Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есімің есте қалар мәңгілікке

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Есімің есте қалар мәңгілікке»

Тобы: ФЗ- 16

Күні:03.02.2017

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Есімің есте қалар мәңгілікке »

Мақсаты: Студенттерге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жан аямас қиян-кескін соғыс тауқыметін бірге көрген қаруластар достығын, ондағы ер азаматтармен қатар күрескен батыр қыз Мәншүктің ерлігін үлгі ету.

Отан үшін жан қиған аталар пен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер.

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Қазақстан Республикасының Гимнін орындау. Студенттердің көңіл-күйлерін сұрау. Түгендеу.

ІІ. Негізгі бөлім.

Рисунок 4

Гүлім: Жиырмасыншы ғасырдағы он бір қанды қасырет қайсы десек, ол екінші жиһангерлік соғыс дер едік. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысып, майдан баталиясында 61 мемлекет тартылды. 40 елдің жері соғыс өртіне шарпылып, 110 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында 193жылғы алапат ашаршылықтан қырылып, Ұлы Отан соғысы қарсаңында 3.2 миллионға әзер жеткен, соған қарамастан батысқа 500 мың боздағын аттандырған бейбақ Қазақ елі бар еді. Біздің халқымыздың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

Ахмет: Демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтың пайымдауларына қарағанда олардың 350 мыңы қазақ тапты, хабарсыз кетті деген санатта майдан даласынан қайтпай қалған. Жеңіс туы тігілгеннен бері, міне, 65 жыл өтті. Бүгін сол сұрапыл соғыста Отаны үшін өмірін өиған апларымыз жайлы әңгіме сөз қозғағалы отырмын. 1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Аан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп (Моншағылым) деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала Мәншүк деп жауап берген. Солай аты Мәншүк болып қала берген. 1937 жылдың ұуғын-сүргініне Мәметовтер әйлеті де ұшырады. Ғылыми-зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта. Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы ұудаланып, халық жауы аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.

Гүлім: Мектепті бітіргеннен соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылады. Өтінішінде: Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайымда, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы.
















Ахмет: 1942 жылдың тамыз айында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да, майданға аттанады.Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады.Алғашында бригада штабында қызмет етті, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды.

Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтіп,пулмет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атұыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды, оны дивизия жауынгерлері де мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы  173.7 биіктігінде өте қатал соғыс болды.

Гүлім: Соңғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жолдстарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған.

Ахмет: Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдылығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Кеңес Социалистік Республика Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында неміс басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Гүлім: Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір-түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар.

Міншүк өзінің әкери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады.Мәншүктің басына оқ тиді.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Ахмет: Батыр қыздың құрметіне Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облысының еңбекшілері «Мәншүк атындағы танк колоннасын» құру үшін қаражат жинап, оған жасалған 26 танк майданға жіберілді. Батырдың туған жерінде мемориалдық музей, Орал қаласында да музей ашылды.

Гүлім: Невель,Орал,Алматы қалаларында ескерткіш орнатылып, Алматыдағы 28-орта мектеп пен медициналық институт алдында ескерткіш тақтасы қойылған және Қызылорда қаласындағы гуманитарлық педколледжге М.Мәетова аты беріліп, колледж алдына ескерткіші орнатылған. Қазақстанның ақын жазушылары М.Мәметова туралы көптеген өлең, поэмалар жазды. Қаһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.









































М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі

«Физика-математика» бөлімі













«Есімің есте қалар мәңгілікке»

Тәрбие сағаты













Күні: 03.02.2017

Тобы: Ф-З-16

Топ жетекшісі: Даниярова А.

Бөлім меңгерушісі: Сауяева Н.











2016-2017 оқу жылдары



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
350
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12