Материалдар / "Есірткісіз болашақ"

"Есірткісіз болашақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдерге арналған есірткінің зиянды жақтары туралы мәлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
414
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Есірткісіз болашақ»

Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деп айтуға болады. Оған әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік. Бұған дәлел күн сайын әр-түрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жәйлі ақпарттар. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады.

Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген.

Бұларға гашиш, анаша, героин, кокаин, каннабис, апиын және тағы басқа заттар жатады. Психотроптық заттар-адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин және тағы басқалары жатады. Мемлекет тарапынан қаншама есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар қолданылып жатқанмен осындай қылмыстардың санының азаятын түрі көрінбейді.

Сондықтан қазіргі таңда қоғамымызда есірткілік заттарға және оның бизнесіне қарсы күрес күшейіп осындай қылмыстардың алдын-алу жолдары қарастырылуда. Соның біріне қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған және 2011 жылдың 18 қаңтарында қол қойылған заңның шеңбе-рінде Қылмыстық Кодекстің 259-бабының 1-бөлігі декриминализацияланды, онда өткізу мақсатынсыз есірткіні ірі көлемде заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілік көзделген болатын. Бұл есірткіге тәуелді адамдарға репрессивтік қысымды төмендету мақсатында жасалған қадам болатын.

Бірақта менің ойымша осындай ізгілендірудің салдарынан нашақорлар көбейіп кетпей ме, деген ой туындайды. Олар қылмыстық жаза қолданылмайтынын біле тұра одан сайын құлшына нашақорлықпен айналысуы мүмкін. Сосын әкімшілік материалдар, қылмыстық материалдарға қарағанда сапасыз жиналып, қылмыскер әкімшілік жазадан да құтылып кетуі мүмкін. Бұны әрине келешектегі статистикалық мәліметтерден білуге болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі №451 «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 — 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» Қаулысында «Есірткінің заңсыз айна- лымын ескертуде және жолын кесуде, осы құбылыстың таралуына ықпал ететін себептер 205 мен щарттарды жоюда әкімшілік-құқықтық құралдардың маңызды ролі бар екені атап өтілген болатын. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту қажеттілігі осы күресте пайдаланылатын әкімшілік-құқықтық құралдарды жетілдіруді қажет етеді» деп көрсеткен.

Аталмыш қаулыда нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту профилактикасында да ерекше тоқталып өткен. Бағдарламаның мақсаты-Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимылдың қалыптастырылып жатқан жүйесін жетілдіру. Нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалтудың негізгі үш деңгейін бағдарламада атап көрсеткен. Олар: бастапқы, екінші және үшінші.



Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,

Жаңадария ауылы №203 орта мектеп

Әлеуметтік педагог Кеңесбай Айдана


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ