400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ЭССЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандық патриотизм – елдің тұрақты дамуының және гүлденуінің негізі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЭССЕ

Қазақстандық патриотизм – елдің тұрақты дамуының және

гүлденуінің негізі

Әр адам өз елінің патриоты болып келеді.  Күнделікті өмірде патриоттық әндерді тыңдаған кезде шабыт аласың, жүрегің кеудеңе сыймай, асқақтап, Қазақстан елінде туғаныңа мақтан ететіндей,  туған жерге деген ерекше сезімді бастан кешіресің.

«Патриотизм»  деген ұғымның астында туған жерге деген, өз ұлтына, нышандарына, халқына  деген үлкен жауапкершілік бар. Бірақ, қазіргі кезде осындай жауапкершілікті сезінбейтін адамдардың саны күрт өсуде.  Болашақ жастардың қолында дейміз. Дегенмен, сол жастарымыздың бойынан патриоттық сезімді сезіне алмай жүрміз. Соның бір дәлелі ретінде, жастардың сахна төрінде мас күйінде туымызды қорлауын, тілімізді бұрмалап ән айтуын, көптеген жастарымыз шет елде білім алып, қызметтерін сол жақта жалғастыруын айтуға болады. Бұндай мысалдар көптеп кездеседі. Осындай мәселелерді болдырмау үшін әр адамның бойына жастайынан туған жерге деген махаббатты, сүйіспеншілік қасиеттерін, еліміздің нышандарын тереңірек сіңіре білуге тәрбиелеу керек.

Барлық адам бірдей емес. Елімізді көркейтіп, басқа елдерде “Қазақстан” деген ел барын дәлелдеп жүрген, туымызды желбіретіп, абыройымызды асқақтатып, дамуына үлес қосып жүрген азаматтар да бар. Соларға қарап кейінгі ұрпақ та сол жолды жалғастырып, ізін суытпай алға қадам басып, бойларына қазақстандық патриотизмді сіңіріп, тәрбиені жалғастырса, біздің “Қазақстан” мемлекеті дамып кеткен елу елдің қатарына кіріп, елдің тұрақты дамуының және гүлденуінің негізі болар еді.

Қазіргі заманда, адам патриоттық тәрбиесін тек қана мектептен алатын сияқты. Ата-ана баласын мектепке жетектеп әкеледі, ары қарай баланың бойына тәрбиелік құндылықтарды мектеп сіңіреді деп ойлайды. Баланың қарым-қатынас ортасы, ата-анасы, мектеп үшеуі бірігіп, жұмыс жасағанда патриоттық азамат тәрбиеленеді.

        Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорытындыласақ, мен ұстазбын. Менің бойымда әрбір “Қазақстандық” азаматқа, туған жерге, Қазақстандағы әр нышанға деген патриотизм сезімі бар. Мен елдің тұрақты дамуына алдыма келген әрбір шәкірттің бойынан «патриотизм» сезімін оятуға бар күш-жігерімді жұмсау арқылы «теңізге тамған тамшыдай болса да» өз үлесімді қосып жатырмын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 желтоқсан
166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі