"Есептік реттік сан есім " ашық сабақ қазақ тілі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Есептік реттік сан есім " ашық сабақ қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің сабағым әдістемелік көмек болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ қазақ тілі

Мектеп №50 орта мектеп Тексерілді

Күні 27. 04. 2018ж

Мұғалімнің аты –жөні Дуйсенова Ж

Сынып 3 «Д»

Қатысқандар -17

Қатыспағандар - 0

Сабақтың тақырыбы Есептік реттік сан есім 22-28 жаттығу.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

Есептік және реттік сан есім тақырыбын қайталау және оқушылардың алған білімдерін одан әрі жалғастыру.

Критерий

Оқушылар  жаттығулар, әр түрлі тапсырмалар орындау мақсатында сан есімдерді тауып, оларға сұрақ қойып үйренді.

Әдісі

Топпен жұмыс

Ресурстар

Плакат, суреттер

Сабақ барысы

Жоспарланған

уақыт есебі

Мұғалім іс- әрекеті

Оқушы іс -әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық  дайындық

Мұғалім:- Екі көзің не үшін керек?

Оқушылар: — Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім:    — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушылар:  — Ақыл-кеңес тыңдау  үшін.

Мұғалім:  — Екі қолың не үшін керек?

Оқушылар: — Елге көмек беру  үшін.

Мұғалім:    — Екі аяғың не үшін керек?

Оқушылар:  — Шетте жүрсең,

 Туған жерге жету үшін!


Психологиялық дайындық жасайды

Үй тапсырмасын тексеру

«Серпілмелі сауал» әдісі.

1 - Зат есім дегеніміз не?                              
2 - Сын есім дегеніміз не?                         
3 - Етістік дегеніміз не?                              
4 - Негізгі зат есім дегеніміз не?
5 - Туынды зат есім дегеніміз не?
6 - Дара етістік дегеніміз не?
7 - Күрделі етістік дегеніміз не?
8 - Негізгі сын есім дегеніміз не?
9 - Туынды сан есім дегеніміз не?


«Серпілмелі сауал» әдісімен сұрақтарға жауап береді







Жаңа сабаққа дайындық

Біз --------------- сыныпта оқимыз.

--------- мамырда Соғыс ардагерлерін құттықтаймыз.

Қандай сөз жетіспейді?

Нені байқадық?

Түсіндіріңдер?

Үшінші, тоғызыншы. Үш түбір, інші қосымша,тоғыз түбір ыншы қосымша қосылып тұр.

Нені білдіреді?

Санның реттін білдіреді.

Қандай сұраққа жауап береді?

Нешінші.







Жаңа сабақты түсінеді

Жаңа сабақ

 Тақырыбымыз Есептік реттік сан есім 22-28 жаттығу.

«Кім жылдам?» ойыны (ауызша)
Реттік сан есімді есептік сан есімге айналдыр. Сонда қандай сұрақ қойылады?
Бесінші бөлме, жетінші пәтер,тоғызыншы бет
Он төртінші қатар, екінші касса,сегізінші қайық

Дәптермен жұмыс
23 - жаттығу. Көшіріп жаз. Сан есімдерге сұрақ қой. Есептік сан есімнің астын - бір, реттік сан есімнің астын - екі сыз.
Үш қозы, бес лақ, тоғызыншы үй, он екінші троллейбус, төртінші топ.
24 – жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып бер. Сан есімі бар сөйлемдерді жаз.
Сан есімдерді тауып, қай түрі екенін айт.

Ақ арыстандардың табылғанына 30 жылдай ғана уақыт болды. Ұзын саны 70 - тен аспайды.
МҰҒ: Бұл сөйлемдерде сан есімнің жазылуына мән беру керек. Сан есім цифрмен жазылған кезде сөзден бөлек жазылады. Сызықша қойылмайды. Ал егерде жалғау жалғанса цифрдан кейін міндетті түрде сызықша қоямыз.
26-жаттығу.Реттік сан есімге – көптік жалғауларын, есептік сан есімге 3 жақтың тәуелдік жалғауларын қосып айт.
1 топ---------------2 топ -----------------

Бір і --------------- бірінші лер------------

Екі сі-------------- екінші лер--------------

Үш і ---------------- үшінші лер ------------

Алты сы---------- алтыншы лар------------

Он ы--------------- оныншы лар ------------
Сергіту сәті
Ребус шешу.
Жаздың бір күні - қыстың мың күнін асырайды


«Кім жылдам?» ойыны (ауызша)



Көшіріп жаз. Сан есімдерге сұрақ қой. Есептік сан есімнің астын - бір, реттік сан есімнің астын - екі сызады.






Реттік сан есімге – көптік жалғауларын, есептік сан есімге 3 жақтың тәуелдік жалғауларын қосып айтады.



Сабақты бекіту

«Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны
Мақал - мәтелді жалғастыру.
1.Батыр... рет өледі. \бір\
Қорқақ... рет өледі. \ мың\
2. ... атасын білмеген жетесіз. \жеті\
3. ... рет өлшеп,... рет кес. \жеті, бір\
4. Ер жігіттің... сөйлегені өлгені. \екі\
5........ тістен шыққан сөз, ... рулы елге тарайды.\отыз екі, қырық \
6. Ел қ
ұлағы... \елу\

«Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны

Кері байланыс

«Бес саусақ»

Қағазға алақанның суретін салып, әр саусаққа сабақтағы жасаған жұмыстарды жазу.

Кері байланыс жасалады

Бағалау


Қалыптастырушы бағалау


Қалыптастырушымен бағаланады

Үйге тапсырма


  1. Ереже жаттау.

28- жаттығу


ЕРЕЖЕ ЖАТТАУ

28- жаттығу











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2018
516
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі