Материалдар / Есепті қалай шығарамыз?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Есепті қалай шығарамыз?

Материал туралы қысқаша түсінік
Есеп шығаруға үйренудің әдістері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
872
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есепті қалай шығарамыз?


Д.Пойа осы сұраққа жауап беруге тырысқан және белгілі дәрежеде жауап тапқан. Осы есеп шығаруға үйренудің әдістерін былай баяндаған.


Есеп шығаруға үйренудің әдістері

1.

Есепті анық түсіну қажет.


Есептің қойылуын түсіну.

Не белгісіз? Не берілген? Есептің шарты неден тұрады? Осы шартты қанағаттандыру мүмкін бе? Белгісізді анықтап табу үшін берілген шарт жеткіліктіме? Әлде жеткіліксіз бе? Немесе артық па? Немесе қайшылықта ма? Сызбасын салыңыздар? Ыңғайлы белгілеулерді енгізіңіздер.

(1.1- кесте жалғасы)

2.

Берілгендер мен белгісіз-дер арасында-ғы байланыс-ты табу. Егер ол байланыс-тар бірден табылмаса, онда қосалқы есептерді қарастыру қажет. Есепті шығару жоспарына келу қажет.



Шешу жоспарын құру.

Есеп шығаруға әсерін тигізетін теореманы, тұжырымды білесізбе? Белгісізді анықтап қараңыздар. Осындай немесе оған ұқсас белгісізі бар есепті еске түсіруге тырысыңыз. Берілген есепке ұқсас және шешуі белгілі есеп табылды делік. Ол есептің шешу тәсілін қолдануға болама? Осы тәсілді пайдалану мүмкіндігін туғызу үшін қандай да бір қосымша элемент енгізудің қажеті бар ма? Егер берілген есепті шығара алмасаңыз, онда алдымен оған ұқсас есеп шығаруға тырысыңыз. Есептің бір бөлігін жеке қарастырып шешуге болмай ма? Есеп шартының белгілі бір бөлігін қалдырып, басқа бөлігін алып тастасақ, онда есептің сұрағын іздеп табу қалай өзгереді? Белгісізді анықтап табуға болатын басқа бір берілгендерді ойлап табуға болмай ма?

Белгісізді немесе берілгенді, қажет болған жағдайда екеуін де өзгертіп, жаңадан шыққан белгісізді және, берілгенді біріне-бірін байланыстыруға болар ма екен? Сіз барлық берілгендерді пайдаландыңыз ба? Барлық шарттарды? Есептегі барлық негізгі ұғымдарға назар аудардыңыз ба?

3.

Шығару жоспарын іске асыру керек.


Жоспарды іске асыру

Шығару жоспарын жүзеге асырғанда әрбір қадамды бақылау қажет. Сіз жасаған қадамның дұрыстығына көзіңіз жете ме? Оңың дұрыс екенін дәлелдей аласызба?

4.


Табылған шешуді зерттеп білу қажет.

Алынған шешімді зерттеу.

Алынған қорытындыны тексеруге болмас па есен? Шешу жолын тексеруге бола ма? Сол шыққан қорытындыны басқа жолмен алуға болар ма екен? Оны бірден анықтауға бола ма? Алынған қорытынды немесе қолданылған тәсілді қандай да бір басқа есепті шығаруға пайдалануға болмас па екен? Қолданылған тәсілді жалпылауға бола ма?


Сонымен, мәтінді есепті шығарудың көрсетілген барлық әдіс-тәсілдерін мұғалімі толық меңгеріп, өздерінің іс-тәжірибелерінде оқушыларға осы әдіс-тәсілдердің мән-жайын түсіндіріп, оларды қолдануды біртіндеп үйретудің нәтижесінде ғана олар өздігімен мәтінді есеп шығаруға білуде жетістікке жете алады.


«Танымдық есептер» термині психологияда неғұрлым терең мағынада қолданылады, ол таным үдерісі психологиялық ұғыммен сәйкестікте болады. Г.С. Костюк бойынша «жаңа объектіні түсіну - ол қандай да бір есепті, тіпті ол кішкене танымдық есепті шығару деген сөз» [19].

Танымдық есеп - шығарушы меңгерген білімді жетілдіру есебі. Кез-келген білімді өзінің құрамында кем дегенде екі компоненті - моделі бар қандай да бір модельденетін жүйенің идеалдық моделі ретінде көрсетуге болады. Таным есебінің пәні қызметін атқаратын білімді екі типтің - белгілі және белгісіз заттардың өзара байланысты құраушы-модельдерінің жүйесі ретінде көрсетіп беруге болады.

Таным есептерінің талабы белгісіз заттарға жатады, ал ол ізденінді заттар болады. Белгісіз заттардың барлығы немесе кейбіреуі ізделінді болады.

Танымдық есептер негізінен жартылай алгоритмдік есептерге жатады. Таным есептерін жаңа материалдар өтуде, оқытудың проблемалық және эвристикалық әдістерін қолдануда шығару керек. Бұл дидактика талаптарына сай келеді, сондықтан математиканы оқып-үйрену барысында кеңінен қолданылады .

Әрбір оқу пәнінің бағдарламасы оқыту нәтижесінде оқушылар шығара білуге тиісті есептердің түрлерін көрсетеді. Бұл есептердің бәрі адамның практикасында, оның ішінде ғылыми-теориялық практикада қолданылады, сондықтан да олар практикалық есеп болып саналады.

Қолданбалы сипаттағы есептер. Олар екі типке бөлінеді:

а) орындалуының тиімді тәсілдерін талап ететін есептеу сипатындағы жаттығулар және мазмұны өндірістік-тұрмыстық сипаттағы мазмұны бар мәтіндік есептер: өндірістегі әр түрлі машиналар мен механизмдердің өнімділігін, әр түрлі дақылдарының себу нормасын және басты ауыл шаруашылық дақылдарының себу нормасын және басты ауыл шаруашылық дақылдарының бірқатарының өнімінің нормасын, ұшақтың, кеменің, зымыранның, автокөліктің жылдамдығының орташа мәнін әр түрлі сметалық, шаруашылық және т.б. жұмыстардың мәліметтерін пайдалану арқылы берілген есептер;

ә) техниканың, физиканың, химияның, астрономияның мәліметтері пайдаланылған өндірістік сипаттағы мәтіндік есептер, пайыздық есептеулерге және т.б.-ға арналған есептер.

Әр түрлі қолданбалы сипаттағы математикалық есеп деп математиканың басқа пәндерде, өндіріс, технология және экономикада қолданылуына мүмкіншілік тудыратын есептерді айтамыз .

Қолданбалы бағыттағы есептер тек оқу материалын еске сақтауды қамтамасыз етіп қана қоймай, ойдың түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды, яғни оқушылар белгілі бір ақпаратты есте сақтайды, өндіріс орындарындағы, қоршаған ортадағы құбылыстарға байланысты берілген есептердің нақты жауаптарымен танысады.

И.М. Шапиро мәтінді есепті: «мазмұны сыбайлас оқу пәндерінде математиканың қолданылуын ашып беретін, ұйымдарда, қазіргі өндірістік технологияларда және экономикада, қызмет көрсету аясында, тұрмыста, еңбек операцияларын орындау барысында оның қолданылуымен таныстыратын есеп» - дейді .

Ал Т.Ә. Әлдібаева мәтінді есепті: «математиканының түрлі пәндерді оқытудағы қолданымын ашып көрсететін, оқушылар жаңа өнеркәсіптегі ұйымдастыруларда, олардың технологияларында, экономикасында және күнделікті тұрмыста, еңбек операцияларын орындағанда пайдаланылуымен таныстырылатын есепті» - айтады.

Мәтінді есеп деп мазмұнында есепте қарастырылатын объектінің бірі нақты шын зат болған жағдайын айтуға болады .

Г.О. Жетпісбаева: «мәтінді есеп деп өмірлік мәні бар, тұрмыспен байланысқан, өлшеу құралдары арқылы шешілетін, өндіріс үдерістерімен байланысты есеп» - дейді.

Жоғарыда қарастырылған анықтамаларды түйіндей келе біз мәтінді есептің мынадай анықтамасын ұсынамыз: «Мәтінді есеп (қолданбалы сипаттағы есеп) деп мазмұны математиканы оқытуда пәнаралық байланысты ашып беретін, қазіргі заманғы өндіріс экономикасында, қызмет көрсету саласында пайдаланылатын есептерді түсінеміз».

Бұл есепті шығару нәтижесінде оқушылар Балқаш, Алакөл, Қарақұм сияқты географиялық атаулармен және Қарақұмның ұзындығы жөнінде нақты мағлұмат алады, спорттың жеңіл атлетикалық түрімен танысады, жүгіру уақытына байланысты жылдамдықты есептеу арқылы әр спортшының жылдамдықтарының әр түрлі екендігіне көз жеткізеді.

Мәтінді есептерді математиканы оқытудың құралы ретінде пайдалану көбінесе сол есептің мазмұнына, математикалық құрылымына, олардың жұмыс істеу әдістемелеріне, бағдарламалық материалдарды оқытудың нақты сатыларына тәуелді. Осыған байланысты есептің функциясы ерекше мәнге ие бола алады.

Мәтінді есептерді мұғалім оқушыны оқытуға, олардың білімін нақтыға және тереңдетуге, яғни тиянақты білім беруге, белгілі бір білік пен дағдыларды қалыптастыруға қолданады.

Мәтінді есептерді шешу оқушыларда дүниеге көзқарастарын кеңейтіп, күнделікті тұрмыста пайда болатын мәселелерді тез шешуге ықпал етеді, ең бастысы - оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін (сезінуін, қабылдауын, елестетуін, ойлауын, сөйлеуін) дамытудың таптырмайтын құралы. Өйткені, мәтінді есептерді шығару барысында оқушылардың есеп шығару дағдылары және өз ойларын еркін жеткізу білігі қалыптасады, олардың логикалық ойлау және шығармашылық қабілеті дамиды, бағдарламаға енетін кейбір материалды оқушылар терең меңгереді және алған білімдерін күнделікті тұрмыста қолдау білігінің қалыптастырылуын қамтамасыз етеді.

Мәтінді есепті шығарудың дәстүрлі жолдарымен қатар, дамытушы функцияны жүзеге асыру сөз бен ойлауды дамытуға ғана тірелмейді, өйткені оқушының вербальды үдерістерінің дамуы басқаларға қарағанда оқушының жалпы дамуын көрнекі бейнелейді. Бірақ бұл ұғым есептің дамытушы функциясын тарылтады, өйткені сөз және онымен байланысты ойлау тұлғанын сенсорлы, эмоционалды еріктік, қозғалыс, мотивациялық қажеттілік аймақтарының және таным үдерістерінің сәйкес дамуында ғана нәтижелі дамиды.

Көптеген әдіскерлердің айтуынша, егер оқушыларда абстрактілі -теориялық ойлауы және саналы тәртібін басқаруы дамыған болса, онда оқушылар осы жаста дамытушы мәтінді есептерді шығара алады. Сонымен қатар көптеген зерттеулер дәстүрлі есептер 5-6 сынып оқушыларының көбісінің толық қанды дамуын қамтамасыз етпейтінін көрсетті. Ал бұл өз кезегінде оқушылармен жұмыс істеуде қажетті таным үдерістерді дамытпай, балабақша кезеңінде қалыптасқан (сезімдік бақылау, эмпирикалық ойлау, утилитарлы ес және т.б.) психикалық функцияларды жаттықтырып, бекітеді. Осыдан шығатын қорытынды мәтінді есептердің дамытушы функциясы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуына бағытталуы керек. Мәтінді есептердің дамытушы функциясы оқушының танымдық қызығушылығын дамытып қоймай, сонымен қатар есептің өзінің арасындағы заңдылықтарды тануға, есептің логикалық негізін қиналмай табуға, есепке нысан ретіндегі қатынастарының туындауына ықпал етіп, тіпті шешу жолы таныс емес есепті нәтижелі шешулеріне мүмкіндік береді.

Әрине мәтінді есептердің осындай дамытушы функциясы екі жақты әрекетті талап етеді. Бұл мұғалімнің есепті шешу барысындағы оқушыларға дұрыс бағдар беруі, оқушылар жағынан мұғалімнің бағдарын қабылдай отырып, ұжыммен жұмыс істеу арқылы мұғалімнің бағдарына тиісті әрекеттер істеулері.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған мәтінді есептер мен тапсырмаларды орындаудың әдістемелік ерекшеліктерін және оқушылардың танымдық қызығушылығының даму деңгейлерін саралау арқылы олардың даму деңгейін бағалау үшін мынадай көрсеткіштерді (1-кесте) бөліп көрсету қажет деп ойлаймыз: а) мәтінді есептерді шығара алуы; ә) оқушылардың мәтінді есепті қысқаша жазуға, оған сызба сызуға, кесте толтыруға, сурет сала алуы; б) қарапайым диаграммаларды, графиктерді оқуға және сыза білуі; в) мәтінді есептерді құрастыруы; г) мәтінді есептердің мәтінімен және сөздікпен жұмыс істеуі; д) математикалық жаттығуларды орындауы; е) танымдық маңызы бар есептерді шығару барысында алынған мағлұматтарды еске сақтай алуы.


1 кесте - Оқушылардың танымдық қызығушылығының даму деңгейін

бағалау көрсеткіштері

Деңгейлерге байланысты көрсеткіштер

Деңгейлер

Қарапайым

Орта

Жоғары

Мәтінді есептерді шығара алуы

оңай мәтінді есептерді ғана өзбетімен шығара алады.

барлық типтік есептерді құлшына шығарады, өз бетімен әрекет етуге даярлығын көрсеткенімен стандартты емес есептерді талдау барысында қиналады.

қиын есептерді шығаруды жақсы көреді, оның шешуін іздеу барысында табандылық пен шығармашылықты көрсетеді.

Оқушылардың мәтінді есепті қысқаша жазуға, оған сызба сызуға, кесте толтыруға, сурет сала алуы

оқушылар мәтінді есепті қысқаша жазуды, оған сызба сызуды, кесте толтыруды, сурет салуды дайын нұсқаулар арқылы орындайды, оқушының тарапынан ешқандай шығармашы

лық қиялдау көрінбейді.

оқушылар мәтінді есепті қысқаша жазады, оған сызба сызады, кесте толтырады, сурет салады; оны орындаудың мақсатын да түсінеді, өз бетімен олар бойынша дұрыс тұжырым да жасайды; бірақ оларда теориялық тұрғыдан ешқандай сұрақ туындамайды, яғни, мәтінді есепті қысқаша жазудың, оған сызба сызудың, кесте толтырудың, сурет салудың жаңаша жолдарын ұсына алмайды.

оқушылар мәтінді есепті қысқаша жазуды, оған сызба сызуды, кесте толтыруды, сурет салуды біледі және жақсы көреді, өздері оны орындаудың басқаша жолдарын ұсынады, алынған нәтиженің тиімділігін бағалауға тырысады.

Қарапайым диаграммалар

ды, графиктерді оқуға және сыза білуі

қарапайым диаграммаларды, көрнекілік сипаттағы графиктерді оқиды, бірақ оның қажеттілігін түсінбейді; оларды сызу қиын бір іс сияқты көрінеді.

қарапайым диаграммаларды, графиктерді оқиды, оның қажеттілігін түсінеді, оларды мұғалімнің көмегімен сызады.

қарапайым диаграммаларды, графиктерді оқиды, онда бейнеленген бөліктердің әр түрлі болу себептерін, неге байланысты екенін дәлелді айтады, олар арқылы есептің дұрыс шешімін тез табуға болатынын да біледі; диаграммаларды, графиктерді дұрыс өз бетімен сызады, сызу барысында түрлі-түсті бояуларды қолданады.

Мәтінді есептерді құрастыруы

мәліметтері және сан мәндері дайын немесе ұқсас нұсқасы бар есептерді құрастырады, өзбетімен мәтінді есептерді құрастыруға қызығушылы

ғы әрдайым бола бермейді, есепті құрастыру барысында туындаған қиындықтарды жеңуде, оны құрастырудың жаңа жолдарын іздеуде табандылық көрсетпейді; берілген тапсырманын аясындағы жұмыспен ғана шектеледі, құрастырыл

ған есептердің шындыққа жақындығына мән бермейді.

мәтінді есептерді құрастыруға қажетті мәліметтерді жинастырып, оларды орынды пайдаланса да, мәтінді есептерді құрастыру барысында мұндай оқушылардың шығармашылық әрекеті эпизоттық түрде болады, құрастырған есептері шынайы болғанымен, оның соңғы нәтижесі (жауабы) қызықтыра бермейді, яғни, соңғы нәтижесін алуға талпынбайды (құрастырған есебін шығармайды).

құрастырылған мәтінді есептерінде шығармашылық элементтері байқалады, «дүниетану», «ана тілі» және т.б. пәндерде, газет пен журналдарда, анықтамаларда кездесетін мәліметтерді (сан мәндерді) жинастырып, қажет уақытта пайдаланады, құрастырған есептердің шындыққа жақындығын қадағалайды, өзі құрастырған есебін шығарып, алған нәтижесіне рахаттанады.

Мәтінді есептердің мәтінімен және сөздікпен жұмыс істеуі

мұндай оқушылар мәтінді есептің мәтінін бірнеше рет оқығаннан кейін ғана қабылдайды, кейде есептің мазмұнын қабылдау үшін қосымша көрнекілікті қажет етеді; егер есепте түсініксіз немесе таныс емес сөз кездессе, онда есепті түсініп қабылдауы біршама қиынға түседі; есепті түсіну үшін сөздікпен жұмыс істеуге талпынбайды, мұндай жағдайда есепті шығару, онда берілген сан мәндерін бір-бірімен қосып азайтып немесе көбейтіп бөлу амалдары әйтеуір бір жауап шықса деген мақсатпен орындалады.

мәтінді есептің мәтінін үш не төрт рет оқығаннан кейін қабылдайды, есеп қиын болмаса, көрнекі құралдарды қажет етпейді; есептің мәтінінде кездескен таныс емес немесе мағынасы күңгірт сөздер кездессе олардың мағынасын түсінуге тырысады, яғни мұғалімнен не ата-анасынан мағынасын сұрайды.

мәтінді есептің мәтінін бір не екі рет оқығаннан қабылдайды, түсініксіз сөздер кездессе, олардың мағынасын сұрайды, қажет болса жазып та алады, мұндай оқушылардың өздері бастаған сөздік дәптері болады.

Математикалық жаттығуларды орындауы

кез-келген математика

лық жаттығуды орындауда қиналады, оларды орындау үшін ойланғысы келмейді, ойланбай берілген тапсырманы орындайды, оның дұрыстығына көзін жеткізбейді.

математикалық жаттығуды орындау үшін ойланады.

математикалық жаттығуларды орындауда ойланады, ол оны қызықтырады, онда берілген тапсырмаларды дұрыс орындайды.

Танымдық маңызы бар есептерді шығару барысында алынған мағлұматтарды еске сақтай алуы

танымдық маңызы бар есептерді шығару барысында алынған мағлұматтар

ды еске сақтау үшін мұғалім тарапынан «еске сақта» деген тапсырманы қажетсінеді, ондай тапсырма берілмесе, оны еске сақтауды қажетсінбейді.

танымдық маңызы бар есептерді шығару барысында алынған мағлұматтарды қызықты болса ғана, еске сақтауға тырысады, оның өзінде жадында көпке дейін сақталынбайды (ұмытады).

танымдық маңызы бар есептерді шығару барысында алынған мағлұматтарды өзіме келешекте керек болып қалады ғой деген мақсатпен еске сақтайды.


Мұғалім берілген сипаттамаға сүйеніп, оқушылардың танымдық қызығушылығының даму деңгейін бағалайды. Сол бойынша танымдық қызығушылықтың ары қарай дамуын жүзеге асырады. Математиканы оқыту үдерісінде мәтінді есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын ары қарай нәтижелі дамыту үшін оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін (зейінін, еске сақтауын, қиялын және ойлауын) арттыру керек.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!