Эссе " Тәрбиеші - ұлы тәрбиенің тірегі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе " Тәрбиеші - ұлы тәрбиенің тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға керек.Тәрбиеші тұлғасын мадақтау,айқындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәрбиеші –ұлы тәрбиенің тірегі»

«Тәрбие - тал бесіктен басталады» дегендей, ата бабамыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүр тәлім тәрбиені әке мейірімі мен ана сүтінен нәр алып өсетін болашақ ұрпақтың бойына сіңіру,олардың ұлт болып,улкен азамат болып қалыптасуында тәрбиешінің де атқаратын қызметі,берер тәрбиесі сіңіретін еңбегі орасан зор.Деседе, тәрбие беруде қоғамның да,ата-ананың да атқарар рөлі бар.Мектепке дейінгі ұйымдарда балабақша табалдырығын аттаған сәбилер мен жұмыс жасаудың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау,әрбір балаға жеке көңіл бөліп,олардың мінез-құлқын танып білу,жан дүниесіне жол таба білуі бұл, тәрбиешеінің шеберлігі,борышы,міндеті деп білемін.

«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле,сонда ғана оның болашағы білік» дегендей, тәрбиеші бала тәрбиесінде әрдайым өз жұмысын жетілдіріп, жаңартып, шығармашылығын, шеберлігін жаңғыртып отыруы және жауапкершілікті сезінуі керек.Тәрбиенің ең маңыздысы халқын,өз Отанын сүюден басталады.Баланы өз құрбы-құрдастарымен ,отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуін қадағалау,бағыт-бағдар беру, әрдайым еркіне жіберіп,шамадан тыс еркелігін орындай беру,оны тентек,жасқаншақ қылып жіберетіндіктен,темірдей тәртіпке бағындыру,шыдамдылыққа,табандылыққа үйрету мұның, барлығы тәрбие беруде ескерілетін жағдай. Балалардың дамуы,жүріс-тұрысы,сөйлеу мәдениеті,оң мен солын,жақсы мен жаманды ажыратуы,ой-өрісінің қалыптасуы,іс-әрекеттері баланың қаншалықты тәрбиелі екендігінен хабардар етіп тұрады.

Өз болашағымыздың жарқын болуы үшін ұрпақ тәрбиесінде өмірге деген көзқарасын және жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін шаршамай еңбек етіп,рухани азық беріп,жол көрсетіп,бағыт-бағдар бере отыра,ұрпақ тәрбиесіне терең мән беріп,алаңдаушылықпен қарағанымыз абзал.Біздің болашағымыз - біздің балаларымыз.Біздің балаларымыз – біздің үмітіміз!

Дилмағамбетова Ғ.Б.

Амангелді ауданы

«Қаламқас» бөбекжай

балабақшасының тәрбиешісі







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2020
965
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі