Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есептік реттік сан есім 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Есептік реттік сан есім тақырыбы бойынша құрылған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:............... Фариза Оңғарсынова атындағы

орта мектеп директорының

оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

27.11.2017жыл

Оқытудың оқудағы тәсілі

* Бірлесіп ойлау мақсатында оқушылар арасында қарым – қатынасты ынталандыру үшін топтағы жұмысты пайдалану.

* Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу, жоғары деңгейлі сұрақтар дайындау.

Тақырып

Есептік реттік сан есім

Мақсаты

Оқушыларға сан есім туралы ақпарат беру. Сан есім түрлерімен таныстыру. Реттік сан есімнің есептік сан есімнің ережелерін ұғындыру

Оқытудың нақты нәтижесі

Оқушылар сан есім түрлерімен танысып тақырыпты толық меңгереді. Есептік және реттік сан есім бойынша берілген жаттығу жұмыстарын өз бетінше орындауды үйренеді.

Уақыты

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті


Ұйымдастыру






Үй тапсырмасын сұрау


Оқушылармен амандасу

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Топқа бөлінеді.

Сан есім тобы.

Еептік сан есім тобы

Реттік сан есім тобы



Ереже жаттау. Сан есімнің, оның құрамдас бөліктері дара және күрделі сан есімдердің ережлерін жаттау. Мысал келтіру.

1.Мұғаліммен сәлемдесу.

2. Өздері айтқан сандар бойынша топтарына барып отырады.

3. Бағалау парағымен танысады.

«Ой шақыру»

Білу

Сан есім дегеніміз не?

Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?

Сан есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді?

Дара сан есім дегеніміз не?

Күрделі сан есім дегеніміз не?

Дара сан есімге мысал келтіріңдер?

Күрделі сан есімге мысал келтіріңдер?


-Қойылған сұрақтарға жауап береді.

- Өз білетіндерін ортаға салады.

- Ой жинақтайды.

«Талаптыға нұр жауар» кезеңі

Түсіну

Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Дара сандардың атаулары аса көп емес нөл- (0)бір-(1), екі-(2), үш-(3), төрт-(4), бес-(5), алты-(6), жеті-(7), сегіз-(8), тоғыз-(9), он-(10), жиырма-(20), отыз-(30), қырық-(40), елу-(50), алпыс-(60), жетпіс-(70), сексен-(80), тоқсан-(90), жүз-(100), мың-(1000), миллион, миллиард,т. б.

Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б.), екіншіден , негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.

Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін, білдіріп, қанша? неше? нешеу? нешінші? Деген сұрақтарға жауап береді.

Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді.

Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б.).

Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Мысалы: жеті жүз сиыр, мың төрт жүзқой-ешкі. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстантивтенген жағдайда ғана қабылдайды. Есептік сан есімдер белгілі бір заттық ұғымды бойына сіңіре отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабаттастыра білдіргенде ғана және белгілі бір санның сандық атауы есебінде жұмсалғанда ғана субстабтивтенеді. Мысалы: Қаңтардың бірінен бесіне дейін; екіні үшке қосса, - бес болады.

Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (Сәбит Мұқанұлы Мұқанов)

Реттік санд есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен.





Өз білгендерін ортаға салып дәлелдеді.


Топпен жұмыс


Қолдану

Сан есім тобы. 162 – жаттығу Мәтінді оқып, құрамындағы есептік сан есімдерді табыңдар

Еептік сан есім тобы 162 – жаттығу Сан есімге сұрақ қойыңдар
Реттік сан есім тобы. 163 – жаттыңу Есептік сан есімдерді өатыстырып, есеп құрастырыңдар


Топқа берілген жаттығуларды орындайды.

«Бірге ойлаймыз»

Талдау

Сан есім тобы 164 – жаттығу Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жазыңдар

Есептік сан есім тобы. 165 – жаттығу Сөйлемдерді оқып, реттік сан есімдердің қалай жасалғанын және сұрақтарын айтыңар.

Реттік сан есім тобы. 166 – жаттығу Реттік сан есімдерді қатыстырып берілген сұрақтарға жауап жазыңдар.

Берілген тақырып бойынша мәтін құрайды.

«БҮҮ»

Қорытындылау

Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім келеді




Бағалау

Есептік және реттік сан есімдерді қатыстырып шағын мәтін құрау

Оқушылар білетінін, үйренгендерін, алдағы уақытта үйренгісі келетіндерін айтады.

Үйге тапсырма

Ереже жаттау. Есептік сан есімге 5 мысал реттік сан есімге 5 мысал жазу

Өз ойларынан мәтін құрау.

Кері байланыс

Рефлексия

- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз? Оқушылардың лебіздерін білдіріп ілулі тұрған суреттерге салады.

Кері байланысты іске асырады.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
722
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі