Тәрбиенің алғашқы негізі отбасында қаланып,балабақшада әрі қарай жалғасын табады.Халқымыздың даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты балада» деген екен.Сондықтан баланы тәрбиелеу,дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның тығыз байланысы болуы маңызды.Осы орайда «Ер Төстік» балабақшасында 1-Қыркүйектен 1-қазан айының аралығында Білім күніне,Тіл мерекесіне, Қарттар және ұстаздар күніне ертеңгіліктер,ашық тәрбие сағаттары іс-шаралары өткізілді.
Тіл мерекесіне арналған ертеңгілік
Ертеңгілік «Тіл менің тірегім».
Шаттық шеңбер
Білер қазақ баласы.
Сәлем сөзің анасы
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Тәрбиеші: Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Тілмерекесіне орай өткізгелі отырған «Балдырған» тобының мерекелік тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Сұрақ- жауап.
1. Біздің Елбасымыз кім?
2. Біздің бас қаламыз қалай аталады?
3.Бізідің ұлтымыз қандай?
Ғажайып сәт:Балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане, бәріміз қошеметтеп қарсы алайық.
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Сәлеметсіз бе Ана тілі . Ана тілі жоғары шығыңыз
Ана тілі : -Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен Ана тілімін! Cендердің балабақшаларыңда Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім! Бұл білімді балалар жиналыпты ғой! Қандай керемет десеңші! Бәрі бір-бірімен тату-тәтті!
Сәлеметсізбе Ана тілі! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз!
Біздің Тіл мерекемізге балалар құр келмей өз өнерлерін ала келіпті

Ана тілің біліп
қой,
Еркіндігің,
теңдігің.
Ана тілің біліп
қой, Аружан
Мақтанышың,
елдігің.
Ана тілің –
арың бұл,
Ұятың боп тұр
бетте. Айсана
Өзге тілдің
бәрін біл,
Өз тіліңді
құрметте!
Ана тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Тілім өссе менде бірге өсемін Мөлдір
Тілім өшсе менде бірге өшемін
Ана тілім ұраным,
Ана тілім құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді, жыр әнім Інжу
Ана тілім – елдігім
Ана тілім- ерлігім.
Ана тілім болмаса, Ерали
Бүтінделмес кемдігім.
Ана тілін білмеген Дарын
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін білмеген
Халқын сүйіп жарытпас.
Өсірген ой білімді.
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөзің
Мәнің терең білуді. Мұхамет
Ана тілім бал тілім Інжу
Өзің барда шалқыдым
Өз тілімде ән шырқап
Термелетіп балқыдым.
Даламыздың үні деп
Ана тілін
Ана тілін
Ана тілін сүйеміз. Исмар.
Сергіту сәті:
Көктудың желбірегені -
жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес, маған керегі-
Көктудың желбірегені.
Ойынның аты: Арқан тарту.
Ойынның шарты: Екі топқа бөлініп күш сынасып көрейік. /6-6 баладан
таңдап алады/

Ән: Анамның тілі.

Ана тілі: Балалар әрдайым осындай тату дос болып, өз тілдеріңді құрметтеңдер. Осындай өнерлеріңе тамсанып қуанып кетіп барамын.
Келесі кездескенше сау болыңдар!
Осымен құрметті қонақтар, балалар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ертеңгілігімізаяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз
«Балдырған »естиярлар тобы
Тәрбиеші:Калиева У.Б.
Тақырыбы: Ана тілім –
ардағым!
Мақсаты:
1. Балаларды өз ана тілінің
қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз
құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін
нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы бала дүниетанымын, ой өрісін
дамыту.
мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, үнтаспа,
суреттер.
Амандасу
Біз
әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Қазақстан Республикасының - гимны
орындалады.
Жүректен жүрекке шеңбері. Тілек
айту.
Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.
Қазақстан Республикасының
Туы.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Гимн.
Қазақстан теңгесі –
Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасы.
Қазақстан - 2050 Барлық
Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының
артуы.
Ел Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауы
Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр.
Ата-аналармен әр түрлі шараларды ұйымдастырудағы мақсат міндетіміз балалардың бүгінгі жасаған қадамы,ертеңгі тұлға болып қалыптасуына үлкен әсерін беретінін ұғындыру.Бұл тұрғыда әрбір педагог өз ісіне жауапкершілікпен қарап,ел болашағының саналы азамат болып өсуіне бойымыздағы бар асыл қасиетіміз бен білімімізді арнасақ болғаны.

Елордамыз – Астана
қаласы.
Бүгінгі Астана – Қазақстан тарихи жеңістерінің
белгісі.
Елбасы Жарлығымен 1997
жылдың 11 шілдесінде
Тіл туралы Заңы бекітілген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі
болды.
Келген жыл елдің басшылығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлау жылы деп жарияланды.
Сергіту сәті.Видео ролик арқылы қимыл қозғалыс арқылы жасау.

Тәрбиеші сөзі:
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев
ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі,
құдіретті.
"Тіл – біздің
тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз.
Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс.
Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал
борышы.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де
қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда
мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Тіл – таусылмайтын байлық.
Тақпақтар
1.Исатай :Сүйесің өз
тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді
2.Салтанат:Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.

3.Нұрали:Ақыл-ойын
дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
4.Айару:Жанымнан қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзден тыңдап
Үлгі өнеге алам
5.Бағдаулет:Туған тілім-бабам тілім өз тілім,
Туған тілім –анам тілім-өз тілім,
Туған тілім –далам тілім-өз тілім,
Туған тілім –адам тілім –өз тілім.

Ойын «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер
1. Бас кеспек болса да,
..... (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6.Тіл - адам ойының ... (айнасы)
7. Тіл қылыштан... (өткір)
8.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)
11. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)
12. Бал тамған тілден ... тамар (у)
13. Көп сөз - ... (бос сөз)
14. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
16.Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)
Жүректен жүрекке
шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Бізді жақтап отырған
Сіздерге де мың алғыс!
Осымен «Ана тілім ардағым»
атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
Көп рахмет!

Біз
балдырған тең басқан
Дос құшағын
кең ашқан
Тілегіміз
тыныштық
Ашық болсын
кең аспан
Мықты болсын
іргеміз бәрімізде біргеміз!
Би: «Қазақ биі»
Қарақат: Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Ана тілі : Өнерлерің үстем болсын балалар! Балалар сендер тілге байланысты мақал-
мәтел білесіңдер ме? Қане кім айтады?
: Сөз асылы – мақал.
Шешеннің тілі артық.
Шебердің қолы артық.
. Жақсы сөз – жарым ырыс.
Мансур. Тіл тас жарады.-
Тас жармаса бас жарады.
Айгөлек тобы
Үржар ауданы әкімдігінің «Ер Төстік»
балабақшасы КМҚК-ның әдіскері Скакова Қырмызы Қамбарқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік "Тілім менің тірегім!"

шағым қалдыра аласыз