Материалдар / Есептер шығару.10- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Есептер шығару.10- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылу эффектісіне байланысты есептердің шығару жолдарын үйренеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
778
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ № 24

Химия 10сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы

Есептер шығару

Сабақтың мақсаты

Тұздардың гидролизденуі,гидролиздену реакцияларымен таныса отырып,ерітінді ортасын анықтауды үйренеді.

Күтілетін нәтиже

Топтық жұмыс негізінде ынтымақтаса жұмыс жасап, өзгелерді оқыту арқылы есте сақтау қабілеті дамиды.

Түйінді идея

«Өмір бойы өздігімен үйрену»

Сабақ кезеңдері / уақыты

Сабақтағы іс-әрекет

Оқушының іс әрекеті

Кіріспе.

Ұйымдастыру. Амандасу.

Үш шапалақ

Жаңа материалдың таныстырылымы.

Судың диссоциациялану теңдеуін жазамыз

К= [Н+ ] +[ОН- ] / [Н2О] бұл теңдеуден

[Н+ ] + [ОН- ] =К [Н2О] шығады. Таза судың диссоциациялану дәрежесі=1,8*10 -9 22 градуста

[Н+ ] = [ОН- ] =1,8*10 -9 х 55,5 Г/Моль=10-7 моль/л

К= + ] *[ОН- ] =10 -14 рН –сутектік көрсеткіш дегеніміз сутек ионының концентрациясының теріс таңбалы ондық логарифмі. рН= -lg pH=7 (бейтарап орта)

pH >7 (сілтілік орта)

pH<7 (қышқыл орта)

Жаңа материалды қолдану.

Әр топқа мәтіндер беру

Мәтін бойынша тұздардың гидролиздену теңдеуін жаздыру

Берілген тұз ерітіндісінің ортасын РН-метр мен анықтату.

Жауаптарын қорғату

1.топ Тапсырма : KCL гидролиздену теңдеуін жазу.

1.KCL-нің алынуының реакция теңдеуін жазыңдар және қандай қышқыл мен негізден түзілгенін анықтаңдар.

KCL-нің ерітіндісінде қай заттар, қандай иондарға диссоциацияланады? Теңдеуін жазыңдар.

KCL-нің гидролизі жүре ме? Молекулалық, иондық қысқартылған иондық теңдеуін жазып, қандай орта көрсететінін анықтаңдар.

KCL-нің ерітіндісінің көрсеткен қасиетін индикатормен дәлелдеп,ортаның сутектік көсеткішін(рН) анықтаңдар.

2.топ Тапсырма : ZnCl2 гидролиздену теңдеуін жазу.

ZnCl2-нің алынуының реакция теңдеуін жазыңдар және қандай қышқыл мен негізден түзілгенін анықтаңдар.

ZnCl2-нің ерітіндісінде қай заттар, қандай иондарға диссоциацияланады? Теңдеуін жазыңдар.

ZnCl2-нің гидролизі қай ион бойынша жүреді? Молекулалық иондық, қысқартылған иондық теңдеуін жазып, қандай орта көрсететінін анықтаңдар.

ZnCl2-нің ерітіндісінің көрсеткен қасиетін индикатормен дәлелдеп, ортаның сутектік көрсеткішін(рН) анықтаңдар

3.топ Тапсырма : Na2 CO3 гидролиздену теңдеуін жазу

Na2 CO3-нің алынуының реакция теңдеуін жазыңдар және қандай қышқыл мен негізден түзілгенін анықтаңдар.

Na2 CO3 -нің ерітіндісінде қай заттар, қандай иондарға диссоциацияланады? Теңдеуін жазыңдар.

Na2 CO3 -нің гидролизі қай ион бойынша жүреді? Молекулалық, иондық, қысқартылған иондық теңдеуін жазып, қандай орта көрсететінін анықтаңдар.

Na2 CO3 -нің ерітіндісінің көрсеткен қасиетін индикатормен дәлелдеп, ортаның сутектік көрсеткішін (рН) анықтаңдар


Cудың өте аз мөлшері сутек Н+ катионымен гидроксид ОН- иондарына диссоциацияланады: Н2О→Н+ +ОН- . Диссоциация нәтижесінде Н+ және ОН- иондарының бірдей мөлшері түзіледі.

Ерітіндідегі сутек ионы және гидроксид ОН- иондарының мөлшері бірдей болғандықтан су БЕЙТАРАП ортаны көрсетеді. Н+= ОН-

Егер ерітіндідегі гидроксид ионның мөлшері артық болса . Н+< ОН- орта СІЛТІЛІК ,ал сутек иондарының мөлшері артық болса Н+> ОН- орта ҚЫШҚЫЛДЫҚ болып өзгереді.

Олай болса сулы ерітіндіде Н+ ионының не ОН- ионының артық мөлшері жоқ тұздардың ортасы бейтарап болады.

Шындығында да күшті қышқылмен күшті негіз әрекеттескенде түзілетін натрий хлориді, калий нитраты, калий сульфаты сияқты тұздардың сулы ерітіндісі бейтарап ортаны көрсетеді.Кейбір орта тұздардың,

мысалы ,FeCl3 NH4Cl ерітінділерінің ортасы қышқылдық болса,алNaCN, Na2CO3, К 2СО3,

К 23ерітіндісі сілтілік ортаны көрсетеді.

1-топ 1.Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұз натрий хлоридінің (NaCL) суда еруі:

NaCl --> Na+ + CI-
НОН --> Н
+ + ОН-

NaCl+НОН= NaOH+HCl

Na+ +Cl- +Н+ +ОН- = Na+ +OH- +H+-+ Cl

Сондықтан күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды, оның ортасы бейтарап болады.

2-топ 2.Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұз Алюминий хлориді АlСl3 
АlСl
3->Аl3+ + 3Cl-
НОН -> Н
+ + ОН-

АlСl3 ерігенде түзілген Аl3+ иондары судың ОН- иондарымен бірігіп (Аl0Н)2+ ионын түзеді, сутек ионы ерітіндіде қалады, ал түзілген қышқыл иондалады.Тұз катион бойынша гидролизденеді. Гидролиздену реакциясының молекулалық теңдеуі: АlСl 3+ 3НОН= Аl(OH) 3+3HCL

Аl3+ + 3Сl- + НОН= Аl(OH)2++H+ + 3CL-

3-топ 3.Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз К2CO3

К2СO3 --> 2K+ + СO32-
НОН --> Н
+ + OH-

К2СO3 +HOH --> 2KOH +H2 СO3
2
K+ + СO32- +HOH -->HСO3- +2K+ +OH-

СO32- +HOH -->HСO3- +OH

Қорытынды.

Оқушылар бүгінгі алған білімдерін сараптау мақсатында эксперименттік тәжірибе орындайды. Әр топқа тапсырмалар беріледі сынауықтағы тұздардың ортасын сутектік көрсеткіші(рН)бойынша анықтайды.

1-топ,үш сынауықта KCl, Na2CO3, AlCl3

2-топ үш сынауықта NaCl, K2 CO3, Al(NO)3

3-топ. үш сынауықта CaCL2, K2SO3 , Zn(NO)3

Оқушылардың жауабының үлгісі

1-топ,үш сынауықта KCl, бейтарап Na2CO3 сілті, AlCl3 қышқыл

2-топ үш сынауықта NaCl. бейтарап K2 CO3, сілті Al(NO)3 қышқыл

3-топ. үш сынауықта CaCL2 бейтарап , K2SO3 сілті, Zn(NO)3 қышқыл

Қосымша оқу

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма беру . 3.5. №5 жаттығу 80-бет


Оқушылар әрекеті:

Үй тапсырмасын оқушылар күнделіктеріне жазып алады, күнделіктеріне баға қойғызады

Рефлексия




«Тілектер талы»

Әр оқушыға бір-бір стикерлер беріп,бүгінгі сабақты қорытындылауы тапсырылады.


Оқушылар «Тілектер талын »топ ішінде бір-біріне ұсына отырып тілектерін және сабақ туралы ойларын жазады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!