Психологиялық
ахуал қалыптастыру.
Сабағымызды қазақ
тіліне деген құрметпен, жақсы көңіл күймен
бастайық.
Қазақ тілім - өз
тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым дара
тілім.
Миға
шабуыл.
Суға байланысты тыйым
сөздерді қайталау арқылы
алдыңғы білімді еске
түсіру (топпен жұмыс) (Оқушыларға қима қағаздардан
сөздер құрастыруға тапсырма
беріледі)
1.Суды бекер
төкпе.
2.Түнде су
алуға барма.
3.Судың бетін
ашық қалдырма.
4.Лас су
төккен жерді баспа.
5. су ішкен құдыққа
түкірме
6. түнде судың бетін
ашық қалдырма
Қандай сөздер
шықты?
Су туралы ырым
сөздер.
Біздің ортақ
тақырыбымыз:
«Су – тіршілік
көзі»
«Кім
шапшаң»?ойыны
- Бір жылда неше ай
бар?
-
Бір айда неше апта бар?
-
Бір аптада неше күн бар?
-
Бір тәулікте неше сағат бар?
-
Бір сағатта неше минут бар?
-
Бір минутта неше секунд бар?
Ой
қозғау
Жаңа сабақ. (
Ж.Ж)
«Мюнстерберг» әдісі арқылы
жаңа сабақтың тақырыбын
анықтау.
Балалар,алдарыңыздағы
Әріптердің ішінен сөздерді
табыңдар
Сблартоесептікдлшгнжәне
Алтоегімрареттікапросанылшоесім
-Қандай сөз
шықты?
Ия, бұл бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы:
«Есептік және реттік сан
есім»
Сабақтың мақсатын
айту;
Бүгін біз сіздермен
сан есім туралы түсінігімізді одан әрі толықтырамыз,есептік және
реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтайтын
боламыз
Ендеше, мен
сіздерден не күтемін? Бүгінгі сабақтан нені білуіміз
керек
1.Есептік және
реттік сан есімнің не екенін
білеміз;
2.Есептік және
реттік сан есімдерге қандай сұрақ қойылатындығын
анықтаймыз;
3.Есептік сан есімді
реттік сан есімге
айналдырамыз;
4.Есептік және
реттік сан есімдерді бір-бірінен ажырата
аламыз.
(интербелсенді тақтамен
жұмыс)
`Learningaps`
(Ұ.Ж)
Қанша?
неше? сұрақтарына жауап беретін
сөздерді бір бөлек,
нешінші? сұрағына жауап беретін
сөздерді бір бөлек
топтастырайық
Бір, алтыншы,
жеті, сегіз, бес, он алты, тоғызыншы, бірінші, төрт Есептік және
реттік сан есім ережесімен
танысу.
Оқушылар
сұрақтарға жауап
береді.
Есептік сан
есім заттың
нақты санын,
есебін білдіреді.
Сұрағы:
қанша, неше? Реттік сан
есім заттың
саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап
береді
Ширату
тапсырмасы.
Оқулықпен
жұмыс.
Оқылым.
35-жаттығу.Мәтінмен
жұмыс.
«Таза бұлақ»
әңгімесі.Мәтінді түсініп,мәнерлеп
оқиды.
Жаңа сабаққа
байланысты сұрақтарға жауап
береді.
Мысалы:
1.Қанша жолаушы
кездесті?(3)
2.Бірінші жолаушы
сөздің мағынасын қалай
түсінді?
Сөйлемдегі сан
есімді тап. (Бірінші)
Дескриптор:
Мәнерлеп оқиды.
1б
Сұрақтарға жауап
береді. 1б
Дәптермен
жұмыс.
36-жаттығу. Мәтінді
қатесіз, әрі көркем етіп көшіріп жазады. Оқушылардың бас әріп пен
кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып
көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт
беріледі.
Дескриптор:
•
Мəтін түрлері мен
құрылымдық бөліктерін ажыратады.
1б
Жаңа білімді
меңгереді.Сауатты, көркем жазады.
1б
Сергіту
сәті.Шығармашылық
үзіліс.
Сынып бөлмесіндегі
парталарда жапсырылып тұрған қима суреттерді алып, берілген
тапсырманы орындайды
«Кім тапқыр?»
ойыны.
Көп нүктенің орнына тиісті
сан есімді қойып
айт.
1.Батыр...рет
өледі,
Қорқақ...рет өледі.
1б
2...рет өлшеп ...рет
кес.
3.Ер жігіттің ...сөйлегені
өлгені.
Топпен
жұмыс:
1топ:
«Судың 3-тен астам жағдайы
бар»
Барлық адам мектеп кезінен судың 3
агрегатты күйі бар екенін біледі, яғни сұйық, қатты және газ
тәрізді. Дегенмен, ғалымдар судың сұйық түрінде 5 түрлі күйі және
мұздатылған түрде 14 жағдайы бар екенін
анықтады
2топ
«Адам – сусыз
өмір сүре алмайды»
Егер адам дене
массасындағы судың 2%-ын жоғалтса, онда ол қатты шөлдей бастайды.
Егер ол 10 пайызға дейін жоғарыласа, адамның көзіне түрлі нәрселер
елестей бастайды, яғни галлюцинация басталады. Ал 12%-ын жоғалтса
адам дәрігердің көмегінсіз қалпына келе алмайды. Егер, дене
массасындағы судың 20%-ын жоғалтса адам
өледі.
3
топ
«Су – ауру
тасымалдайды»
Су өмір сыйлап қана қоймай, сондай-ақ
онымен қош айтыстыра алады. Әлемдегі барлық аурулардың 85% -ы су
арқылы беріледі. Ал жыл сайын осы аурулардан 25 миллион адам қайтыс
болады.
Дескрипторлар:
-
Мәтінді түсініп
оқиды; 1б
-
Сан есімдерді
табады; 1б
-
Есептік сан есімді
анықтайды; 1б
-
Есептік сан есімді
реттік сан есімге айналдырады.
1б
|