Мектеп дәлізі тақырыпқа сай
безендірілген, ескерткіш, қызыл
дорожка
|
|
1-жүргізуші
|
Құрметті
қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдық
мерей тойына және мектебіміздің 10 жылдық мерей тойына орай Ахмет
ескерткішінің ашылу салтанатына қош
келдіңіздер!
|
2-жүргізуші
|
Жөн
көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жөн
сілтедім жақын емес , алысқа
Өзге
жұрттар өрге қадам басқанда
Дедім:
«Сен де қатарыңнан қалыспа!»
«Адам баласының дүниеде
шашатын жемісі-мәңгілік мейірімді қызмет» деп ақындарымыз айтқандай
адамдық диқаншысы-Ахмет Байтұрсынұлы
еді...
Ахмет Байтұрсынұлы
атамыздың аруағына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске
алайық...
|
1-жүргізуші
|
Ұлтымыздың ұстазы Ахмет
Байтұрсынұлының ескерткішінің ашылу салтанаты мектеп директоры
Кенжеков Сансызбай Домбайұлы мен Батыс Қазақстан облыстық педагог
кадрлар біліктілігін арттыру және даярлау институтының
директоры Измуханбетовнаға Софья
Салахадинқызына беріледі
|
|
Ескерткіш ашылу салтанаты
(музыка). Гүлшоқтарын қою..
|
2-жүргізуші
|
Сөз кезегін мектебіміздің
тарих пәнінің мұғалімі, мұражай меңгерушсі – Есентемиров Тілеген
Наурызбайұлына беріледі.
|
1-жүргізуші
|
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ
әліпбиінің реформаторы, қазақ филологиясы мен өнертанушының негізін
салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан газет «Қазақтың»
(1919-1918 ж.) тұрақты редакторы, көрнекті ақын, аудармашы,
публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы-ұстаз,
этнограф, фольклорист, композитор әрі
орындаушы...
|
2-жүргізуші
|
Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен
сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш
әліппесі мен оқулықтарының авторы, соңыдан із салған жаңашыл
ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927-
1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше
буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп- биімен” ашып, ана тілін
Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып
үйренді.
|
1-жүргізуші
|
Ахмет Байтұрсынұлының жас
қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес,
әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп санаймыз. Өткен
ғасырдың II- жартысында- ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап,
1923 жылы “Ер Сайын” жырын Москвада шығарады. 1926 жылы “23
жоқтау” атты жинағы жарық көреді. Бұл да қазақ ауыз әдебиеті
үлгілері. А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” атты
көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті
тарихына арналған тұңғыш зерттеу
жұмысы.
|
2-жүргізуші
|
Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және
мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген
аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет
жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға
енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары
ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын
оятты
|
1-оқушы
|
Оқуға
шақыру
Балалар! Оқуға
бар! Жатпа
қарап! Жуынып, киініңдер
шапшаңырақ! Шақырды тауық мана
әлдеқашан, Қарап тұр терезеден күн
жылтырап. Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң
да, Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан
да: Кішкене қоңыз да жүр жүгін
сүйреп, Барады аралар да ұшып
балға. Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың
орман, Оянып жан-мақұлық түнде
қонған, Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ
даусы, Сайрағы сарғалдақтың
сыңғырлаған. Өзенде балықшылар ау қарап
жүр, Тоғайда орақ даусы шаң-шұң
орған. Аллалап, ал
кітапты қолдарыңа! Құлдарын Құдай
сүймес жалқау болған.
|
2-оқушы
|
Ахмет Байтұрсынұлына
арнау
Қасиетті асыл мұра
көздерім,
Сауатсызға күрес ашқан
өздерің.
Тұған елге ана тілді мирас
қып,
Ел есінде сүргін болған
кездерің.
Әліпбиден оқулыққа жол
ашқан,
Арабшасы қазақшаға
жанасқан.
Ұлы ғалым сен өлмейсің
мәңгілік,
Байтұрсынұлы Ахметтен кім
асқан?!
Мұхиттан гауhар таптың қазақ
елге,
Тот баспас алтын әріп соққан
желге.
Инемен құдық қазған білім
деген,
Айналды ұл-қыздарың
кемеңгерге!
|
1-жүргізуші
|
Ахмет-еңбегі жанған жанның
бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты
Ахмет Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе
жатқан қазақ әдебиеті Ахметті өзінің басшысы деп санайды. Ахмет
ашқан қазақ мектебі, Ахмет түрлеген ана тілі, Ахмет салған
әдебиеттегі елшілдік ұраны-болып істеген еңбегі, өнер-білім, саясат
жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих
ұмытпайды.
|
2-жүргізуші
|
Тән көмілер, көмілмес еткен
ісім,
Ойлайтындар мен емес бір
күнгісін
Жұрт ұқпаса, ұқпасын,
жабықпаймын
Ел бүгіншіл, менікі-
ертеңгі үшін,- деген Ахаң бүгінде бізді болашаққа шақырып тұр.
А. Байтұрсынов қалдырған
рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен
көрінуіміз керек.
Мектебіміздің төрінен орын
тепкен Ахмет атамыздың ескерткіші -
оның өмірі мен шығармашылығын
келер ұрпаққа мәңгілік өнеге етіп жалғастырмақшы. Ахмет
Байтұрсынұлы рухына тағзым ете отырып, бүгінгі ескерткіш ашылуына
арналған салтанатты жиынымызды
тәмамдаймыз!
|
|