш, біз жаңбыр жауғанда саңырау құлақтардың үлкен болып өсетінін білеміз. Саңырауқұлақ болып би де билейміз. көргіңіз келе ме?

Әтеш: Әрине.

Би: «Саңырауқұлақтар»


Әтеш: Ой, балалар,қандай тамаша биледіңдер, сендермен уақыт өте көңілді өтті. Рахмет сендерге балалар! Мен енді достарыма кетейін. Сендердің қандай ақылды, көңілді екендеріңді айтайын. Сау болыңдар балалар.

Жүргізуші: Балалар, мен бір сыбдыр естіп тұрған сияқтымын. Кім екенін білгілерің келе ме?

Залға түлкі келеді:

Мен түлкімін күлкілі,

Кім білмейді түлкіні.

Алдамаймын ешкімді,

Алтынданған күз күні.

Жүргізуші: Қу түлкі, сіздің бізге келгеніңіз қандай жақсы болды. Біз күз мерекесін тойлап жатырмыз.

Түлкі: Сәлеметсіздерме балалар, мерекелерің құтты болсын. Мен осы қоянды аңдып келе жатыр едім жоқ болып кетті. Көрген жоқсыңдарма?

Балалар: жоқ.

Жүргізуші: Жоқ көрмедік. Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырам, тыңдаңдар:

Менің атым ұзынқұлақ

Ылғи түнде жортамын

Қалдырмаймын ізімді

Өте қатты қорқамын.

(қоян)

Залға қоян келеді:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендерде болып жатқан қандай той? Қандай көңілдісіңдер?

Жүргізуші: Сұр қоян, біз бүгін «Алтын күз» мерекесін тойлап жатырмыз.

Қоян: Мен сендерге ойын ойнауға сәбіз алып келдім. Кім көкөністер мен жемістерді ажыратып тез жинайды екен?

Ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат?»

Қоян: Ой, рахмет, балалар!

Түлкі: Сұр қоян, осы сені неге желаяқ деп атайды?

Қоян: Соны да білмейсің бе? Мен өте тез жүгіремін ғой. Сондықтан мен желаяқ атандым.

Түлкі: Ой сұр қоян, мақтанба. Сен менен де тез жүгіре алам деп ойлайсың ба?

Қоян: Әрине, сен менімен жарыссаң жете алмай қаласың.

( Түлкі қоянды қуады, жете алмайды).

Түлкі: Сұр қоян, сен расында жеткізбейді екенсің.

Қоян: Балалар, сендер мен сияқты секіре аласыңдар ма? Олай болса менің қимылымды қайталаңдар. ( Балалар қоянмен бірге билейді)

Қоян: Рахмет, балалар!

Түлкі: Бүгін біздер ойнадық та

Ән салдық та, биледік

Қоштасатын кез де келді

Біздер енді кетейік.

Қоян: Сау болыңыздар, балалар!

Жүргізуші: Балалар, бүгін бізге әтеш те, қоян да, түлкі де келді. Ал сиқырлы күз болса әлі жоқ. Біздер «Күз» ән шумақтарын орындап, сиқырлы күзді ортаға шақырайық.

«Кел бізге Алтын күз» балалар өлең шумақтарын хормен айтады.

Алтын күз,

Алтын күз,

Келші менің далама.

Алтын күз,

Алтын күз,

Келші біздің бақшаға.

Залға күз кіреді:

Сәлем, өрен достарым

Алақанды тос бәрің

Қымбатты сый алыңдар,

Қызығыма қаныңдар.

Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер,

Кел, күз тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық!

Сәлеметсіздер ме, балалар! Дауыстарың қандай әдемі! Сендер мен туралы әндетіп жатырсыңдар ма? Мереке басы ән болар, береке басы дән болар,- дейді халқымыз. Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларды алтын дәнге толтырдым. Сондықтан халық мені «Жомарт күз» , - деп те атайды.

Жүргізуші: Балалар, біздер күзге арнап өзіміздің тақпақтарымызды айтып берейік. Жомарт күздің бізге берер сыйлығы бар. Алтын күз, біздің қыздарымыз сізбен бірге «Жапырақтар» биін билегісі келіп тұр.

Күз: жақсы билесек билейік.

Би: «Жапырақтар»

Хор: «Күз жомарт »


Жүргізуші: Күз арқылы білеміз

Жомарттықтың салтын біз

Біз өзіңді сүйеміз,

Балалар: Рахмет саған алтын күз!

Күз ханшайымы балаларға алмалар үйлестіреді.Балалар күзге рахметін айтып қоштасады.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер,осыменен «сиқырлы күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар!

































МКҚК «Гүлдер» бөбекжайы








I-кіші «Раушан» тобы

Ертеңгілік

Тақырыбы: «Сиқырлы күз»









Дайындаған: Хамзина А.М








С.Ашутасты 2019 жыл












Ән: «Көңілді сылдырмақтар» орындайтын хор. «Алтын күз»


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!