Материалдар / Эссе : "Жаңашыл педагог"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе : "Жаңашыл педагог"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
954
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе «Жаңашыл педогог»

Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен тәрбиеші болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Тәрбиеші болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен  алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің бүлдіршіндерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын. Міне,

Осындайда «Ұстаз-ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.

Адамның өмірінде болашағына жол сілтейтін бір маңызды шешім қабылдайды. Бұл – кәсіпті таңдау.  Мен «Тәрбиеші» мамандығын таңдадым.

Тәрбиешінің жұмысың жеңіл деп айтуға болмайды. Бұл тынымсыз күнделікті жұмыс, менің мойынымда кішкентай баланы тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік жатады. Мен дұрыс мамандық таңдағанымды білемін.

Балалардың жарқың жүздері, күлкісі, ата аналардың ризашылығы соның белгісі. Біздің мамандық басқа мамандық сияқты емес, махаббатпен қоршалған,шынайы махаббатқа толы. Мен балалардың анасындай ,оларды жақсы көремін. Әр істеріне , сөздеріне түсінушілікпен қараймын.

Әрбір бала біз үшін меруертке тең. Тастардың ішіндегі арнайы өңдеуді қажет етпейтін тас. Әрбір меруерт бірегей және бірден-бір сәнді бұйым, тірі табиғат жаратылысынан туған. Бұл табиғаттың ең тылсым жаратылысы. Әр бала балабақшаға келгенде, өз үйіндегідей жылулықты сезініп, өзін еркін ұстап ,балабақшаны өзінің екінші үйіндей санаса ол тәрбиешінің зор еңбегі.

Мен «Нұрай» балабақшасында жұмыс істеймін.

Мен өз мамандығымды жақсы көремін, өйткені балалармен өсіп , жетіліп олармен бірге бақытты балалық шақты бастан кешемін.Менің нақты білерім мен дұрыс тандау жасадым.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма ...... жыл болған екен. Сол ....... жыл ішіңде әр түрлі семинарларға, конкурстарға қатысып келемін.

Менің кәсібіме, еңбек іс-әрекетіме деген көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Осы кісілерден алған ең басты сабағым-балаға деген мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу.

Мен осы тәрбиеші мамандықты таңдағаныма мақтанамын, өмірімді бір сәт те осы бүлдіршіндерсіз елестете алмаймын. Бүлдіршіндер — менің өмірімнің бір бөлшегі. Менің таңдаған осы жолым — үлкен жауапкершілікті, төзімділікті, ізденімпаздықты, шығармашылықты талап ететін киелі жол.

Бүгінгі ақпараттар ағылған технологиялық мәдениет дәуірінде заманауи тәрбиешілік қызметтің жауапкершілігі мол. Сондықтан да мен өз ісімді жоспарлауда ең алдымен «ХХІ ғасырдың нағыз педагогы қандай болуы керек?» — деген сұрақ тұрады. Осы сұрақ жауабын табу жолындағы ізденіс жұмыстарым, бүгінгі заманауи жаңашыл тәрбиешіні қалыптастырудағы жаңа істеріме бастама болды.  Кәсіптік шеберлікті, заманауи ақпараттық технологияларды толық игерсе ғана, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын және жаңартатын мол мүмкіндіктерге жол ашылатыны тәжірибеде дәлелденді. ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономиялық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу – әр ұстаздың міндеті. Педагог – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Оның негізгі басты мақсаты – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол жаңа заман адамын қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі заманғы педагог — ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш.  Сондықтан да ол шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңа формацияның жаңашыл ұстазы болуы керек. . Баланың жеке басының адам болып қалыптасуына  көңіл бөле отырып, оның жеке басының ерекшеліктеріне қарай оның жарасымды өсіп, жетілуін қалыптастыру. Осыған қарай тәрбиешінің міндеті -баланың қалыпты дамып,оның ұнамсыз жағын тезге салуға ықпал жасауына жағдай туғызу қажет болады.Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады.

Ендеше, олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін.Еліміздің болашағы- жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік- білім беру мекемесі –тәрбиеші.Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүр мен әдеп- ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, балабақшадағы тәрбие жұмысын  ұдайы жаңғыртып отыру қажет.Бала таза ақ парақ секілді не жазсаң, бойында сол қасиет қалады.Тәриеші өмір бойы  ізденіс үстінде  жүріп, жыл сайын  тәжірбиесін жаңартып, өзіңе тансық нәрселерді үздіксіз ізденіп , білгенін  үйретіп  білмегенін үйреніп жатса, нұр үстіне  нұр болады деп ойлаймын. Балғын  бөбектер мен тәрбиешілерге өмірде тек сәттілік тілеймін.
Көптеген қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынуға тиіс екенін ұмытпай, еңбегімізді осы бағытта құрамыз. Көптеген жылдар бойы тәрбиеші болып жүріп,түйгенім – тәрбиешілік еңбекке мен басы бүтін бой ұсынып, әбден қалыптастым. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді ешуақытта естен шығармаймын.

Тәрбиеші: Аукенова Т.Т.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!