400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестациядан өтетін мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары

Эссе

Жаһандану дәуіріндегі білім беру жүйесі әлем бойынша түрлі факторлардың әсерінен елеулі өзгерістерге ұшырауда. Мұндай өзгерістер қоғамның қай саласына болмасын жаңа леп, жаңа тенденциялардың туындауына негізгі себеп болады. Әлемдік білім беру жүйесі де жаңа тенденциялармен толығып, заманауи білім берудің жаңа жүйесін жасап жатқанына куә болып отырмыз. Ендеше білім беру жүйесіндегі заманауи жаңа әрі негізі тенденцияларға шолу жасап көрсек.

ХХІ ғасырда қоғамның қай саласы болса да масштабты түрде қолданылып отырған тенденциялардың бірі- цифрландыру. Бұл үрдіс барлық салада кеңінен қолданылып, оң нәтижесін көріп отырмыз. Ал білім беру жүйесін қалай цифрландырып жатырмыз? Алдымен, заманауи цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілер арқылы білім алушылар әлемнің кез келген бұрышынан еркін, сапалы, қолжетімді білім ала алады. Бұл оқушы үшін арман-мақсаттарына, өзі қалаған мамандығына, білім алу платформаларына еш кедергісіз қол жеткізе алады деген сөз. Интерактивті тақталар, планшеттер, компьютерлік бағдарламалар және онлайн ресурстар сияқты технологиялар білім беруді жақсартудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынады. Олар интерактивті сабақтар құруға, оқуды жекелендіруге және оны барлық оқушыға қол жетімді етуге мүмкіндік беріп отыр. Білім саласындағы өзекті және табсты болып отырған тағы бір тенденция- жеке оқыту, яғни оқу орталықтары арқылы оқыту. Әрбір бала бірегей және өзінің күшті және әлсіз жақтары бар. Білім беруді дараландыру үрдісі оқушының жеке қажеттіліктері мен мүдделерін ескеретін оқытуды құруға бағытталған. Бұл әр түрлі оқыту әдістерін қолдануды, бағдарламаны бейімдеуді және әр оқушының үлгерімін бағалау және бақылау үшін технологияны қолдануды қамтиды. Оқушының жеке басының ерекшелігін ескере отырып оқыту- балада өзіне сенімділік сезімін қалыптастырады. Өзекті болып отырған иедялардың бірі практикалық бағытқа ұмтылу дер едім. Өйткені, қазіргі білімді практикалық қолдануға көбірек бағытталған, яғни баланың функционалды сауатты болуына басты назар аударылып отыр. Бұрын оқу бағдарламалары теориялық дайындыққа көп көңіл бөлінсе, қазір практикалық дағдылар мен құзыреттіліктерді дамытуға баса назар аударылуда. Бала алған білімін өмірде практика жүзінде қолдана алуы керек. Сонымен қатар, жоғарыда аталғандардың қатарына кәсіптік білім беруді қосар едім. Өйткені қазір еңбек нарығында кәсіптік білім алушылар мен жеке кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау жоғары деңгейде. Мектеп оқушысына дұрыс кәсіптік бағдар беріп, болашағын жоспарлауға қолдау көрсету де-білім берудің негізгі мақсаттарының бірі.

Сөз соңын И.А.Гончаровтың «білімнің қайнар көзі сарқылмайды, білім жолында адамзат қандайлық зор табыстарға ие болса да, ізденуден, ақиқатты ашудан, танып білуден еш айнымайды.» деген сөзімен қорытсам: білім жұтамайды, әлемді өзгертіп жатқан небір тенденциялардың бастауы- білімге құштарлық пен жаһанданудың негізі болып табылары анық. Жаңа тенденциялар білім сапасының артуына себеп болып, жас ұрпақты жаңа бәсеклестік пен жаңа өмірге дайындайды деп сенемін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.09.2024
280
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі