Материалдар / "Ешкі" туралы жинақ кітапшасы

"Ешкі" туралы жинақ кітапшасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ешкі туралы жинақ кітапшасында сабақта қолдануға болатын материалдар. атап өтетін болсам, мақал-мәтелдер, ертегілер, жырлар, тақпақтар, қызықты деректер, жұмбақтар
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Shape1

Shape2







Shape3









Сабирова Ж.Ж.

6 орта мектебі

Shape4















Shape5





Жұмбақтар



Shape6

₪  ₪  ₪

Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
                                     ( Ешкі )

₪  ₪  ₪


Азанда кетер ләйлекен,
Кеште келер ләйлекен.
Түрлі-түрлі жібектен,
Түймесі бар ілгектен.
( Қой, ешкі )

₪  ₪  ₪

Қайырып басын тастаған,
Қайқайып қойды бастаған.
( Ешкі )

₪  ₪  ₪

Асты пышақ, үсті істік,
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп-секіріп түскен.
( Ешкі )

Shape7

₪  ₪  ₪

Төрт аяғы бар,
Басында екі таяғы бар,
Иегінде екі сақалы бар.
( Ешкі )

₪  ₪  ₪

Сақалы бар,
Санасы жоқ.
( Ешкі )

₪  ₪  ₪


Шапаным да, тоным да,

Арқаның жүр жонында.

Атам соның соңында,

Таяғы бар қолында.

( Қой, қойшы )


₪  ₪  ₪

Ашылмаған сандықта,

Пішілмеген құндыз бар.

( Қозы )


Мақал - мәтелдер


Shape8


















Shape9

₪  ₪  ₪


Есi кеткен ешкi жияр,
Ешкiменен есiн жияр.

₪  ₪  ₪


Ешкiлi қой өреген.

₪  ₪  ₪


Ешкiнi түлен түртерiнде,
Шопанның таяғына сүйкенер.

₪  ₪  ₪


Қой көрмегенмен,
Ешкiлi байдың қызы едiк...


₪  ₪  ₪


Қотыр теке қора былғар.


₪  ₪  ₪

Shape10

₪  ₪  ₪


Бұрын шыққан құлақтан,
Кейiн шыққан мүйiз озады.

₪  ₪  ₪


Тоқал ешкi мүйiз сұраймын деп,
Құлағынан айрылыпты.

₪  ₪  ₪


Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкiге жан қайғы.

₪  ₪  ₪


Айдағаның бес ешкi,
Ысқырығың жер жарады.

₪  ₪  ₪


Shape11

₪  ₪  ₪


Ешкi жейдi ебелек
Ешкiнi жейдi кебенек.

₪  ₪  ₪


Ешкі егіз тауып қойдан аспас,

Ит сегіз тауып елден аспас.


₪  ₪  ₪

Ешкі сойғанның екі малы бар:

Мүйізі пышағына сап,

Терісі балаңа жарғақ.


₪  ₪  ₪

Тоқсан қабат торқадан,

Тоқтышағым терісі артық.


₪  ₪  ₪


Ешкіні құдай ұрарында,

Қойшының таяғына сүйкенер.

Shape12 ₪  ₪  ₪


Ешкі бастаған қой,

Егінге түседі.


₪  ₪  ₪


Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп

Құлағынан айрылыпты.


₪  ₪  ₪


Жаман теке — сүзіскек,

Жаман жігіт — ұрысқақ.

₪  ₪  ₪


Жалғыз ешкі лақтап,

Уызына жарытпас.


₪  ₪  ₪


Қой семірсе құт

Ешкі семірсе жұт.


₪  ₪  ₪

Shape13 ₪  ₪  ₪

Таудағы киік

Таста ойнақтаса,

Төменде тұрған текенің

Тұяғы қышиды.


₪  ₪  ₪

Сақал текеде де бар.

₪  ₪  ₪

Бір лақ екі адамды талтаңдатады.

₪  ₪  ₪


Егіз лақты ешкіге

Екі елі май кім берсін?!


₪  ₪  ₪

Есің кетсе ешкі жи,

Ешкі жиып, есің жи.

₪  ₪  ₪


Ешкі қырққан сайын бір өледі,

Ер жігіт ұялған сайын бір өледі.

₪  ₪  ₪


Shape14 ₪  ₪  ₪


Тентектің есі-дерті—бұзу,

Текенің есі-дерті — сүзу

₪  ₪  ₪


Жетім жылап күн кешеді,

Лақ маңырап су ішеді.

₪  ₪  ₪


Ешкі мінген балаға

Есек мінген ерсі емес.

₪  ₪  ₪


Бақ-бақ еткен текені

Қыс түскенде көріңіз.

Батырсынған көкені

Іс түскенде көріңіз.

₪  ₪  ₪


Тілеп алған баламды,

Теке теуіп өлтірді.


₪  ₪  ₪


Shape15 ₪  ₪  ₪


Ешкі тұқымы — егіз лақ,

Қой тұқымы — қоңыр тұсақ.


₪  ₪  ₪


Жылкы атасы — Қамбар ата,

Сиыр атасы — Зеңгі баба,

Түие атасы — Ойсыл қара,

Қой атасы — Шопан ата,

Ешкінің иесі — Сексек ата.

₪  ₪  ₪


Жылқыны бөгелек аздырар,

Ешкіні кебенек аздырар.

₪  ₪  ₪


Қасқырдан қайрат кетсе,

Ешкіні апа, текені жезде дейді.

₪  ₪  ₪


Лақпын деп ойлайды тоқал ешкі.

₪  ₪  ₪


Shape16 ₪  ₪  ₪


Бес бәлекке бес қарақшы,

Сегіз ешкіге сексен теке.


₪  ₪  ₪


Өзім асырап өсірген текешігім

Өзіме тап берді.

₪  ₪  ₪


Каскырданкайрат кетсе,

Ешкіні апа, текені жезде дейді.


₪  ₪  ₪




.






Shape17

Ертегілер елінде



Shape18

Екі лақ

Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой - ешкі көрінбейді.

- Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! - деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың - ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә! Мына жердің шөбін қара-а!» - деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр:

- Ақ лақ - ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! - деп, секіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады.

- Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар. Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, - дейді Ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады. Алдынан жыра кездессе - секіріп өтеді, тас кездессе - қарғып өтеді. Сөйтіп, екеуі бір кезде таудың етегіне ілінеді. Маңайда бір қара көрінбейді. Айнала жым-жырт. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді.

- Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, - дейді Түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, қашып кетеді-ау!» - деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады:

- Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз де бізбен бірге жүрерсіз.

- Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, - дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады.

- Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! - дейді Қасқыр.

- Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан-талқан боп ашуланып жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, - дейді Ақ лақ.

- Бә-ә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қара-а! Шақырып тұр, - деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады да:

- Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! - деп жөнімен жүре береді.

- Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә... Бә» деп маңырап қоя береді.

Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады.

- Мен сендерді ойдан-қырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, Ақ лағым, жарайсың! Сені «Ақ лақ - ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! - деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады.



₪  ₪  ₪






Ертегі - Жеті лақ

Shape19 Ертеде бір Ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде ешкі орманға жиналыпты.

  - Есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп ән саламын», - дейді.

Осы кезде Ешкі үйінің маңында Қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген. Ол лақтарды алдамақ болды. Қасқыр Ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.

Қасқыр ісмер адамға келіп, жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады. Ісмер таң-тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жShape20 іңішкертті.

Қасқыр Ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты. Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:

     - Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп әндетті.

Лақтар есікті ашты. Жауыз Қасқырға керегі сол еді. Ол үйге баса көктей, кимелей кірді де, лақтарды бірінен соң бірін қылғытып алды.

Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді. Сұрқия Қасқыр жетінші лақты ұзақ іздеді, бірақ таба алмады. Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын. Сондықтан ол зыта жөнелді.

Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр. Үй ішінде ешкім көрінбейді. Пеш ішінен бір лағын тауып алды. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып, зарлы үнімен зарлап жылады:

 Лақтарым. шұнақтарым, көлге біткен құрақтарым ! Есікті ашып, Қасқырға жем болдыңдар!

Ешкі Қасқырға келіп: «Сен бе менің лақтарымды жеп қойған?» – деп сұрады. Қасқыр оған: «Сенің лақтарыңды жеген жоқпын,» - деп жауап қатты.

«Жемегеніңді дәлелде. Кел, екеуіміз мына ордан секірейік. Егер сен менің лақтарымды жемесең, онда оңай секіріп кетесің!» – деді ЕShape21 шкі.

Қампиған қарнымен ордан секіру Қасқырға қиын түсетіні белгілі ғой. Амал қанша?! Секірді, бірақ өзін-өзі ұстай алмай, тура ыстық шоқтарды бар орға құлады.

Қарны жарылып, одан құлан таза лақтар орғып- орғып шықты. Олар аналарымен шұрқырасып табысты. Сөйтіп, Ешкі лақтарымен бұрынғыдай ауызбірліктері күшті, ынтымақты өмір сүріпті.




₪  ₪  ₪

















Shape22

Бес ешкі


Ертеде бір кедей болыпты. Оның бес ешкі, бір қара тоқтысы және бір құла аты болыпты. Кедей ешкілері мен тоқтысын байдың қойына, атын байдың жылқысына қосады екен.

    Бір күні азынап тұрған боранда бай бес ешкі мен қара тоқтыны, құла атты өз малынан бөліп, елсіз-күнсіз айдалаға айдап жібереді.

    Ұли соққан боран, үскірік аяздан бүрсең қаққан бес ешкі бір тасқа келіп ықтайды да, тасжарғанның бүршігін күрт-күрт шайнап тұра береді. Қара тоқты бишара оларға ере алмай, "Енді өлдім-ау" деп маңырап тұрғанда, тап қасынан бір түп көкпек көрініпті. Көкпектің түбіне келіп, теуіп-теуіп кеңейтіп, бүрлерін бырт-бырт шайнап, жата беріпті.

    Жал-құйрығына қар қатқан,

    Қабағын қалың мұз жапқан,

    Әрлі-берлі көп шапқан

    құла ат қамыстың арасындағы бетін көбік қар жауып қалған бір құдыққа күмп етіп, түсіп кетіпті.

    Оқыранып, осқырынып,

    Қайшылап тігіп құлағын,

    Жұлып жеп ернеу құрағын,

    күрт-күрт шайнап, о да тұра беріпті.

    Сөйтіп, кедейдің бар малы ақ боранның астында, қараңғы түңде айдалада қалыпты.

     Боранмен бірге құтырып, араны ашылған аш қасқыр жем іздеп келе жатып, қара тоқтының дәл үстінен түсіпті:

- Қара тоқты, қара тоқты, сені жеймін! - депті қасқыр.

- Ағатай, ағатай, мені жеме, ана жерде бес ешкі түр, соны же, - депті тоқты.

- Жарайды, - депті де, қасқыр аузын ақсита түсіп, бес ешкіге жетіп келіпті.

- Бес ешкі, бес ешкі, мен сеңдерді жеймін!

- Қасеке, қасеке, бізді жеме, ана жерде жалы құлағынан асқан құла ат құдыққа түсіп жатыр, соны же, - депті бес ешкі.

- Жарайды, - депті де, қасқыр құлағын тікірейтіп, арқа жүнін сыртқа теуіп, құла атқа келіпті.

- Құла ат, құла ат, мен сені жеймін! - депті қасқыр.

- Сен қасқыр едің, мен ат едім. Ең болмаса мені мына құдықтан шығарып алып, батпағымды тазарт, артыма шығып отыр да, бір аят оқы, сонан соң же. Онсыз да өлгелі жатырмын ғой, - депті құла ат.

- Жарайды, - деп, қасқыр құла аттың құйрығынан мықтап тістейді де, құдықтан шығарып алады. Аяғымен тырналап, батпағын тазалайды.

- Енді әрі қарап түр да, иманыңды айта бер. Мен құранды келістіріп оқимын да, келістіріп тұрып сені жеймін, - депті қасқыр.

      Құла ат құлағын жымырып, артқы аяғын бауырына алыңқырап тұра беріпті.

     Иен дала, айсыз түн, азынаған боранда өзімнен басқа батыр жоқ деп даңғойсыған бөрі құла аттың артына шығып, шоқиып отырады да, молдаларға ұқсап, екі көзін шарт жұмып, өзінше әндетіп, ұли бастайды.

     Андып тұрған құла ат қырындай түсіп, көз тастап, артқы аяғымен дәлдеп тұрып қасқырдың шықшытынан періп кеп қалады.

    Шықшыты сынып, екі көзі алдына ағып түскен қасқыр қылжиып жатып ұлиды:

     Қара тоқтыны жемеген

     Қобылан басым-ау, у… у…

     Бес ешкіні жемеген

     Бағлан басым-ау, у… у…

     Құла атты құдықтан суырып алған

     Палуан басым-ау, у… у…

     Артына шығып, құран оқып,

     Көз жұмар молда ма едім?

     Ау… у…

     Осыны айтады да, қылжиып жатып өледі.

     Ертеңіне таң атып, боран басылған соң, кедей бір төбенің басына келіп, былай деп малдарын шақырыпты:

     Қой баласы қоңырым,

     Ұя бұзбас момыным,

     Шопан ата түлігі —

     Қошақаным, қайдасың?

     Пұшайт!

     Пұшайт!


     Жүнін жұлса бақырған,

     Ешкі атасын шақырған.

    Өрісте өскен жануар — 

     Шөкетайым, қайдасың?

     Шөре!

     Шөре!


    Жолға шықсам - көлігім,

    Жапанда жүрсем - серігім,

    Қамбар ата өсірген,

    Құла атым менің, қайдасың?

    Құрау! 

    Құрау!

    Бұл дауысты естіген соң, құла аты қар бұзып, бес ешкі шұбап жол салып, қара тоқтыны соңдарынан ертіп, аман-есен иелерін тауыпты. Кедей малдарын әкеледі де, жылы қораға кіргізіп, астарына жайлап көң төсейді, пішен мен жемге тойғызады. Олардан көрген-білгендерін сұрайды да, әңгімеге әбден қанып алған соң:

- Сен неге басынды сауғалап, бес ешкіні саудаға салдың? - деп қара тоқтыға кінә қойыпты.

- Мүйізім болса өскен жоқ, буыным болса қатқан жоқ, өзім жалғыз, әрі әлім келмейтін болған соң, солардан бір зауал болар деп, бес ешкіге жіберіп едім, - деп жауап беріпті қара тоқты.

- Сендер неге өз бастарыңды сауғалап, құла аттың басын саудаладыңдар? - депті бес ешкіге.

- Сіздің құла атпен талай рет қасқыр соққаныңызды білеміз, сондықтан ер қанаты ат еді ғой, бір зауал содан болар деп едік. Онымыз дәл келді, әйтпегенде аш қасқыр бәрімізді жеп қоятын еді, - депті ешкілер.


₪  ₪  ₪







Ешкі туралы жыр



ДShape23 есе біреу: «ешкі менен қой тең бе?!»
Дер едім мен: «тектен текке сүйкенбе!»
Ешкі мен қой тең болмайды ешқашан,
Тұлғасы бір көрінсе де сырт елге.

Табанынан өтіп жатсын сыз, мейлі,
Тулағы мен төсенішін іздейді.
Көп ешкіден көргендей-ақ қорлықты,
«Қайда жүрмес ешкі менен қыз» - дейді.

Ешкі майын таңдайына қатырған
Талай ерлер ұйқысыз таң атырған.
Қой аз болса, ешкі санын көбейтіп,
Баққан малын талғажау қып отырған.

Сүті қандай уызынан жарытқан,
Түбіт қандай қалған барлық халық таң?!
Ешкіні апа, жезде деген текені
Қазағыма қасиетін танытқан.

Кім болды екен сөз қадірін кетірген,
Лақ қандай тау мен таста секірген?!
Бабамыздың өзі ешкіні, мен білсем,
Төрт түлікке қоспадым деп өкінген.

Таусылғанда беткейдегі бетегең,
Ешкі емес пе жол табатын төтеден.
Қой бастайтын көсем серке болмаса,
Қошқар артық бола ала ма текеден?!

Әңгіме айтып отырғанда кешқұрым,
Шопандардан талай сырды естідім.
Ескіні айтып еш кетпесе еңбегім,
Ешкі жайлы жазбақ едім есті жыр.

Болмаса да ала алмаған еш құны,
Мініп алып құнан, дөнен, бестіні,
Көк бөріні көкпар қылып тартқандар
Есі кетіп сүйрелеп жүр ешкіні?!



₪  ₪  ₪




Shape24

Түлкі мен ешкі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.


₪  ₪  ₪






Shape25

Қотыр торғай


Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырса, қотырының қатпарланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті. Торғай ашуланып:

Қап бәлем, сені ешкіге айтпасам! - деп, ешкіге келіп:

Ешкі, ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің? Ешкі:

Оны жемек түгіл, өзім лақтай алмай жатырмын. Торғай:

Қап бәлем қасқырға айтпасам!

Қасқыр, қасқыр, ана ешкіні неге жемейсің? Қасқыр:

Оны жемек түгіл, өзім байдың жабағысын жеп, тауыса алмай жатырмын. Торғай:

Қап бәлем, сені жылқышыға айтпасам!

Жылқышы, жылқышы, ана қасқырды неге ұрып алмайсың? Жылқышы:

Оны ұрып алмақ түгіл, өзім ұйқым қанбай жүр. Торғай:

Қап бәлем, сені байға айтпасам!

Бай, бай, ана жылқышыңды неге ұрмайсың? Бай:

Оны ұрмақ түгіл өзім қоспамды түгесе алмай жатырмын. Торғай:

Қап бәлем, сені тышқанға айтпасам!

Тышқан, тышқан, байдың қоспасын неге жемейсің? Тышқан:

Оны жемек түгіл, өзім інімді қаза алмай жатырмын. Торғай:

Қап бәлем, сені балаларға айтпасам!

Балалар, балалар, ана тышқанды неге ұрып алмайсыңдар? Балалар:

Оны ұрмақ түгіл, өзіміз асығымызды ойнай алмай жатырмыз. Торғай:

Қап бәлем, сендерді кемпірге айтпасам!

Кемпір, кемпір, ана балаларды неге ұрмайсың? Кемпір:

Оларды ұрмақ түгіл, өзім жүнімді сабай алмай жатырмын. Торғай:

Қап бәлем, сені құйынға айтпасам!

  • Құйын, құйын, кемпірдің жүнін неге ұшырмайсың?

Құйын соғып, кемпірдің жүнін ұшырыпты, кемпір келіп балаларды ұрды; балалар тышқанды ұрып жіберді; тышқан байдың қоспасын тесті, бай жылқышыны ұрды; жылқышы қасқырды ұрып алды; қасқыр ешкіні жеді; ешкі шеңгелдің сылдырмағын жеді. Сөйтіп, қотыр торғай өшін алды.

₪  ₪  ₪
























Shape26

«Көк теке»

Айыр сақал көк теке

Деді де бір: «Меке-ке!»-

Шықты секіріп қораға.

Жүрді басып алшаңдап,

Қарнын керіп талтаңдап,

Қаза айдаса, бола ма?


Қорада айғыр тұр еді,

Мінілмеген құр еді,

Жаңа ұсталған үйірден.

Текені көріп дүрс еткен,

Бірдеңесі бырс еткен,

Тепті келіп бүйірден.


Керді Теке көкірек,

Көрінді оған жақын көк,

Сүзейін деп ойлады.

«Меке-ке!» - деп кекірді,

Тұқырып басын секірді,

Қора ішінде құлады.


Қайтсін жануар күйген соң!

Тастай тұяқ тиген соң,

Көк теке мал бола ма?

Айыр сақал көк теке

Деді де бір: «Меке-ке!»-

Қалды сұлап қорада.


Мағжан Жұмабаев


₪  ₪  ₪
















Shape27


Екі теке


Екі теке келіп түсті көпірге,

Біреуі әрі, бірі бері өтуге.

Көпірдің дәл ортасында килігіп,

Біріне-бірі бақырды кейін кетуге.


Шайқасып бас, бірінің тілін бірі алмай,

Сүзіспекке кірісті қарап тұра алмай,

Тар көпірдің секірісті үстінен,

Бірінен-бірі қояр ма, сірә, кек алмай!


Екеуі де суға құлап тыныш тапты,

Жігіттік қып көпірді тез босатты,

Ерегестің нәтижесі осы да,

Таласқандар мұнан артық не тпапты?!


₪  ₪  ₪









Shape28






Қызықты

деректер





₪  ₪  ₪

  • Ешкілер 14-15 жыл тіршілік етеді.

₪  ₪  ₪

  • Ешкі бір-екі, кейде бесеуден лақтайды.

₪  ₪  ₪

  • Ешкі 40-60 киллограмға дейін тартады.

₪  ₪  ₪

  • Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады.

₪  ₪  ₪

  • Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15-18 см болады.

₪  ₪  ₪

  • Ешкінің лағын емізген кезде өте қатты шығаратын үнді «Бақыра маңырау» деп атайды.

₪  ₪  ₪







₪  ₪  ₪

  • Кебенек. Ешкіде болатын топалаң ауруын айтады. «Жылқыны бөгелек, ешкіні кебенек аздырады. Деген мақал осыдан шықса керек.

₪  ₪  ₪

  • Секіртпе. Ешкі ауруының бір түрі. Бұда топалаң ауруы сияқты болады.

₪  ₪  ₪

  • Шөре-шөре. Ешкіні лағына шақырғанда айтылатын сөз.

₪  ₪  ₪

  • Кебенек. Ешкіге айтылатын қорғыс сөз.

₪  ₪  ₪

  • Шек былай. Ешкінің бытырай, шашау шығып, өріп бара жатқанын қайыру үшін қолданылатын сөз.

₪  ₪  ₪

  • Ешкі сиыр ауыратын бруцеллез сынды аурулармен ауырмайды.

₪  ₪  ₪


₪  ₪  ₪

  • Ешкілер өздерін суреттен таниды. Суреттен ешкіні көргенде, бақылдап, сүзе бастайды.

₪  ₪  ₪

  • Ешкілер адамның көңіл-күйін сезеді. Олар қуана, ашулана, түсіне, кешіре алады.

₪  ₪  ₪

  • Ешкі азықты көп талғамайды. Бірақ сүйіп жейтін тағамы: банан, нан, сәбіз, алма, қант.

₪  ₪  ₪

  • Ешкінің жасын мүйізіне қарап анықтауға болады.

₪  ₪  ₪



  • Ешкі өте таза жануар. Ол біреудің тістеп тастаған алмасын жемейді.

₪  ₪  ₪






М а з м ұ н ы


Жұмбақтар.........................................................3 – 5 бет


Мақал-мәтелдер...............................................6 – 14 бет


Ертегілер елінде............................................15 – 36 бет


Қызықты деректер.....................................37 – 40 бет








3


15 Қаңтар 2019
774
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі