Эссе
Мeн – қазіргі заман педагогімін
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы Ғафу Кайырбеков.
Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – дегендей, қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі — белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Дәстүрлі білім беруді ығыстыра отырып, елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған байланысты Қазақстанға (2012) Кембридж университеті ғалымдарының оқыту тәсілі, яғни жеті модуль идеяларынан тұратын білім беру мен білім алудағы жаңа бағдарлама енгізілді. 2013 жылы үшінші базалық деңгейлік курсты бітіріп, өз жұмысымды сол бағдарлама негізінде жоспарлап, жұмысымды жүргізудемін. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу, яғни оқушыға дайын білім бермей,оны дамыта оқытып, ізденушілік-зерттеушілік әрекетінің ұйымдастырылуын, игерген білімін іс-әрекетте пайдалана алуын көздейді, ал негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген. Осы курстан ерекше көңіліме түйгенім — әр күнде түрліше сабақты ұйымдастыру түрлері, яғни, балаға қолайлы орта жасау және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері болды. Бұл бағдарламаны оқып-үйреніп, оны өз жұмысымда қолданып кәсібімнің қыр-сырына тереңдей түстім. Міне,содан бері бірнеше аудандық десант сабақтар өткіздім. Соның ішінде биылғы оқу жылында Ақтау қаласындағы № 10 мектепте облыс көлемінде өткізілген “Бастауыш сыныптардағы білім мазмұнын жаңарту – берік білім негізін қалаудың кепілі”атты семинарда мен “ Оқытудың белсенді әдіс - тәсілдері ” тақырыбында коучинг өткіздім. Әрине мұғалімдер арасында коучинг өткізу мені қатты қобалжытты. Белсенді әдіс-тәсілдердің мағынасын түсіндіру, оны өз жұмыстарында қолданатындай қызықтыру керек екендігін түсіндім. Қазіргі жаңа білім мазмұнында оқу сауаттылығына үлкен мән беріліп жатқандықтан , мен мәтінмен жұмыс жасауға арналған әдіс-тәсілдерді таңдадым. Әуелі мұғалімдерді бір-бірімен таныстыру мақсатында "Карусель" тренингін өткіздім. Топқа бөлуге сауат ашу пәнінде барлық мұғалімге таныс "Жарыс " мәтінін алып , әр сөйлемнің бір сөзін көңілді жемістер артына жапсырып қойып, сол сөздерден құралған сөйлемдер бойынша 6 топқа бөлдім. Мұғалімдер қызыға бөлінді. "Көпір"бейнекөрінісін тамашалап, сол көріністен көргендері арқылы топтарының ережесін құрды. Міне содан кейін әр топқа тапсырмалар бердім. 1– топқа " Дайындал...Назар сал…Оқыңдар! "әдісі , 2-топ "Әліпби желісі " әдісі, 3-топ. "Құпия зат "– Осы зат туралы 5 сұрақ жазыңыз, 4-топ 6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі " Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?", 5-топ. «Де Бононың қалпақтары: мәтінге/суретке/оқуға ықпал етудің 6 тәсілі» әдістерімен тапсырмалар орындады. Мұғалімдер өте қызығушылықпен қатысты. Соны көрген менің алғашқыдағы қобалжуым өзіме деген сенімділігімді арттырды. Мұғалімдер өз жобаларын жақсы қорғап шықты. Әр тапсырмаға критериалды бағалау әзірлегенмін. Мұғалімдер өз жұмыстарын сол арқылы бағалады. Көптеген мұғалімдерде критериалды бағалау туралы ұғым қалыптасты.Оның сабақ барысында пайдаланудың ерекшелігін ұғынды. Менен критериалды бағалауды күнделікті сабаққа қалай әзірлеуге болатыны туралы сұрап жатты. Мен өзімнің бар білетінімді айттым. Кері байланысты "Почта " әдісі арқылы алдым. Мен осы мұғалімдердің жазған хаттарын оқып , дайындаған коучингімнің жоғарғы деңгейде өткенін түсіндім. Коучингті барлық мұғалім бір ауыздан өте керемет деп бағалапты. Мен барлық мұғалімнің көңілінен шыға білгеніме қатты қуандым. Өзімді бір жұлдыздай сезіндім. Еңбегіңнің жемісін көру бір ғанибет екен!!!!! Осы жылдар ішінде менің түсінгенім, кез келген оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, әр балаға қарай жұмыс жасасақ, талантты да, дарынды оқушылар өздері суырылып шығады екен.
Даукараева Жамила Базарбаевна Бастауыш сынып мұғалімі