Есептер шығару Химия

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есептер шығару Химия

Материал туралы қысқаша түсінік
Есептер жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

29 сабақ

Тақырыбы


Сандық есептер шығару

Білімділік мақсаты:



Оқушылардың бойында белгілі бір икемділік, іскерлік дағды қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Оқушылардың білім мен білік, іс -әрекет дағдыларын тығыз қалыптастыра отырып, есте сақтау, тез ойлау, дұрыс жауап беру, өз пікірін айту, дәлелдей алу әрекеттері күшейту.

Күтілетін нәтиже

есептің шартын сауатты құра білу;

есепке талдау жасай білу, зерттеу жүргізе білу;

есептің типін анықтау;

есептің шығару тәсілін таңдай білу, шығару жолының жоспарын жасау;

алынған жауапқа талдау жасай білу;

қосымша әдебиетпен жұмыс жүргізе білу сияқты нақты біліктілікке ие болады

1.Ұйымдастыру

кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

11.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген жаттығу жұмыстарын тексеру

ІІІ.Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Фронталды сұрақтар:

  • Сарқылмайтаааын ресурстарды атаңдар?

  • Қандай ресурстарды сарқылатын ресурстарға жатқызады?

  • Нанохимия туралы түсінік


VI.Білімді қорытындылау және жүйелеу:


-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

1..25% тұз қышқылы берілген заттардың қайсысымен әрекеттеседі?


1) Ba(NO3)2 2) Fe2O3 3) Zn(OH)2 4)SiO2


5) AgNO3 6) KMnO4 7) Cu 8) Ag


Реакция теңдеулерін жазыңдар.


2.Мына заттар берілген: Al, MnO2, CuSO4 (ер.) концентрлі тұз қышқылы. Осы заттардың арасында мүмкін болатын 4 реакция теңдеуін жазыңдар.


3.Калий сульфаты ерітіндісін алу үшін калий карбонатының есептелген мөлшерін 5%-к күкірт қышқылында ерітті. Калий сульфатының алынған ерітіндісінің массалық үлесін есептеңдер.


4.1 моль уротропинді оттектің артық мөлшерінде жаққанда 4212 к Дж жылу бөлінген. Егер уротропиннің осы мөлшерін жағуға 5,6 л оттек (қ.ж.) жұмсалса, қанша жылу бөлінеді?


5.Металл стронцийдің Х затымен реакциясы кезінде У газы бөлінді.Реакцияның қатты өнімінің 71% -ін стронций құрайды. Көлемі 2,24 л У газын (қ.ж.) массасы 2,5 г резина қабықшаға толтырды,шар ауада еркін ілініп тұрды,не құлаған жоқ,не көтерілген жоқ. Егер бұл қабықшаны қ.ж. 2,24 л Z газымен толтырса,онда шар сол көтерілу күшінде болады. У және Z газдарын анықтаңдар.


6. А металын,құрамында 72,4 % А заты бар өнім алынғанша ток ағынында жақты. Алынған өнімді азот қышқылының 50% артық мөлшерінде ерітті.Алынған нитратты реакция аяқталғанша ауада суытты. Құрамында 70,0 % А заты бар оксид түзілді. А металын анықтап, реакция теңдеулерін жазыңдар.


А металының азот қышқылының артық мөлшерімен үш реакция теңдеуін жазып, реакцияның жүру жағдайын көрсетіңдер.


А металы мен оның оксидтері өндірісте қалай алынады?


Шешу жолдары.


1. Ba(NO)3 әрекеттеспейді.


Fe2O3 +6HCl =2FeCl3+3H2O; Zn(OH)2+2HCl =ZnCl2+2H2O


SiO2 әрекеттеспейді. AgNO3+HCl=AgCl+HNO3


2KMnO4+16HCl=2KCl+2MnCl2+8H2O+5Cl2


Cu+2HCl=H[CuCl2]+1/2H2; Ag +2HCl=H[AgCl2]+1/2H2 конц.тұз қышқылымен комплексті қосылыс түзіледі.


2.1) 2Al+6HCl=2AlCl3+3H2 2)3MnO2+4Al=t=3Mn+2Al2O3


3) 3CuSO4+2Al=3Cu+Al2(SO4)3 4) 4HCl(к)+MnO2=MnCl2+Cl2+2H2O


3. 1) K2CO3+H2SO4+H2O+CO2


2) 100г күкірт қышылында 5 г н/е n(H2SO4)=5/98=0,051моль


n(K2CO3)=n(H2SO4)= 0,051моль ; n(CO2)=n(H2SO4)= 0,051моль;


n(K2SO4)= n(H2SO4)= 0,051моль,


3) Зат массалары:


M (K2CO3)=nM=0,051×138=7,04г; m (K2SO4)=nM=0,051×174=8,87г;


M (CO2)=nM=0,051×44=2,24г.


4) Калий сульфатының массалық үлесі мен ерітіндінің массасы анықталады:


m(ер.)=100+7,04-2,24=104,8 г. W(K2SO4)=(8,87/104,8)x100%=8,5%.



4. C6H12N4+9O2=2N2+6CO2+6H2O+4212кДж.


1 моль уротропинге 9х22,4=201,6л оттек қажет


егер 5,6 л оттек жұмсалса,онда жанады: (201,6/5,6)=(1/x)


x=0,0276моль уротропин


бөлінген жылу 4212х0,0278=117кДж . Уротропин массасы 140х0,0278=3,89г.




5.У газының көтерілу күші: (2,24 л ауаның массасы)-(2,24 л Угазының массасы)=2,5 г.


2,9 г-мУ=2,5 г; 2,24 л У газдың массасы 0,4 г,яғни молярлық масса 4г.


Бұл гелийдің молярлық (атомдық) массасы,бірақ гелий -бұл Z газы,У газы емес,сондықтан


У-инертті газ емес,реакция өнімі.


Металл стронцийдің қышқылмен және сумен реакциясы кезінде сутек бөлінеді,сутектің молярлық массасы 2. У газы сутек емес,молярлық массасы 4-ке тең дейтерий D2 болуы мүмкін.


Оны мына реакциямен алуға болады: Sr+D2O=Sr(OD)2


тексереміз: Sr(OD)2-гі стронцийдің массалық үлесі: 88/124=0,71


6. Оксидтердің формуласы бойынша металды анықтаймыз.


Бір валентті металл үшін: (72,4/X)=(27,6/8); X=M1=21-жоқ;


M2=42-жоқ ; M3=63-жоқ;


Екінші оксид үшін қайталаймыз: (70/X)=(30/8); X=M1=18,7- жоқ;


M2=37,4-жоқ; M3=56-темір.


Онда екінші оксид Fe2O3, бірінші оксид-темір қағы Fe3O4.


Реакция:


3Fe+2O2=Fe3O4; Fe3O4+10HNO3=3Fe(NO3)3+NO2+5H2O


2Fe(NO3)3=Fe2O3+3N2+7,5O2(NO, NO2)


Барлық жүретін реакция:


8Fe+30HNO3=8Fe(NO3)3+3NH4NO3+9H2O


10Fe+36HNO3=10Fe(NO3)3+3N2+18H2O


8Fe+30HNO3=8Fe(NO3)3+3N2O+15H2O


Fe+4HNO3=Fe(NO3)3+NO+2H2O


Fe+6HNO3=Fe(NO3)3+3NO2+3H2O (домна процесі)

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

Есептер шығару

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Есептер шығару

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

Бағалау. формативті



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.06.2018
947
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі