Есептер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспарлар

Оқу сабағының жоспары №


Есептер

(сабақтың тақырыбы)


Модуль /пән атауы ЖББП 8 Информатика

Педагог ____________ дайындады


20_ жылғы "___" ____________


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ __________________

Сабақтың түрі практикалық

Өткізу формасы: жаңа білімді, дағдыларды бекіту сабағы

2. Мақсаты:

- Есептерді шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту;

- Python тілінде алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

- Студенттерге әртүрлі деңгейдегі есептерді шешудің жолдарын үйрету;

- Есептің шартын талдау, берілгендерді анықтау және алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру;

- Есептерді Python тілі арқылы тиімді әрі дұрыс шығару әдістерін үйрету.

3. Күтілетін нәтижелер

- Студент есептің шартын дұрыс талдап, алгоритм құра алады;

- Python тілінде есептерді шығару үшін тиімді код жаза алады;

- Қиындық деңгейі әртүрлі есептерді өз бетінше шеше алатын болады.

4. Қажетті ресурстар

Оқулық, компьютер, дәптер

5. Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)

-амандасу

-аудитория дайындығын тексеру

-студенттерді түгендеу

2. Білімді бақылау (5 мин)

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Пішім дегеніміз не?

2) Құжат пішіміне қандай мысалдар келтіруге болады?

3) CSV және JSON пішімдерінің айырмашылығы қандай?

Білімді бағалау критерийлері:

  • Пішім ұғымын түсінеді;

  • Түрлі файл пішімдерін ажырата алады;

  • Әр пішімнің қолданылу мақсатын түсіндіре алады.

3. Жаңасын баяндау әдісі. Ауызша (4 мин)

Программалауда есептер – нақты бір мәселені шешуге арналған тапсырмалар. Есеп шығару арқылы біз программалау тілін тереңірек меңгереміз, логикалық ойлау мен алгоритмдік тәсілдерді дамытамыз. Әр есептің өз шарты, берілгені және табу керек нәтижесі болады. Алдымен есептің шартын мұқият оқып, не белгілі екенін және не табу керектігін анықтап алу қажет.

Одан кейін есепті шешу жолын, яғни алгоритмді ойластыру керек. Бұл – есепті қадам-қадаммен қалай шығаратынымызды жоспарлау. Алгоритм дайын болған соң оны Python тілі арқылы программаға айналдырамыз. Есептің дұрыстығын тексеру үшін түрлі мәндер беріп, нәтижені салыстырамыз.

Мысалы, қарапайым есеп ретінде – тізім ішінен ең үлкен санды табу, сандардың қосындысын есептеу, немесе шарт бойынша сүзу (мысалы, жұп сандарды таңдау) сияқты тапсырмалар жиі кездеседі.

Есептерді шешу – тек қана код жазу емес, ол – есептің мәнін түсіну, тиімді ойлау және нақты шешім қабылдай білу. Сондықтан есептерді дұрыс түсініп, жүйелі ойлау – жақсы программист болудың негізі.

Топтық жұмыс (10 мин)

1-Топқа тапсырма: Кесте құру және мәлімет енгізу

Тапсырма шарты:

  1. "Оқушылар" деген атаумен жаңа кесте құрыңдар.

  2. Кестеде келесі өрістер болсын:

    • ID (автоматты нөмір)

    • ТАӘ (мәтін)

    • Сыныбы (мәтін)

    • Туған күні (күн/уақыты)

    • Орташа балл (сан)

  3. Кестеге кемінде 5 оқушы туралы мәлімет енгізіңдер.

Нәтиже: Дайын кестені көрсетіп, қандай өріс қандай тип екенін түсіндіріңдер.

2-Топқа тапсырма: Сұраныс (Запрос) жасау

Тапсырма шарты:

  1. 1-топтың кестесін пайдаланып, жаңа сұраныс (Query) құрыңдар.

  2. Шарты: "Орташа баллы 4,5-тен жоғары" оқушылар тізімін шығарыңдар.

  3. Нәтижесінде тек ТАӘ мен Орташа балл өрістері көрсетілсін.

Нәтиже: Сұраныс арқылы шыққан мәліметтерді көрсетіп, фильтр қалай қойылғанын түсіндіріңдер.

3-Топқа тапсырма: Форма және есеп (отчет) жасау

Тапсырма шарты:

  1. 1-топтың кестесін пайдаланып, форма жасаңыздар (мәліметтерді енгізуге ыңғайлы болу үшін).

  2. Сол кесте бойынша есеп (отчет) құрыңдар. Есепте оқушылар тізімі мен орташа балл көрсетілсін.

  3. Форманы безендіріп, есебіңізге тақырып қойыңдар.

Нәтиже: Құрылымдалған форма мен дайын есепті (отчет) көрсетіп, қайда, қалай қолдануға болатынын түсіндіріңдер.

Білімді бағалау критерийлері:

  • Кестені дұрыс құрады;

  • Сұранысты сауатты жасайды;

  • Форманы қолдануға ыңғайлы етіп безендіреді:

  • Есеп (отчет) дайындайды және деректерді талдайды.

5. Материалды бекіту – Жеке жұмыс (15 мин)

Деңгейлік тапсырмалар:

1-деңгей (жеңіл):

  1. Access бағдарламасында «Студенттер» атты кесте құрып, келесі өрістерді енгіз:

    • ID (автоөріс), Аты-жөні, Тобы, Жасы

    • 5 жазба (запись) енгіз.

2-деңгей (орташа):

  1. Жоғарыдағы кестеге негізделе отырып, сұраныс (Query) жаса:

    • «Жасы 18-ден жоғары студенттер» сұранысын құр.

    • Тек Аты-жөні мен Жасы көрсетілсін.

3-деңгей (күрделі):

  1. «Студенттер» кестесіне форма (Form) жаса және оны безендір.

  2. Кестеге есеп (Report) жаса, есепте барлық жазбалар және орташа жас көрсетілсін.

  3. Деректерді сұрыпта (сортировка) – жасы бойынша өсу ретімен.

Бағалау критерийлері (жеке жұмысқа):

  • Кесте дұрыс құрылды

  • Сұраныс дұрыс жасалды

  • Форма мен есеп құрылды

  • Интерфейс/жасалу сапасы


6. Сабақтың қорытындысы (5 мин)

Бағалау парағы бойынша қорытынды баға қойылады.

Рефлексия: «Көңіл-күй» әдісі

Студенттер келесі түстер арқылы сабақты бағалайды:

  • Қызыл түс – "Мен тапсырманы орындай алмадым, Access-те қиналдым."

  • Көк түс – "Достарымның көмегімен тапсырманы орындадым."

  • Жасыл түс – "Барлығын өзім орындадым, Access маған ұнады!"

7. Үй тапсырмасы (1 мин)

Тапсырма:

  1. Access бағдарламасында өз қалауың бойынша кез келген тақырыпта (мысалы: «Кітапхана», «Сатылым», «Клиенттер») шағын деректер қоры (база данных) құрып келу.

  2. Кемінде:

    • 1 кесте

    • 1 сұраныс

    • 1 форма

    • 1 есеп болсын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2025
13
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі