" Қазақ болып туғаныма мақтанамын"
"Мен - қазақпын..." Қандай терең оймен ,терең мағынамен айтылған сөз.
Қазақ деген сөздің тұңғиығында талай астар жатыр десем артық айтылмаған болар еді . Қазақ елі,қазақ жері -менің туған өлкем,Отаным. Елге деген құрмет,елге деген ыстық ықылас қолға қалам алдырмай қоймас.Өзін қазақпын деген әрбір азамат жүрегінің түбінде өз еліне, Отанына деген махаббатын сақтайды. Өзімді сондай қазақ баласының бірімін деп есептеймін.
Біздің жеріміздің әсем табиғаты, қолжетпес байлығы,дархан даласы өзге елдердің талайын артта қалдырары сөзсіз.Қазіргі таңдағы Қазақстан-мәдениеті жоғары,әлеуметі жағынан дамыған,өркениетті елдер қатарында.
Ел басшысы-Н.Ә.Назарбаев- өте әділ, өте батыл, өте Отаншыл адам.
Президент бастауымен еліміз алғашқы өркениетті елдер қатарына қосылды.
Мен Қазақстанда дүниеге келдім және қазақ екенімді мақтан тұтамын.
Қазақ елі ешкімнен тайынбаған, ешкімге мойынсынбаған ел. Өз егемендігін қатар алған елдер арасында біздің ел ерекше де өзгеше.Қазақстан - экономикасы жоғары дамып келе жатқан мемлекет, соның нәтижесінде елдің, халықтың жағдайы жақсарып келеді.
Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Осы жылдар аралығында еліміздің мақтанышы Астана қаласы бой көтерді,"Ел рәміздері" тұрақты орын тепті, "Ұлттық валютамыз" шығарылды, қазақтың салт-дәстүрлерін насиғаттайтын орындар етек жайды.
"Көптің күші көлдей, көшіп жүрген елдей"- демекші, Қазақстан халқының аса қадірлі ерекшелігі - халықтың еңбекқорлығында.
Еліміздегі ауылшаруашылық пен егіншіліктің қарқын алғаны соншалық, экономикамыз жедел түрде өсті.
Еліміз көпұлтты мемлекет боп саналуымен де ерекшелінеді.
"Көп біріксе - ел болар, көп - тілегі көл болар"-деп халық даналығы айтқандай, біріккен еңбектің арқасында еліміздің егемендігін сақтап отырмыз.
Сондықтан да мемлекетіміздегі білім саласындағы көзқарас жаңаша көрініс табуда.
Қазақстан болашағы - жастардың қолында десек,елімізді көркейтетін, елімізді болашақта өркениетті елдер қатарынан көрсететін біздер мен сіздер десем қате айтпаған болар едім. Елімнің болашағы үшін қызмет жасап, ел болашағына өз үлесімді қоссам менің алдыма қойылған мақсатымның орындалғаны деп есептеймін.
"Қазақстан мәңгі жасасын!","Қазақ елі жасасын!" деген ұранмен жастарға үн тастағым келеді.
Жүрегі "қазақ"деп соққан әрбір Қазақстан азаматы қазақ жерінің байлығы мен мұрасын,
тілі мен дінін сақтауға өз үлесін қосуы керек деп есептеймін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе
Эссе
" Қазақ болып туғаныма мақтанамын"
"Мен - қазақпын..." Қандай терең оймен ,терең мағынамен айтылған сөз.
Қазақ деген сөздің тұңғиығында талай астар жатыр десем артық айтылмаған болар еді . Қазақ елі,қазақ жері -менің туған өлкем,Отаным. Елге деген құрмет,елге деген ыстық ықылас қолға қалам алдырмай қоймас.Өзін қазақпын деген әрбір азамат жүрегінің түбінде өз еліне, Отанына деген махаббатын сақтайды. Өзімді сондай қазақ баласының бірімін деп есептеймін.
Біздің жеріміздің әсем табиғаты, қолжетпес байлығы,дархан даласы өзге елдердің талайын артта қалдырары сөзсіз.Қазіргі таңдағы Қазақстан-мәдениеті жоғары,әлеуметі жағынан дамыған,өркениетті елдер қатарында.
Ел басшысы-Н.Ә.Назарбаев- өте әділ, өте батыл, өте Отаншыл адам.
Президент бастауымен еліміз алғашқы өркениетті елдер қатарына қосылды.
Мен Қазақстанда дүниеге келдім және қазақ екенімді мақтан тұтамын.
Қазақ елі ешкімнен тайынбаған, ешкімге мойынсынбаған ел. Өз егемендігін қатар алған елдер арасында біздің ел ерекше де өзгеше.Қазақстан - экономикасы жоғары дамып келе жатқан мемлекет, соның нәтижесінде елдің, халықтың жағдайы жақсарып келеді.
Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Осы жылдар аралығында еліміздің мақтанышы Астана қаласы бой көтерді,"Ел рәміздері" тұрақты орын тепті, "Ұлттық валютамыз" шығарылды, қазақтың салт-дәстүрлерін насиғаттайтын орындар етек жайды.
"Көптің күші көлдей, көшіп жүрген елдей"- демекші, Қазақстан халқының аса қадірлі ерекшелігі - халықтың еңбекқорлығында.
Еліміздегі ауылшаруашылық пен егіншіліктің қарқын алғаны соншалық, экономикамыз жедел түрде өсті.
Еліміз көпұлтты мемлекет боп саналуымен де ерекшелінеді.
"Көп біріксе - ел болар, көп - тілегі көл болар"-деп халық даналығы айтқандай, біріккен еңбектің арқасында еліміздің егемендігін сақтап отырмыз.
Сондықтан да мемлекетіміздегі білім саласындағы көзқарас жаңаша көрініс табуда.
Қазақстан болашағы - жастардың қолында десек,елімізді көркейтетін, елімізді болашақта өркениетті елдер қатарынан көрсететін біздер мен сіздер десем қате айтпаған болар едім. Елімнің болашағы үшін қызмет жасап, ел болашағына өз үлесімді қоссам менің алдыма қойылған мақсатымның орындалғаны деп есептеймін.
"Қазақстан мәңгі жасасын!","Қазақ елі жасасын!" деген ұранмен жастарға үн тастағым келеді.
Жүрегі "қазақ"деп соққан әрбір Қазақстан азаматы қазақ жерінің байлығы мен мұрасын,
тілі мен дінін сақтауға өз үлесін қосуы керек деп есептеймін.
шағым қалдыра аласыз













