Материалдар / Эссе . Жанартылған білім беру мазмұнында педагогтың инновациялық қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе . Жанартылған білім беру мазмұнында педагогтың инновациялық қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Эсседе педагогтар үшін ой қозғарлықтай жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы педагогтың жаіашыл қызметі туралы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
628
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жанартылған білім беру мазмұнында педагогтың инновациялық қызметі

Ахметова Г.Н.

Қызылжар орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Республикамыздағы қазіргі білім беру жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты – еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілетін арттыру болып табылатындығы айқын . Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады :

  • Оқу-тәрбие үрдісіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу;

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін  қазақстандық білім беру жүйесіне тарату;

  • педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;

  • педагогикалық ұжым іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру;

  • кәсіби біліктілікті жетідіруде сараланған негізде ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;

  • нормативті құжаттар, мемлекеттік білім стандартын, тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, әдістемелік нұсқауларды талдап-игеру жұмыстарын ұйымдастыру;

  • мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;

  • мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми- зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру;

  • білім саласына әлемнің үздік жетістіктерін енгізу.

Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені, білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады. Коғам өз бетімен білім ала алатын және алынған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған  технологияларына көшу талабын қойып отыр. Бүгінгі күн талабына сай, ғылым жетістіктерін терең меңгеріп білім сапасын көтеру үшін ең алдымен жоғары білікті маман педагогтарды дайындау, мектептердің материалдық техникалық базасын нығайту, жақсы жабдықталған сыныптар мен дәріс оқитын аудиториялар, сапасы жоғары дәстүрлік немесе электрондық және мультимедиялық оқулықтар мен оқу құралдары ауадай қажет. Қазір білім алу үшін шекара жоқ, бүкіл әлемдік кеңістік пайда болды. «Білімге үш жол алып барады: ойлау, оқу жолы – бұл ең парасатты жол; еліктеу, ұқсау жолы – бұл ең оңай жол», – деп  Конфуций айтқандай әр адам теориялық білімін тәжірибеде жүзе ге асыруды мақсат ететіні сөзсіз.

Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Педагогқа өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды қолдана білуге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасын жаңарту критериалды бағалау жүйесі оқушылардың сонымен қоса мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Жаңаша оқытуда педагогиканың барлық аспектілері сындарлы оқытуға негізделген. Яғни оқушылардың бір-біріне сын тұрғысынан қарауы. Жаңаша білім беру мектептердің оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқу деп өзгерді. Белсенді оқуда топтық, жұптық, рөлдік ойындар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып белсенді оқуға жетілдіру. Жанартылған білім беру мазмұнында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде оқушылармен жұмыс жасау барысында негізгі қағида – оқушылардың функцианалдық сауаттылығын арттыру . Яғни оқушы сабақта алған білімін қоғамда, күнделікті өмірде қолдана білетін дәрежеге жеткізу.Яғни тыңдалым , оқылым арқылы оқушы анализ жасау, дәлелдеу, пікір айту қорытынды жасау тәрізді дағды қалыптастырады. Оқушы бойына аталған дағдыларды қалыптастыру үшән де негізгі бағыттаушы педагогтың жаңашылдығы бұл жерде өте маңызды екенін көреміз. Педагогтың инновациялык іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталады: өзінің жеке касеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, кабылдау кабілеті;жаңа ғылыми идеалар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге еңгізумен; педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдері өз бетінше жасаумен:педагогикалық кертартпалықпен, артта қалушылықпен белсенді күрес жүргізумен сипатталады. Демек,  білім мазмұнын жаңғырту  үрдісі мұғалімдердің  көзқарасын  түбегейлі  өзгертумен қатар жүргізілуі тиіс. Сонда ғана шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер  оқу-тәрбие үрдісін  алға  жылжытуы және оның негізгі бағыттарын біз ойлағаннан әлдеқайда жылдам жүзеге асыруды жалғастыра берері сөзсіз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!