«Ұстазым
менің ,ұстазым» ертеңгілігі. 3.10.2018 жыл.
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жүргізе білуге
машықтандыру және келешек өмірлерінде
әр нәрсеге жауапкершілікпен қарауға,
өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен ұстаздарына
деген құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай
білуге тәрбиелеу.
Безендендіру:
Шарлар,
тақырыптық плакат, гүл, құттықтау плакаты, ұлағатты
сөздер.
Құрметті
ұстаздар! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен
құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін
нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім
алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен
мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының
бағбаны»…
Иə, бұл мектеп мұғалімі
— ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра
берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі
мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге
сəттілік тілейміз.
Енді сіздерге арналған жыр шумақтарына кезек
береміз.
1.Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
2. Ұстаз деген – жарық
күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
3.Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
4.Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
5.Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
6.Ұстаз болу – жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің
ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің
күн шуағы,
Азбайтұғын адамның
алтындығы –
7. Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады,
Көңілді күндер тусын
алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен,
түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге
арналады.
Ән «Оқуда озат боламын» орындайтын Асқар
Сезім
8. Күллі өмірін
жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша
жан
Ол мектептен шықпаса да қыс-
жазы,
Жемісі оның жердің жүзін
шарлаған
Бала десе ойламайды өз
қамын
Керсем дейді күнге де кол
созғанын
Шәкірттерін өзінен де
озғанын.
9.Ұстаздар! Қандай
ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік
алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр
сыйлаған,
Күндей
боп күлімдеген жарықсыздар.
10.Әр сабағың өтіп жатыр
білінбей,
Перне басқан
оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне
жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер
боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің
сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер
болып құйылып
Қас-қабағын қалт
жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр
жүзіне сүйсініп
11.Жалын атып, от боп, бірге
жанасың,
Білім беріп, содан
бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп
баламен,
Жасарып бір мәңгі жас
боп қаласың.
12. Мұғалімді анамдай жақсы
көрем,
Қиналамын қымбат
теңеу таба алмай
Өз баласын тастап
кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады,
апырай.
Мұғалімді жақсы көрем
сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі
сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін
танимын,
Көкіректе көретұғын
көзім бар.
13.Мұғалім-ұстазысың
балалардың,
Болашақ ғалымдардың,
даналардың
Өмірде сенің алар
орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас
бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан
талай бала,
Бойына құйдың ақыл ,
ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық
еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші,
болдың аға
14.Атағым Алатаудай болып
биік,
Тұрса да төбем өсіп
көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда
тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!»
деп басымды иіп.
15. Табан тіреп төзгенсің қанша
ауырға
Тарап демде кетеді
шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын
жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың
қоршауында
Қиындықта кезіксең
көп асу да
Қанша терің төгіліп
жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы
болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы
боласың да!
16.Жақсы
жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік
ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң
секілді
Тәрбиелейді балапандай
жасыңнан
17.Ұстаз мейірі-Ана мейірімі
пара-пар,
Тұла бойға қуат болып
таралар
Көп жасаңдар бұл
өмірде шуақ боп,
Айналайын білім
берген ұстаздар.
18.Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай,
шуағым
Арманым қонса,
қолыма,
Арқаң деп сенің
ұғамын
Мұғалім, ғазиз
мұғалім-
Сарқылса мәңгі
бұлағым
Ұланың бүгін
тойыңда
Арнайды саған бұл
әнін.
19.Білдіріп шәкірттердің ақ
ниетін,
Ұстаздың алып жүрген
атын еркін
Біз сізге өлеңнен
өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен
рақметін.
20. Қадіріңді
кезінде
Білмепті ғой
ұланың.
Қазір әрбір
сөзіңе,
Елеңдейді
құлағым.
Бірдей етіп
ұстадың.
Демей бізге
бөтенсің.
Кейде акылын
ұстаздың,
Сағынады
екенсің.
Сол ұстазға жаны
нұр,
Демек үлкен
адаммын
Ән «Ұстаз-ана» орындайтын Болат
Гүлден
Мұғалім:
Осымен «Ұстазым менің
,ұстазым» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне
жетті. Сіздерді тағы да
ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!