Есеп шығару. 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есеп шығару. 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні мұғалімдеріне керек, 9 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары, дыбыс тақырыбына арналған қайталау сабағы.Материалдың көмегі бұл жаңа мазмұндағы бағытқа арналған сабақ жоспары, болашақта барлық сыныптар жаңа мазмұндағы бағытқа көшетін болғандықтан бұл материал керек болады деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы:Есеп шығару.

мектеп: №23 мектеп-лицей

Күні:

Оқытушының аты-жөні:

Әбен Айжан Өтебайқызы

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

-тербеліс көздерінен дыбыстың пайда болу процесін сипаттау;

-сығылу және ортаны сирету процестері тұрғысынан бойлық дыбыс толқындар табиғатын сипаттау;

-дыбыс толқынды таралуына ортаның қажет екендігін және толқын жылдамдығының әртүрлі ортада әртүрлі екендігін түсіну.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар білуі тиіс: дыбыс ұғымын түсінеді, дыбыстың түрлеріне мысалдар келтіре алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: дыбыс толқындарының жиілігінің,ұзындығының формуласына есептер шығара алады

Барлық оқушылар орындай алады: Жаңғырық тақырыбына арналған есептер шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Дыбыс

Звук

sound

Дыбыс толқындары

звук волны

sound of wave


Тон

Тон

Tone


Тембр

Тембр

Timbre


Шу

Шум

Noise


Реверберация

Реверберация

Reverberation


Резонанс

Резонанс

Resonance


Акустика

Акустика

Acoustics


Камертон

Камертон

Tuning fork


Жаңғырық

Эхо

Echo



Алдыңғы білім

Дыбыс.Дыбыс көздері.Дыбыс сипаттамалары.

Жоспар

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер



Ресурстар



2-минут

Сабақ басында мұғалім:

1. Атмосфералық ортаны қалыптастыру



15-минут











20-минут

1. Үй тапсырмасын пысықтау

1. Дыбыс дегеніміз не?

2. Дыбыс қаттылығы ұғымын қалай түсінесіздер?

3. Дыбыс тоны дегеніміз не?

4. Дыбыс тембрі дегеніміз не?

5. Жаңғырық ұғымына анықтама беріңіз?

6.Музыкалық дыбыстар мен шуға байланысты мысалдар келтіріңіз?

2. Жаңа білімді игеру

1. Дыбыс.

Тербіліс жиілігі 16 Гц-тен 20000 Гц-ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін тудырады. Сондықтан мұндай толқындарды дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар (грек.akustikos-дыбыс деген сөзінен шыққан) деп атайды.Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары толқындар – ультрадыбыстар, 16 Гц-тен төмені – инфрадыбыстар деп аталады. Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды. Кейбір тіршілік иелері 20-30 мың Гц-ке (мысалы, жарқанаттар 21 мың Гц-ке, дельфиндер – 28мың Гц-ке дейінгі тербелістерді) қабылдай алады. Дыбыс таралу үшін дыбыс көзі мен дыбыс қабылдағыш арасында серпімділік қасиеті бар қандай да бір орта болуы тиіс. Ауасы жоқ бостықта дыбыс толқындары тарала алмайды, онда тербелістерді жеткізетін зат бөлшектері жоқ. Әдетте, дыбыс біздің құлағымызға ауа арқылы жетеді. Сонда ауада дыбыс толқындары қалай таралады деген сұрақ туындайды.Алақанымызды аузымызға жақындатып қандай да бір дауысты дыбысты айтайық. Сол кезде белгілі бір мөлшерде шығатын дем алақанымызға әсер етіп, оны сәл қысатынын сеземіз. Бұл біздің дауыс желбезегіміз тудыратын тербелістер өзінің таралу бағытында орта бөлшектерін итереді, сөйтіп, ол жерде ауа тығыздалады. Бұл тығыздалу аймағы сиреу аймағына алмасады. Осындай сиреу мен тығыздалу аймақтары дауыс желбезегі тудыратын тербелістербағытында тарайды. Сонымен, ауада тарайтын дыбыс толқындары серпімді бойлық толқындар болып табылады. Орта бөлшектері толқынның таралу бағытында таралады. Дыбыс барлық ортада тарала алады. Қарапайым бақылаулар дыбыс әр түрлі ортадабелгілібір жылдамдықпен таралатынын көрсетеді. Алайда оның таралу жылдамдығы зат бөлшектері бір – бірімен күштірек байланысқан орталарда деформациясы кезінде туындайтын серпімділік күштері де көбірек болады. Төмендегі 1-кестеде әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығы туралы мәліметтер берілген. Кестеден көрініп тұрғандай, суда дыбыс ауадағыға қарағанда, шамамен 4,5 есе тез тарайды.қатты денелерде дыбыс одан да жылдамырақ, мысалы,темірде 6000 м/с-қа жуық жылдамдықпен тарайды. Дыбыс ауада баяуырақ таралады. Сондықтан да найзағай жарқылынан кейін күннің күркіреуі жайырақ естіледі. Найзағай жарқылы мен күн күркіреуі бір мезілде болады. Жарық аса зор 300000 км/с жылдамдықпен таралатындықтан, найзағай жарқылынан бізсол мезетте-ақ көреміз, ал күннің күркіреуі бізге сәл кешігіңкіреп жетеді. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығы шамамен 330 м/с-қа тең. Ол жарық жылдамдығынан шамамен 5 с ішінде екі километрге кешеуілдейді. 1-кесте

Орта

Дыбыс жылдамдығы, м/с, 00C-та

Ауа

Су

Болат

Мыс

Темір

Шыны

Сутек

Каучук

330

1480

4380

3800

5850

5600

1280

50

Әр түрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы

2.Дыбыс сипаттамалары (слайд арқылы көрсету).

3.Өзіндік жұмыс орындау.

1.Уақыт өткен сайын амплитудасы азайып отыратын тербелістер –А) өшетін тербелістер В) гармоникалық тербелістер С) өшпейтін тербелістер

2. Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні-А) тербеліс периоды В) тербеліс амплитудасы С) тербеліс жиілігі

  1. 10 секундта 5 рет тербеліс жасайтын механикалық тарбелістің периоды қандай?А) 5 с В) 0,2 с С) 2 с

4. Механикалық тербеліс кезінде энергияның жалпы мөлшері-

А) артады В) өзгермей сақталады С) кемиді

5. Механикалық тербеліс кезіндегі потенциалдық энергияның шамасы неге тәуелді? А) периодқа В) жиілікке С) амплитудаға

6.Су айдынына тас тастағанда, толқындар пайда болды. Су бетінде қалқып жүрген кішкене дене 15 с ішінде 6 рет жоғары көтеріліп, төмен түсті. Егер толқын өркештерінің арақашықтығы бір бірінен 40см қашықтықта болса, онда су айдынында тарайтын толқын жылдамдығы неге тең болады?

7.Теңіз бетіндегі қатар екі толқынның арақашықтығы 4 м. Толқында тербелмеген қайық тербелісінің периоды 1,5с. Толқын жылдамдығы неге тең?

8.Серпімді жіпті бойлай 20 м/с жылдамдықпен көлденең толқындар таралады. Тербеліс периоды 0,5с. Толқын ұзындығын табыңдар.



4. Қайталауға арналған есептер шығару.

1 тапсырма:

  1. Дыбыс дегеніміз не?

  2. Дыбыс қалай таралады?

  3. Жиілігі 510 Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340 м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар.

ІІ тапсырма:

  1. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындары жиілігінің диапазоны қандай?

  2. Вакуумда дыбыс тарала ала ма?

  3. Дыбыс ауадан суға өткенде, толқын ұзындығы қалай өзгереді? Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы таралу жылдамдығы 340 м/с, ал суда -1480 м/с.

ІІІ тапсырма:

  1. Дыбыс жылдамдығы таралатын ортаға байланысты ма?

  2. Ауада қандай толқын тарайды – көлденең бе, әлде бойлық па?

  3. Садуғы дыбыс толқынының ұзындығын анықтаңдар. Оның жылдамдығы 1480 м/с, ал жиілігі 740 Гц.
















3-минут

Үйге тапсырма: Дыбыс.Дыбыс сипаттамалары тақырыбын оқып келу.



Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
2407
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі