Тақырыбы: « Жаңа жыл, жаңа
нұр»
Мақсаты: Балалардың Жаңа жыл мерекесі
туралы түсініктерін қалыптастыру,мерекелік көңіл күй ортасын
ұйымдастыру,хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын
қызығушылықпен,ырғақты сақтай орындауға тәрбиелеу,жаңа жылды
татулықпен ,достықпен бірге қарсы алып,көңілді өткізуге
баулу.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар,
ата-аналар және ұжымдастар бүгінгі жаңа жыл мерекесіне арналған
«Жаңа жыл,жаңа нұр» атты ертенгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер! Олай болса ортаға №3 «Балапан тобының бүлдіршіндерін
қарсы алайық.
Жүргізуші: Қандай жақсы
шыршамыз,
Ән шырқайық
бәріміз.
Тақпақ айтып, би
билеп,
Жаңа жылды
бастайық.
-Балалар, бүгін біз жаңа жылды
қарсы алуға жиналдық. Олай болса бәріміз бірге ән
салайық.
Ән:
«Тамаша»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар әнді өте
жақсы орындадыңдар. Балалар біздің ортамызда не
тұр?
Балалар:
Шырша.
Жүргізуші: Шыршамыз неткен
әдемі, ойыншықтары да көп екен. Ендеше, шырша туралы
тақпақтарымызды айтайық:
Н.
Асылхан
Жасыл шырша
төрдегі
Дейді бәрі көр
мені
Неткен әсем
құлпырып
Ойыншықтары тұр
тұнып.
Шамшия:
Қуантып
енді
Жаңа жыл
келді.
Ерасыл:
Тамаша,
тамаша
Шыршамыз тұр
жараса
Басында әсем
жұлдызы
Көз тоймайды
қараса.
Әлия:
Жасыл желек
жамылған
Асыл моншақ
тағылған
Міне сұлу
шыршамыз
Коптен күткен
сағынған.
( Музыка әуенімен шыршаның
артынан секіріп қоян шығады)
Қоян: Балалар көмектесіңдерші, мені
қасқыр қуып келе жатыр (шыршаның артына
тығылады.)
Қасқыр жүгіріп
кіреді: Қайда әлгі қоян маған тез
тауып беріңдер оны,қайда тығып қойдыңдар?
О,о,о мынау не, бұл жерде не
болып жатыр, а, мен неге білмеймін?
Әдемілеп
тізілген
Қауын –қарбызба
ілінген?
Балалар: Жоқ,
ойыншықтар.
Жүргізуші:Қане қасқыр біз сенімен
келісіп алайық,біз саған коянды тауып береміз,ал сен
татулассаң,бізбен бірге жаңа жылды қарсы
аласың.
Қасқыр: Жарайды тезірек тауып
беріңдер,жаңа жылда татуласайық,дос
болайық.
Қоян,
қасқыр: Қоян мен қасқыр
татуласады.
( музыка әуенімен түлкі
келеді.)
Түлкі: Қоянжанға бір
сәлем,
Қасқыр жанға бір сәлем
–дейді.
Бәрі бірге жаңа жыл құтты
болсын, достығымыз мықты болсын дейді.
Қоян: Балалар мен сендерге би алып
келдім, менімен билегілерің келе ме?
Балалар: Ия
Қоян: Олай болса көжектерім ортаға
келіңдер.
Би: Қояндар.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ендігі
кезекті тақпақтарымызға берейік:
Мирас:
Сақалы аппақ
күмістей
Тістері аппақ
күріштей
Қызыл ала
шапаны
Сағындым
аязатаны.
Сабыржан:
Келді Аяз
атамыз.
Қасында Ақша қары
бар
Қызыққа әбден
батамыз.
Қарсы алайық
баршамыз.
Әмірхан:
Аяз ата
келді
Тамашаны
көрді,
Риза болып
қуанып
Бізге сыйлық
берді.
Сымбат:
Шырша,
шырша
Шамдарыңды
жарқырат
Би
билейміз,айнала.
Балаларды
таңырқат
Жүргізуші:Балалар енді ортамызға кім
жетіспей тұр?
Балалар: Аяз ата мен
Ақшақар
Жүргізуші:Аяз ата мен Ақшақарды
шакырайық балалар?
Балалар:Аяз
ата,Ақшақар.
Аяз
Ата:Амансыңдарма
ұлдарым,амансыңдарма Қыздарым жаңа жыл мерекелерің құтты болсын
!
Ақшақар: Сәлеметсіздерме балалар,жаңа
жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер
маңлайды,
Ақшақармын
арайлы.
Жалт жұлт еткен
жүзімнен,
Күміс сәуле
тарайды.
Ақшақар: Балалар біз аяз ата екеуміз
келе жатып әдемі әуен естідік, сіздерде мереке болып жатыр
екен.
Жүргізуші: Қошкелдіңіздер,Аяз ата,Ақшақар
бүгін біз жаңа жыл мерекесі.Біздің қонағымыз болып балалардың
өнерлерін тамашалаңыздар.
Аяз
ата: Қарашы қандай әдемі шырша
ойыншықтары көп екен.
Жүргізуші: Аяз ата бідің шыршамыз
көңілсіз болып тұр.Шырша шамдарын жағуға
көмектесіңізші.
Аяз ата:Қуант бізді
таңырқат,
Шамдарыңды
жарқырат.
Жүргізуші: Балалар енді Аяз атаға
арналған тапақтарымызды айтайық.
Нұрғалым:
Көрдің бе Аяз
атаны
Аппақ екен
сақалы,
Аппақ екен мұрты
да,
Аппақ екен
шапаны.
Абдурохим:
Келіп Аяз
атамыз
Жылды
тойлап
Билеп
ойнап,
Көп қызыққа
батамыз.
А.Айзере:Ақ қырауға
малынған
Сақалы да мұрты
да
Аяз ата
сағынған,
Сәлем берді
жұртына.
Сағын:
Жаңа жыл,жаңа
жыл,
Жаңа жылда жаңа
жыр,
Жасыл шырша
жанында
Билеп барлық бала
жүр.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар өте
тамаша. Ал ендеше балалар ойын ойнайық.
Ойын: «Кім
жылдам»
Шарты: Қыс киімдерін дұрыс және
жылдам кійу.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар өте
тамаша.
Әуеледі
әніміз.
Жаңа кірді
сәніміз
Ортаға шығып
айнала
Би билейік
бәріміз-деп
Келесі кезекті топ балдарының
биіне береміз.
Би: «Микки
маус»
Жүргізуші: Аяз ата біздің
балаларымыздың сіздерге арналған орыс тілінде тақпақтары бар.
Кезекті тақпақтарға берейік.
Асылхан:
Наша
ёлка
высока,
Наша
ёлка велика
Выше мамы,выше папы
Достаёт до потолка.
Дарын:
Скоро,скоро Новый
год
Скоро дед Мороз
придёт
Нам подарки
принесёт.
Жүргізуші: Жарайсыңдар
балалар, ал ендеше ескі жыл есірке,жаңа жыл жаңырқа деп ескі жылмен
жаңа жылды шақырамыз.
Мешін: Сәлеметсіңдерме балалар!
Сендердің киімдерің қандай әдемі. Мен ескі жыл мешін боламын.
Сендерге молшылық,бақыт әкелдім. Менің келер жылға айтар тілегім
аспанымыз ашық болсын, Қазақстанымыз коркейе берсін. Енді мен
келесі жыл бастауын тауыққа беремін. Мен сендермен қоштасамын. Сау
болыңыздар.
Тауық: Сәлеметсіңдерме балалар,
кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым,кешігем ба деп қатты
қорықтым,жүгірдім. Жаңа жыл мерекесі құтты
болсын!
Жүргізуші: Қош келдің жаңа
жыл!
Аяз
ата: Айналайын жаңа жыл,келген
қадамыңа нұр бітсін! Мынау балаларым мен қыздарым саған аманат.
Жақсы жыл бол.
Жүргізуші: Ендігі кезекті биге
берейік.
Би: «Шырша.»
Жургізуші: Балалар тақпақтарымызды
айтайық.
Алуа:
Шыршамыз,шыршамыз.
Көңілдіміз
баршамыз
Ән салуға,би
билеуге
Біз дайынбыз
баршамыз.
Бекарыс:
Бар баланың
қонағы
Төрлет ата
жоғары,
Жұрттың бәрі
атадай
Қашан мырза
болады.
Абдул-Азиз:
Далада қар
борайды,
Ақ мамыққа
орайды
Мұз болады
қатады,
Жып жылтыр боп
жатады.
Альмира:
Жаңа жыл,жаңа
жыл
Сені күттім
елеңдеп,
Өзіменен
ілесіп.
Аяз ата келер
деп.
Жүргізуші: ендігі кезекті ата-аналармен
ойынға береміз.
Ойын: «Қағаздан шырша
құрастыру.»
Шарты: Ақ қағазға , жасыл қағаздан
шырша қиып құрастырып,жапсыру.
Жүргізуші: Кәне балалар
тақпақтарымызды жалғастырайық:
Інжу:
Келіңдер,келіңдер
Тақпақ айтып
беріңдер,
Жомарт Аяз
атадан.
Сыйлық алып
көріңдер.
Мұстафа:
Орманның бар
аңдары
Бүгін бізде
қонақта
Балалармен би
билеп,
Қуанады
шаттана.
Қ.
Айзере:
Шырша,шырша
Қуаныш
баршаға
Көңілді
шыршамыз,
Жарқыра,
жарқыра.
Әбілмансұр:
Төрле, төрле жаңа
жыл,
Айтамыз біз жаңа
жыр,
Төрле, төрле құтты
жыл,
Әр кез жүрші төгіп
нұр.
А.
Асылхан:
Кел жаңа жыл жаңа
жыл,
Қарсы аламыз біз
сені,
Ақ көңілмен,ақ
пейілмен.
Баршамыздың
төрінде.
Жүргізуші: Балалар енді
бәріміз бірге ән айтайық.
Ән « Сәлеметпе Аяз
ата!»
Аяз
ата: Ал балаларым сендер өте өнерлі
балалар екенсіңдер, талаптарыңа нұр жаусын!Мен сендерге құр келген
жоқпын сыйлық ала келдім.Бізді тағы сендер сияқты балалар күтіп
отыр соларды да қуантайық.
Жүргізуші: Аяз ата,Ақшақар
барар жерлеріңіз көп сияқты,сау
болыңыздар!
Балалар: Сау
болыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті
ата-аналар, ұжымдастар мерекемізбен құттықтап келгеніңізге
рахмет.Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз.