Материалдар / "Есірткісіз болашақ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Есірткісіз болашақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдерге арналған есірткінің зиянды жақтары туралы мәлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
418
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Есірткісіз болашақ»

Бүгінгі таңда адамзат қоғамына орасан зор зиянын тигізіп отырған жайттардың бірі – ғаламдық проблемалар. Ғаламдық проблема дегеніміз — әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар.

Осы проблемалардың ішінде адамзат дамуының немесе үлкен жетістіктерге жетуінің жолында бөгет болып тұрған нашақорлық.

Нашақорлық қоғамымыз үшін қайғы-қасірет. Ал нашақорлық бар жерде наркобизнес жүретіні баршаға мәлім. Егер наркобизнестің жолын бөгесек, нашақорлықтан толықтай құтылуға мүмкіндік туады.

Осы нашақорлыққа жастар қалай алданады екен? Оның бірнеше себептері бар:

  • Білімсіздік: есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау.

  • Қызығу: қызығушылықтың туындауына көбінесе айналасындағылар мен бұқаралық ақпараттар себеп болады.

  • Ойын-сауық орындары: дискотека және басқа да ойын сауық орындары «ақ өлім» диірменінің құралдары мен қақпаны болып табылады. Ол жерге кірген адамның диірменнен өту ықтималы өте үлкен болады.

  • Қысым: жаман достардың қысым жасауы.

  • Әуестік: бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бір рет немесе екі-ақ рет көрудің өзі адамды қайтпас жолға салуға жеткілікті болады.

  • Мода: айналасындағыларға еліктеу. Қоршаған ортасы бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы оңай.

 Жастардың қауіп-қатерді жақсы көруі, жыныстық бұзылу, өзін-өзі көрсету, күшін дәлелдеуге тырысу, генетикалық құрылымының есірткіге бейімдігі, иманның әлсіздігі, нашар отбасы және бұзық қоғамнан туған сенімсіздік, болашақ туралы уайымның адамды жалғыздыққа итермелеуі, жоқшылықтың өзін-өзі өлтіруге итермелеуі, байлықтың масаңдатуы, мемендік есірткіге итермелейтін негізгі себептер болып табылады.

Есірткі — қармағына бір іліндірген соң, торға түскен балықтай қанша бұлқынғанмен, қайтып құтылу екі талай — кесел. Әсіресе, жастарды көктей орып, жуадай солдыратын пәленің нақ өзі — сол көкнәр, апиын, наша тарту деп аталатын есірткі құмарлық. Есірткінің әлемнің көп елдеріне жайылып, жасырын бизнестің ең қауіпті түріне айналуы қазіргі кездің ең өзекті проблемаларының бірден бірі.

Сондықтан болса керек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Бүкіл дүниежүзілік Саммитте Орта Азиядағы есірткі бизнесіне жүйелі түрде қарсы іс-қимыл жасау мақсатында БҰҰ бағдарламасын  әзірлеуді ұсынып сөз сөйлеген еді.

Нашақорлық–әлеуметке ортақ проблема. Жер бетіне миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Алайда, ол шекараны білмейді, нәсіл, жыныс, жас талғамайды. Нашақордың жолымен кеткен адам біртіндеп өзінің адамгершілік қасиеттерінен айырыла бастайды, психикалық тұрғыдан өзгереді, достарын, кейін отбасын жоғалтады, өзіне және жанындағыларға бақытсыздық алып келеді.

Ұзақ уақыт бойы нашақорлық мәселесі жабулы қазан күйінде қалып келді, ол туралы айтылмады. Қазір барлығы ол туралы біледі, бірақ әлі бұл өткір тақырып болып қалуда. Нашақорлыққа қарсы күрес құралы – оны таратуға қарсы бүкіл адамзаттың жұмылуы. Осы тұрғыдан алғанда, бұл құбылыстың барлық қасіреттері жөнінде адамдарды толық, жан-жақты, ақпараттандыру мақсатқа қол жеткізудің ең тиімді құралы екенін барлығы мойындайды.

Нашақорлық — адамзатқа берілген ең ауыр жаза. Нашақорлық – өзін -өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз бойында өмірді, ерікті, ақылды, қабілетті саналы, ерікті түрде бұзу.

Қорыта айтқанда, «Адамдар, әрекетті саналы түрде жасаңдар! Себебі есірткі деген уды бір рет қабылдау сауықпайтын зардаптарға әкелуі мүмкін. Нашақорлардың  көбі ұрпағын жалғастыра алмайды.

Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл айтылған кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып, аяғынан тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең — психологиялық көмек беру, екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды құрдымға кетіретін де олардың ішкі жан-дүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі емдеу жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу керек. Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл негізінен әлеуметтік дертке жақынырақ. Нашақорлықтан біржола құтылу мүмкін емес шығар сірә. Осы орайда, тағы да әлемдік зерттеулерге жүгінетін болсақ, есірткіге қарсы заңдарды қатайтудың салдарынан аз-маз мөлшерде есірткімен ұсталып жазықты болғандар есебінен әсіресе, дамыған елдерде темір торлар тұтқындарға толып кететінге ұқсайды. Құқық қорғау органдары ролінің күшеюі полицейлер мен арнайы қызмет мамандары тарапынан қызмет бабын асыра пайдаланушылыққа, заңды белден басып, бұрмалай қолдануға жол ашылады деп болжануда. Осындай іс-әрекет қарапайым халықтың азаматтық құқығын шектеуге ұрындырары хақ дейді ғалымдар. Қалай болғанда да Нарколог-мамандар мен ғалымдар және салауатты өмір салтына болысатындар түрлі амал-тәсіл ойлап табумен әлек. Ал нашақорлар болса, мұндай шаралардан бейхабар болуы былай тұрсын тіпті, өзінің болашағын ойлаудан да қалған.

Біздің ортақ міндетіміз — есірткісіз болашақ құру. Осы мақсатта біз әрбір үй, көше, аула, әрбір оқушы мен студент үшін күресуіміз керек. Біз елімізді нашақорлықтан тазарту үшін ұмтылуымыз қажет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!