2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Есірткісіз болашақ

Есірткісіз болашақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: «Қыз өссе елдің көркі»

Жиналыс мақсаты:

  • Қыздарға адамгершілік тұрғысынан бойжеткен ережесін үйрету

  • Өз бойларындағы сұлулықты, әсемдікті сезіну, адамдармен қарым-қатынас іскерліктерін   дамыту

  • Қыздардың өз бойында инабаттылық, ибалық, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыруға, бірлікке, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қ тәрбиелеу   

  • Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу


  1. Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз 8-11-сынып қыздарымен бірлесе отырып, «Қыз өссе елдің көркі» атты қыздар жиынын өткізгелі отырмыз. Бүгінгі кешіміз пікірлесу, ой бөлісіп, көкейдегі сұрақтарымызға жауап алып, қыз тәрбиесіне байланысты мағлұмат алу мақсатында ұйымдастырылды. Жалпы қыз бала халықтың шырайы, болашақ ана, отбасының ұйытқысы болып табылады. Қазақ халқы ұл баладан гөрі қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән беріп, ақ босағаның ұйытқысы, шаңырақтың құт- берекесі деп еркелетіп, төрге отырғызған. Осындай ілтипатқа ие қыз баланың бойында сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық пен еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дамытуды халқымыз өте ежелден қолға алға.

  2. Жүргізуші: Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу – халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеп жүр. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да баршылық. Ата-аналары күн ұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Сондықтан қыздарымыз қырық үйден қойылар тыйымнан тыс қалып бара жатқан жайы бар.

  1. -Жүргізуші: «Бүгінгі қыздарымыз қандайсың?» (пікір алмасу)

Видеоролик көрсетіледі.

Сұрақтар:

  1. Сіздер қайсысын таңдайсыңдар?

  2. Не себепті?

  3. Қандай қорытынды шығаруға болады осы көріністен?



1-Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің қонағы акушер-гениколог дәрігері

___Кулсариева Гулжахан ортаға шақырамыз

2-Жүргізуші: 11-сынып оқушыларымен жұмыс

1.Бұл не?

2.Сен бұл затты қалай пайдаланасың?

3. Пайдалану ұзақтығын білесің бе?

(ортаға 3 оқушыны шақырамыз) (Асылзат, Ясмин, Айзат)

2-Жүргізуші: Мектеп медбикесі Аяганова Айгүл Жаксылыкқызы «Мектеп жасындағы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық сақталуы және жыныстық тәрбие барысындағы ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғуы» баяндама. (Слайд, презентация)



1-Жүргізуші: Қыздар!Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент,асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар! Сұлу да сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар!

2-Жүргізуші: Инабатты, ілтипатты, ұйымшыл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер! Ұлттық салт-дәстүрімізді, рухани қазынамызды жоғалтпай заман ағымынан қалмау-уақыт талабы. Өсіп-өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің тірегі жастар! Ал біздің жастарымыздың баянды болашағына сеніміміз мол!
































23 Қараша 2020
486
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі