Материалдар / Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы (Ашық сабақ)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы (Ашық сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар 7 (6) сыныптарға арналған. Жалпы ұстаз қауымына қажетті дүние деп санаймын. Есім ханның билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы жайындағы сабақта оқушыларға оқу мақсатына жету үшін деңгейлік тапсырмалар, "Ой талқы" бейне ролик, "Қара, Оқып шық,Жаз" - мәтінмен жұмыс жүргізілсе, сонымен қатар "Елші" әдісі өз тиімділігін береді. ВЕНН диаграммасы орындалады. "Кім жылдам" белсенді оқыту әдісі жасалды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
2276
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.4 бөлімі. Қазақ хандығының ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы дамуы

Мектеп:«Шолаққорған» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ордабаев Сәбит Досымбекұлы

Сынып: 7 «а»

Қатысқандар –19

Қатыспағандар -

Сабақтың тақырыбы

Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.1.10-қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау.

6.3.2.6.-қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау.


Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

Есім хан туралы мәлімет береді.

Оқушылардың басым бөлігі :

Есім хан мен Қасым ханның қазақ хандығын нығайтудағы рөлін анықтайды

Кейбір оқушылар:

Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдай алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу,түсіну,қолдану.



Бағалау критерийі

1.Есім ханның тарихтағы алатын орны туралы айта алады..

2.Есім хан, Қасым хандардың қазақ хандығын нығайтудағы жүргізген ішкі, сыртқы саясатын сипаттайды.

3.Есім хан мен Қасым ханның ел басқарудағы саясатының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқылым: Мәтінді оқи отырып,Есім хан ,Қасым хан туралы,олардың жүргізген саясатын зерделейді.


Тыңдалым: Бір бірінің пікірін тыңдайды, талқылайды.


Айтылым: Сыныптастар арасындатақырыпты қорғау барысында өз ойларын еркін жеткізеді.

Жазылым: Берілген тапсырмаға қорытынды жазады,венн диаграммасын толтырады.

Құндылықтарға баулу

Ұлттық құндылықтар:Есім ханның саясаты арқылы туған жерді, Отанды сүюге жетелеу. Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы барысында жүзеге асады. Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, дүниежүзі тарихы

Алдыңғы білім

Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығының сыртқы саясаты.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

2-минут




3-мин



1.Ұйымдастыру кезеңі. «Жылы лебіз...» әдісі арқылы оқушылар шеңбер құрып, тілек айтып, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлап, жақсы орта қалыптастыру.

2. «Вагон билеттері» арқылы топқа бөлу.

Жылдар, қалалар, хандардың аты жазылған кеспе қағаздар (билеттер) арқылы үш топқа бөлінеді.

1-топ Жылдар

2-топ Қалалар

3-топ Хандар.

Сол кеспе қағаздардағы (билеттер) жазылған жылдар, қалалар, хандар туралы мәлімет беру.




Акт, кеспе қағаздар




Басталуы

1-минут



7- минут































Ортасы:26 мин

3 мин


2-минут










Дайындалуға

4-мин

Қорғауға әр топқа 2-мин

(жалпы 6-мин)































Дайындауға

(5-минут)

Қорғауға әр топқа 2-мин

(жалпы 6-мин)




Үй тапсырмасын сұрау

«Карусель» әдісі арқылы 4-деңгейлік сұрақтар беріле отырып, үй тапсырмасы сұралады. Оқушылар тапсырманы топтар арасында біріге отырып, қорытындылайды. Әр топ сұрақтарға берілген жауаптарды толықтырып отырады.


1.Қазақ хандарын атап бер?

2.Тәуекел ханның билік құрған жылдарын айт?

3. Қазақ хандығында хан билігінің әкеден балаға берілуі кімдердің атымен байланысты.?

4.Тәуекел ханның сыртқы саясатының басты бағыттарын ата?


1.Тәуекел ханның билік құрған жылдарын ата?

2.Қазақ-өзбек қатынасы кімнің тұсында шиеленісті.

3.Не себепті Сырдария бойы қалалары үшін күрес Тәуекелдің саясатының негізгі бағыттарының бірі болып қалды?

4.Не себепті Тәуекел хан тұсында қазақ-өзбек қатынасы шиеленисті.?


1.Қазақ хандығының сыртқы саясаттағы басты қарсыласы кімдер ?

2.Қазақ-бұхар соғысы қашан болды?неше жылға созылды?

3.Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы арасындағы ұзақ жылдарға созылған соғыстың нәтежиесіқандай болды?

4.Тәуекел ханның сыртқы саясатының нәтежиелері туралы қорытынды жаса


«Күншуақ»- әдісі арқылы оқушылар өздерін бағалайды. Оқушылар барлығын түсінсе күнді, жартылай түсінсе күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе бұлтты таңдайды.




«Ой талқы». Жаңа сабақ бейнероликпен жаңа сабақты бастау:

Әдіс: Болжау

Сұрақтар:

1.Тәуекел мен Есім ханның арасында қандай байланыс болуы мүмкін?

2.Есім ханның хандықты басқару барысындағы жасаған құқықтық нормалары хандықты нығайтудағы ролі қаншалықты болуы мүмкін?

3.Хандықтағы Қасым хан мен Есім хан туралы қандай қорытынды жасауға болады?



«Қара. Оқып шық. Жаз» - мәтінмен жұмыс. (Төмендегі тақырыптар бойыша мәтінмен жұмыс)

«Елші» әдісі. жұптық, топтық жұмыс Әр топтан екі өкіл

қалып тақырыбты түсіндіреді

І топ: 1627 жылы Есім хан Жетісу жеріне  қалмақтарға  қарсы  жорыққа  аттанып кетеді. Оқиға былай болады....

Тапсырма : Марғасқа  жыраудың  мына  өлең  жолдарынан оқиғаны  қалай  сипаттап  берер едіңдер?

«Ей, Қатағанның  ханы Тұрсын,

Кім арамды ант ұрсын!

Жазықсыз елді еңіретіп,

Жер  тәнірісіп  жатырсың.

Хан емессің, қасқырсың,

Қара  албасты басқырсың

Алтын тақта жатсаң да,

Ажалы кеткен пақырсың!

Еңсегей бойлы  ер  Есім,

Есігіңе келіп  тұр:

Алғалы   тұр  жаныңды,

Шашқалы тұр  қаныңды!»

ІІ топ: «Есім  ханның ескі  жолы»  деп  аталатын құжатқа  сипаттама  беріңдер.

-Әдет – ғұрып заңы

-Мал- мүлік  туралы

- Қоныс тұрақ  туралы

- Адамдар  арасындағы  қатынас туралы

- Ел қорғанысын   нығайту

ІІІ топ: «Есім ханның ескі жолы» мен «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағының арасындағы өзара байланыс неде?


«Термометр». Оқушылар өз эмоциясын, тақырыптың қызықтығын, сабақтың өту барысын өзін-өзі бағалайды. (шапалақпен т.б)



2. Шығармашылық жұмыс

1-топ- Есім ханға мінездеме (постер қорғау)

2-топ «Есім ханның ескі жолы» «Қасым ханның қасқа жолы» (Т әдісі арқылы орындайды)

3-топ Қасым хан мен Есім хан арасындағы ұқсастықтар (Венн диограммасы)


Есім хан


Қасым хан



Ұқсастықтары












«Пантомима»-бағалау әдісі. Қолдарын жоғары көтерсе-сабақ жақсы өтті, басы төмен-қанағаттанған жоқ, беттерін қолымен жауып алса-ұнамады.



Акт,

Конверт

Стикер










Флипчарт

Маркер











Қазақ хандары туралы бейне күрсетілім корсетіледі

https://www.youtube.com/watch?v=LtM-RU5jlXA

https://www.youtube.com/watch?v=EnTcgJszvAw




















































Сабақтың соңы

3-минут






















1-минут




2-минут

Пысыктау.

«Кім жылдам» ойыны белсенді оқыту әдісі

Оқушылар белсенді түрде қатысып,тез жауап береді

1. Қасым ханның заңы қалай аталды? («Қасым ханның қасқа жолы»)
2. « Қасым хан тұсында қазақ хандығының астанасы қай қала болды?» (Түркістан)

3. Қасым хан кімнің баласы? (Жәнібектің)

4.Қасым хан тұсында қандай елдермен сауда саттық және дипломатиялық байланыс жасаған елдер? (Еділ бойындағы елдер, Батыс Сібір хандығы,Ресей)

5.Есім ханның билік құрған жылы? (1598-1628)

6.Есім ханның ең басты мақсаты? (Қазақ хандығын бір орталыққа бағындыру)

7. Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдар (Есім ханның Ескі жолы)


Оқушылар «Шеңбер бойынша жазу» әдісі арқылы бағаланады.


Үй тапсырмасы: Қазақ хандығын нығайтудағы Есім ханның рөлі тақырыбына эссе жазып келу.


Ой толғаныс: Рефлексия.

БББ әдісі. «Білемін-Білгім келеді-Білдім» кестесі

Білемін

Білгім келеді

Білдім







Оқушылар өзін-өзі бағалауы,топ жетекшілерінің бағалауы

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды






























Бағалау критерийлері.


1.Есім ханның тарихтағы алатын орны туралы айта алады.

2.Есім хан, Қасым хандардың қазақ хандығын нығайтудағы жүргізген ішкі,сыртқы саясатын сипаттайды.

3.Есім хан мен Қасым ханның ел басқарудағы саясатының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай алады

Дескриптор.


Есім ханның тарихтағы алатын орнын сипаттады


Қасым ханның «Қасқа жолы» мен Есім ханның «Ескі жолы» заңдар жинағын талдау арқылы қазақ хандарының жүргізген саясатын сараптады.


Есім хан мен Қасым ханның ел басқаруындағы саясатының ұқсастықтары мен айырмашылығына баға берді.





Балдар.



Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Карусель әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар

бердім.

Белсенді оқыту әдісінде «Кім жылдам» әдісін пайдаландым

Карусель әдісі кезінде оқушыларды «Күншуақ»- әдісімен бағаладым.

«Елші» әдісінде «Термометр» бағаладым.

Денсаулық сақтау технологиялары белсенді әрекетті жүзеге асыру.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ / оқу мақаттары шынайы ма?

Бүгін оқушлылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгірдім бе?










Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)

1.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!