Есеп

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен сабақтың мақсатын «оқушылардың тарихи оқиғалардың себеп-салдарын талдау арқылы ұжымдастыру саясатының салдарын бағалау және соның негізінде тарихи аргументация мен сыни ойлау дағдыларын дамыту» деп алдым. Осы мақсатты ұштастыру үшін сабақты бірнеше әдіспен жоспарлап, оқушылардың талдау, бағалау және салыстыру сияқты маңызды қабілеттерін дамытуға басымдық бердім. Сабақты жоспарлау – мұғалімнің ең көп уақытын алатын және аса мұқияттылықты қажет ететін кезең. Осы кезде кәсіби даму мақсатым мен оқу мақсаттарын өзара үйлесімді байланыстыруды көздедім. Сонымен қатар, оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау, уақытты тиімді пайдалану, олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру және білімдерін толық көрсетуге арналған жағдаяттар дайындау секілді мәселелерге мән бердім. Жалпы, сыртқы жиынтық бағалау кезінде оқушылардың дерекпен жұмыс істеу дағдыларын арттыруды көздей отырып, 9-сыныпты таңдауымның да себебі – осы сыныптағы зерттеу жүргізу арқылы өз іс-тәжірибемді одан әр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабағымның мақсатын «оқушылардың тарихи оқиғалардың себеп-салдарын талдау арқылы ұжымдастыру саясатының салдарын бағалау және оның негізінде тарихи аргументация мен сыни ойлау дағдыларын дамыту» деп алдым.

Осы екі мақсатқа қол жеткізу үшін мен оқушылардың талдау, бағалау және салыстыру сияқты маңызды дағдыларын дамытуға баса назар аудара отырып, сабақ өткізудің жоспарын ойластырдым.

Оқушыларымның сыртқы жиынтық бағалау кезінде деректермен жұмыс істеу дағдыларын қалай жетілдіре алатынын болжай отырып, зерттеу жүргізу арқылы өз тәжірибемді дамыту үшін 9 сыныппен жұмыс істеуді ұйғардым.

Сабақты жоспарлау – мұғалімнің көп уақытын алатын және ерекше назар аударуды қажет ететін жауапты кезең. Осы кезеңде мен өзімнің кәсіби даму мақсатым мен оқу мақсаттарын өзара үйлесімді байланыстыруды көздедім. Оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оқу уақытын тиімді пайдалануға, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды әзірлеуге, сондай-ақ білімді толық қанды меңгеруге ықпал ететін орта құруға ерекше назар аудардым.

Мен оқу процессінде қандай деректердің пайдалану керектігіне ерекше назар аудардым. Себебі оқушылар өздерінің қолындағы ақпаратты ұғыну және себептерді жүйелі түрде түсіну үшін сыни оқу стратегиясына негізделген нақты, мұқият пысықталған материалдар қажет. Оқушылардың ІЖБ мен БЖБ нәтижелері саралау арқылы жасырын дифференциация жүргізуге мүмкіндік туды. Топтарды қалыптастыру кезінде мектеп психологтары жүргізген темпераменттерді талдауға негізделе отырып, олардың әрқайсының ішінде үйлесімді қарым-қатынаспен және өзара қолдауды қамтамасыз етуге тырыстым.

Пән аралық байланыс – жоспарлаудағы маңызды құрамдас бөлігі болып есептеледі. Оқушылар өзге пәндерден алған білімін тарих сабағында қолдана алғанда, олардың танымдық көкжиегі кеңейтіліп, тақырып туралы толық түсінік алуға мүмкіндік береді. Мысалы, 9 сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша «Отандық үлгі болуға лайық тұлғалар» бөлімін осы сабақ кезінде қозғалған тақырыппен байланыстыруға болады. Себебі ұжымдастыру кезеңінде ел ішінен шыққан тұлғалардың рөлі мен ұстанымдары туралы жан-жақты түсінік қалыптастыруға және зерделеуге жол ашылады.

Ал 8 сыныпта география пәніндегі «Демографиялық саясат» тақырыбы ұжымдастырудың демографиялық салдарын түсіну үшін қажет. Атап айтқанда, демографиялық көрсеткіштерге ұжымдастырудан кейінгі аштық, жұт, халықтың жаппай көшу-қону және осы кезенде болған экономикалық және әлеуметтік өзгерістер сияқты оқиғалар қалай әсер еткеніне нақты мысалдар келтіре алады.

Тапсырмалардың саны мен сапасын өзімнің кәсіби мақсатыммен байланыстырдым. Оқушылар тарихи оқиғалардың себептері мен салдарын бірлесіп зерттеп, қажетті мәліметтерді пайдалана алуы үшін тапсырмаларды екі деңгейге бөлдім. Мен тақырыптың негізгі мазмұнын ашып, өзімнің кәсіби мақсатыма қол жеткізудің нәтижелерін қадағалауға тырыстым. Ол үшін мен сабақтың басында және соңында екі тапсырма және сабақтың ортасына екі тапсырма орындатуды жоспарладым.

Сабақтың басында “Мұз жару” стратегиясы арқылы өткен сабақтармен байланыс жүргізіп, жаңа тақырыптағы оқиғалардың өзара сабақтастығын көрсеткім келеді. Ол үшін “Wordwall” платформасында логикалық тізбекпен байланыстыру керек сөздерді дайындадым. Сөздерді байланыстыру арқылы оқушылар оларды “Кеңестік ұрандар” және “Ұлт зиялыларының ұстанымдары” деп екіге бөледі. Бұл тәсіл оқушыларға оқытудың басты мақсаттарына назар аударуға көмектеседі.

Сабақ соңында “Колесо фортуны” әдісі бойынша алты түске бөлінген алты сұрақты дайындап кері байланыс алуды жоспарладым. Оқушылар дөңгелекті айналдырып, “тоқта” деген сәтте түскен түске сәйкес сұраққа жауап береді. Мұндағы сұрақтардың барлығы бірдей күрделілік деңгейінде құрастырылған. Оқушыларды таңдау үшін жасырын дифференциацияны қолданып, “Classroomcreen” платформасындағы рандомайзерді пайдаланғым келді. Себебі платформа тек алдын ала таңдалған оқушылардың есімдерін енгізуге мүмкіндік береді.

Сабақ ортасындағы тапсырмада мен топтарға өткен тарихи кезеңдердегі оқиғаларды, ағымдағы тақырыптың өзектілігін және оның болашаққа әсерін жүйелі түрде зерттеуді ұсынамын. Біз оқулықтың деректеріне негізделген “Дейін, қазір, кейін” әдісін қолданатын боламзы.

Бұл тәсіл оқушыларға өздерінің бұрынғы білімдерін жаңа ақпаратпен салыстыруға, тарихи оқиғалардың себептері мен салдарын анықтауға және өз ойларын дәлелдеуге көмектеседі. Тапсырманы орындау барысында белгіленген топтар “дейінгі” оқиғалармен, ал келесі топтар “кейінгі” оқиғалармен жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар келесі тапсырма ретінде қазақ ауылының ұжымдастыруға дейінгі және одан кейінгі жағдайын әртүрлі көзқарастармен салыстыру үшін арнайы кесте толтыруды ұсынамын. Бұл тапсырма оқушылар “бұрынғы білім мен жаңадан алынған ақпараттарды” ұштастырып, жаңа синтезделген ой қалыптастыруға ұмтылады. Осыны жүзеге асыру үшін, алдыңғы тапсырмада бірдей жұмыс орындамаған оқушыларды жұпқа біріктіріп, өзара тәжірибе алмасуға жағдай жасаймын. Кестені толтыру барысында алдын-ала әзірленген сөздер жиынтығы беріліп, онда жасырын дифференциация қолданылатын болады: бірқатар сөздерді міндетті түрде қолдануы қажет болса, келесі бір сөздерді өз қалауынша қолдануға мүмкіндік беремін. Бұл әрбір оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып, шығармашылық және сыни дағдыларын дамытуға ықпал етеді.





Сабақтың басында мен ІЖБ мен БЖБ нәтижелерін саралап, жасырын дифференциация негізінде оқушыларды алты топқа бөлдім. Топтастыру кезінде әр топтағы оқушылардың үлгерім пайызы бірдей болуына ерекше назар аудардым. Мұндай тәсіл білім деңгейі бірдей оқушыларға бір-бірімен ынтымақтаса отырып, өз білімін толық ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әдетте үлгерімі жоғары сыныптастарының көлеңкесінде қалып қоюға бейім келетін кейбір оқушылар осындай топтық жұмыс аясында өз белсенділіктерін көрсете алады.

Сабақтың басында “Мұз жару” әдісі қолданылды. Бұл тапсырмада оқушылар түрлі сөздер жазылған платформада жұмыс істеді. Олар берілген сөздерді логикалық тұрғыда байланыстыру арқылы ұрандар мен ұстанымдарды анықтады. Ұрандар мен ұстанымдардч құрастырып болған соң, олар топ ішінде осы ұрандар мен ұстанымдардың кімге бағытталып, қандай мақсатта немесе қандай саяси ұстаным аясында айтылғанын талқылады. Мысалы, «Кулак пен байларды қатал қыспаққа алайық!”, “Кулакпен күресте колхоздар құрыңдар!” деген секілді ұрандар айтылды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.03.2025
330
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі