Есірткісіз өмір - ғажайып атты мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есірткісіз өмір - ғажайып атты мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Есірткісіз өмір - ғажайып атты мақалада есірткі туралы толық қамтылған. Есірткіден қорғану жолдары айтылған. Бұл мақала байқауға қатысады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан

жарияланған байқауға



Есірткісіз өмір – ғажайып!



Есірткі - адам үшін ең қауіпті зат. Есірткі шеккен адамды «наркотик», «наркоман» деп атайды.

Оны шеккен адам қатты ауырып, ол жетіспеген жағдайда қатты қиналады, сол себептен жаны соған тәуелді болып қалады. Есірткі шеккендер өз - өзіне үлкен күнә әкеледі. Ол есірткіні қабылдай отырып, үлкен қателікке, ең ауыр ауру түріне шалдығады. Наркомандар есірткіні қолдана отырып өзіне де, өзгеге де зиянын, қасіретін алып келеді. Ол өзінің есірткіге тәуелді болған кезінде бекер жасағанын түсінеді, бірақ оны тастай алмайды. Яғни, қолын кеш сермейді. Енді міне, ол есірткіге тәуелді болды. Оған тәуелді болды деген сөз - өміріне бақытсыздық, қайғы - қасірет, үлкен күнә, ол аурудан құтылмайтындай кесапат әкелді деген сөз. Сөйтіп, ол өмірінің түрлі - түстілігін, бақыттылығын, ғажаптығын жоғалтады.

Ал егер сен бақытты, табысты, ғажайып өмір сүргің келсе есірткі қабылдамай, тіпті жанына да жақындамау керек. Сол себептен, мен: «мен есірткісіз өмірді насихаттаймын»

Бүгінгі күні адамзат арасында осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Ал мен үшін адам өмірі –ең басты құндылық. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек. Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Ең бастысы–есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет.

Мен де қаншама адамның көз жасына айналған бұл көкнәрға қатысты тұлғалардың жазасы қатаң болуы керек деп ойлаймын. Бұл тұрғыда біздің құқық қорғау қызметкерлерінің еңбегі орасан зор.

Қазіргі уақытта нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы өткізіліп жатқан шаралар арқылы көп ой тоқуға болады. Елімізде ең көп етек алып жатқан мәселе, ол - нашақорлық. Ол біздің мемлекетіміздің проблемасы ғана емес, дүниежүзілік проблемаға айналды. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп жатқаны ешкімге жасырын емес. Адам оған тәуелділікке түскен соң, кез-келген қылмысқа дайын тұрады. Әсіресе, жастарымыз есірткінің дәмін татамын деп, соңынан оның азабын тартып жатады.Осының салдарынан санасы уланып, болашағына балта шабылатындары қаншама? Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп жатқаны ешкімге жасырын емес.

Өмірге деген көзқарас әр адамда әр қилы. Өмір деген қызық. Біреуді құлатады, біреуді жұбатады. Біреуге сын айтады, біреуге сыр айтады. Біреуді баптайды, біреуді даттайды. Ал, мына көкнәрдің арбауына шырмалғандар өмір атты көпірден өз-өзін құлатқандар деп ойлаймын. Өмір сүре білген адамға өмір қымбат екені бесенеден белгілі. Сол, қолда бардың қадірін білмейтіндер, біле тұра өз өмірлерін адам төзгісіз етуге бар. Мен ешкімді кінәламаймын. Тек бәріміз бірге сол өмірді бағаламайтындарға қолдау көрсетсек екен деймін. Мен –өмірді қалаймын. Сенің де өмірді қалауыңа көмек қолын созамын...

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогигалық

жоғары колледжі 4 курс студенті

Дінісламова Жасмина Алтынбекқызы

  

 #ҚЗОПДЕҚҚІҰбайқауына

#есірткегеқарсыбайқауы

@upndpkzo





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2021
445
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі