Есімде Ауған соғысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есімде Ауған соғысы

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге КСРО әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Есімде Ауған соғысы» атты кеш



Сахна шымылдығы көрініспен ашылады. (Қария мен әжесі шай ішіп отырады. Немересі кеп әскерге кететінін, Ауған жеріндегі бейбіт халықты қорғауға баратындығын жария етеді).

«Соғыс деген немене?» Юлдаш Дана

  1. Жүргізуші:

Иә 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен 
Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы. Сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз.
(Мемлекеттік Гимн орындау)

  1. Жүргізуші:

Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп , қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды. 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
1- жүргізуші

Жау дейміз-ау, қолдан жасап жауыңды,

саясаттың солақайы уландырған тамырды,

бауырына бауыздап балдай ішкен

Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді.. 
2- жүргізуші

Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық. 

  1. Ақай Тілес Төленбайұлы Амангелді жалпы орта мектебінің Алғашқы Әскери дайындық пәнінің жетекшісі;

  2. Абдураимов Закир Кахарұлы Әмір-Темір жалпы орта мектебінің Алғашқы Әскери дайындық пәнінің жетекшісі;

  3. Бабаханов Ғафуржан Амирдинұлы Ұлықбек жалпы орта мектебінің Алғашқы Әскери дайындық пәнінің жетекшісі;

  4. Беркінбаев Ардабай Сейілбекұлы Балақаев жалпы орта мектебінің Алғашқы Әскери дайындық пәнінің жетекшісі;

  5. Дүйсекеев Серік Мұсаханұлы Шорнақ жалпы орта мектебінің Алғашқы Әскери дайындық пәнінің жетекшісі;

  6. Парманқұлов Хамза Насруллаұлы Қарашық жалпы орта мектебінің Алғашқы Әскери дайындық пәнінің жетекшісі;

  7. Қарабалаев Әлібай Алдабергенұлы ағамыз

  8. Телқожаев Асан Түркістан қалалық білім бөлімінің Алғашқы Әскери дайындық пәнінің әдіскері

  9. Алиакпаров Нұрлыбек Түркістан қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім қызметкері.

  1. Жүргізуші:

Қан кешкен он жыл,

Ерлікпен өткен тозақтан

Баласы елдің құтқарар әркез азаптан.

Атылған оқтар, жаралы достар қаншама,

Жазылар әлі батырлар жайлы том дастан

  1. Жүргізуші

Еске алып құрметтейміз, 
Құрбандардың рухын.
Қабірлері нұрға толсын,
Суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке
Айналсаңда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!

  1. Жүргізуші:

Құрметті қауым! Ауған даласында жоғалтқан достарды, ардагер ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық!

Өлең шумақтары оқылады.



2-жүргізуші:

  1. «Есімде – Ауған соғысы» атты кешіміздің алғашқы сөз кезегін Түркістан қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім қызметкері Алиакпаров Нұрлыбек мырзаға және қалалық білім бөлімінің Алғашқы ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ пәнінің әдіскері А. Телғожаев мырзаға береміз.



1-жүргізуші:

Күні кеше ғана КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 26 жыл болды. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды.
1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 14 күні КСРО – ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.
«Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті.

Көрініс «Соғыстан қайтқан солдаттар»



  1. жүргізуші

Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң, дей келе келесі сөз кезегін Ардагер ағаларымыз Тілес пен Закир ағамызға берсек, «Ерлік-жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман –сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау –біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, естен кетпес естеліктерден үзінді айта отырсаңыздар.



  1. Жүргізуші:

Қаншама ана із-түзсіз жоғалып, қан майданнан оралмаған балаларын – «Әлі де келер» деп, құртын орамалға түйіп баласына сақтап қойып, жылдар бойы күте-күте «қарайып», бірақ үмітін үзбеген қара кемпірлер болды. Қаншама әйел «қара қағаз» алып, күйеулерінің «Ерлік жасап қаза тапты» деген қаралы хабарын алып еңіреп қалды! 
Ауған соғысы да тап осылай! Со­ғыс­тан аман-сау оралса той жасар­мыз деп күтіп отырғанда, оның ор­нына цинк табыттың ішінде қи­рап-шашылып жатқан баласының мүр­де­сінің бөлшегін алып жылап-еңіреп қал­ған қаншама әке-шеше болды!

Ән «Қара кемпір» орындайтын ағылшын тілі пән мұғалімі Е. Тәжібаев

  1. Жүргізуші:

Қызығы балалықтың тарқамаған, 
Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан 
Аттанып қан майданға сендерсің
ғой 
Соғыстың бар азабын арқалаған.  Ғафуржан аға, Ардабай аға, адам жүрегіне жара, санасына ауыр салмақ салып, сұм соғысқа өз еркіңізбен бардыңыз баОйларыңызбен бөлісе отырсаңыз.

Ән «Ана туралы баллада» орындайтын 7- сынып оқушысы Юлдаш Диана




  1. Жүргізуші:



Жүрегі де алып, өзі де алып арыстан,

Қарулы қолы жау жағасында алысқан.

Батыр елімнің семсер ұлдары бар әне,

Жаралған биік Рух пенен Жігер, Намыстан.

Еліміз тыныш, батырларымыз аман боп,

Бірлік жасасын, атпасын енді азап таң. Ән. «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» орындайтын орыс тілі пән мұғалімі К. Дандыбаева



  1. Жүргізуші:



Жақсының әркез кең болатұғын ауласы,

Ерлік мінездің қазақта көп қой арнасы.

Оқ пенен оттан қан кешіп елін қорғаған,

Бауыржан менен Қасымдардың сен жалғасы,- деп ендігі сөз кезегін Серік, Хамза, Әлібай ағаларымызға берсек.



  1. Жүргізуші

Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жары, дос-жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы. 

Сақтады олар елін, жерін, қонысын 
Ақтады олар азаматтық борышын 
Сол үшін де қолтығынан сүйейік, 
Ардагерге-майдангерге 
Иейік біз барлық жерде 
Басымызды сол үшін. 
Ән Ұлы Отан орындайтын 7- сынып оқушысы Юлдаш Диана.



1 - Жүргізуші:
- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.

Хор Бейбітшілік сақталады.
2- жүргізуші

Бір кезде жауыздықпен жүрген сайрап,

Дұшпандар айдалада жатыр жайрап.

Қарайды аға батыр айналаға,

Бойынан лапылдайды жігер қайрат.

Келеді қос жанары отша жанып,

Ағалардың ерлігіне елім қанық.

Есімі ешқашанде ұмтылмайтын,

Тарихта аңыз болып қалары анық. Құрметті ағалар, сіздерге арналған «Есімде-Ауған соғысы» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз.


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2017
1140
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі