Материалдар / Эссе " Януш Корчак"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе " Януш Корчак"

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе Ізгілік класиктерінің көпшілігінің өмірінде ойы, сөзі және ісі бірлікте шығатын тұлға. Сондай тұлғаның бірі Януш Корчак болатын. Мен өз жұмысыма Януш Корчакты алған себебім, ол адам жайлы көрген фильмдер, оқыған кітаптарым мені қатты тебірентті. Бұған дейін Януш Корчак педагогиканың классигі деп қана білетінмін. Бірақ еңбегімен толық таныс емеспін да. Осы курстың арқасында терең танысып, қызығушылығым оянды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1109
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылжар ауданы

Озерное орта мектебінің

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Жиентаева Акерке Сүлейменқызы

Ізгілік класиктерінің көпшілігінің өмірінде ойы, сөзі және ісі бірлікте шығатын тұлға. Сондай тұлғаның бірі Януш Корчак болатын. Мен өз жұмысыма Януш Корчакты алған себебім, ол адам жайлы көрген фильмдер, оқыған кітаптарым мені қатты тебірентті. Бұған дейін Януш Корчак педагогиканың классигі деп қана білетінмін. Бірақ еңбегімен толық таныс емеспін да. Осы курстың арқасында терең танысып, қызығушылығым оянды.

Поляктың көрнекті ұcтазы, жазушы, дәрігер әрі қоғам қайраткері, еврей ұлтының өкілі Я́нуш Ко́рчак.

29 жасында Корчак өзінің отбасы болмаған, еврейдің жетім балаларын өз балаларындай тәрбиелеймін деп шешті. Жинаған қаражатына Жетімдер үйін салады, өзі күндіз сонда еңбек етіп, түнде балаларға арналған ертегілер мен үлкендерге арнап тәрбиелік кітаптар жазады. Олардың ішінде «Король Матиуш I» және «Король Матиуш на безлюдном острове» — кітаптары ерекше.

Януш Корчактың «Баланы қалай сүю керек» деген еңбегі бар. Осы ерлігімен "Тек сөзбен емес, іспен сүйе біл"деп тұрған жоқ па, Корчак? Балаларды тәрбиелеу мәселесі бойынша негізгі кітапты оқып, онда педагогтың ақылымен таңқалдырған ойларына тап болдым: « Адамның ең маңызды кездесулері – оның балалармен қауышуы екенін ұмытпа. Балаларға үлкен көңіл бөл. Біз ешқашан бала жанындағы кіммен кездесетінімізді білмейміз». « Өз балаңды әр жағдайда сүйе біл – дарынсыз, жолы болмағыш, ересек сияқты кез келген күйінде жақсы көре біл. Онымен қарым-қатынас жасаған сайын қуан, себебі бала сенімен уақытша ғана болатын мереке”   «Мен бала неге кемелденген музыкант бола алатынын түсінемін. Біз оның суреттеріне жіті назар аударсақ ақынды, суретшіні, сезім шеберін көреміз», дейді Януш Корчак.

  Януш Корчак балалар туралы көп білді және оларды ерекше түсіне алды. Ол балалармен үлкендерше баласынып та емес, не баланың деңгейіне түсіп те емес, олармен тең дәрежеде, сеніммен, сыйластықпен сөйлесетін. Балалар оны ерекше сүйетін.

Корчактың айтқандарынан: Сіз балалар бізді шаршатады ,- дейсіз. Оныңыз рас. Сіз оны былай деп түсіндіресіз: -Олардың түсіну деңгейіне дейін төмендей білу керек. Төмендеу, түсу, еңкею... Қателесесіз. Біз одан шаршамаймыз. Біз олардың сезімдерін түсінерлік деңгейге жоғарылай алмай шаршаймыз. Жоғарылау, тырмысу, жетуге тырысу. Ренжітпеу үшін.

Яғни мақсат -  жаңа талаптарға сай  білім-тәрбие берудің формалары мен әдістерін іздеу, солар арқылы тәрбие ісін жүзеге асыру. Осы тұрғыда тәрбие берудегі жаңа заманғы әдіс-тәсілдер мәселесін түсінуге педагог-гуманист Януш Корчактың  еңбектеріне жүгіну көмектеседі деп ойлаймын.

Корчактың еңбектерін зерттеу, оның биографиясы мен педагогикалық қызметіне  жүгіну біздерге келесіні түсіндіреді: Балалық шақ – өмірге дайындық кезеңі емес, ол нағыз өмірдің өзі! Ол – үлкен құндылық. Өйткені, Корчак балалармен  30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, оларды өзгеден артық білген әрі түсінген. Корчак балалардың көп ағымымен жұмыс істеп, бұл еңбекті өзге жаннан артық білген. Корчак керемет жазушы-публицист, ол балалармен, тәрбиешілермен тілдесуді  өзгелерден  артық білген.

«1942 жылы 5 тамызда "Жетімдер үйінің"200-дей балалары мен 9 тәрбиешілері сап құрып Варшава көшелерімен келеді. Жетімдер үйінің басшысы Януш Корчак, ұлы жазушы болғандықтан гитлершілдердің оның колоннадан шығып, кетуін талап еткенінен бас тартып, екі кішкене ғана еврей балаларының қолынан жетектеп келеді. Бұл колонна өлім лагері Треблинкиге айдалып келеді.

Бос уақытын кедейлер көшесінде өткізді,емдеп,кедейлерге тегін тамақ таратып,кешкі поэзиялық кеш ұйымдастыратын еді. Университет бітірісімен балалар ауруханасына жұмысқа тұрды,балалар калониясында кітап жазды. Ол дәрігер ретінде орыс япондық және бірінші дүние жүзілік соғысқа қатысты,бірақ ол қайтып балаларға оралды.

Kорчактың жұмысын оқып, зерттеп, оны дәстүрлі жүйемен салыстыра отырып, біз: «Авторитарлық педагогиканың  негізі -  балаға болашақ ересек ретінде қарау, ал  балалық шақтың түп негізі - өмірге дайындау», -  деген шешімге келдік.  Mұнымен, көбіне, педагогтардың баланы басқаруға, оны өзіне бағындыруға  ұмтылуы түсіндіріледі. Балалық шақтың барлық мәні жоғалып,  ол  тек нағыз ересек өмірге дайындау баспалдағы ретінде қарастырылды.

Біз, мұғалімдер, оның еңбектерімен таныса отырып, ақылды, мейірімді әрі түсіністігі мол кеңесшімен диалог жүргіземіз. Себебі, бүгінгі таңда Корчактың балалық шаққа құндылық ретінде көзқарасы өте өзекті. Корчактың ойынша, жарқын балалық шақсыз бақытты өмір құрылмайды. Осыдан балалық шақты аялау керек екенін түсінеміз.

Корчактың гуманистік идеяларын түсініп қана қою жеткіліксіз. Біздер, болашақ педагогтар үшін  идеяларды жүзеге асыру маңызды, біз өзара түсіністікке, сыйластыққа әкелетін құрмет педагогикасын оқуды, үйренуді мақсат етуіміз керек.   Корчак мұрасы арқылы, тәрбие берудің мақсатталған бала тұлғасын қалыптастыру процесі емес, баламен біріге, диалог негізінде жүргізілетін процесс екенін түсінуге болады. Тәрбие беру процесінің өнімді жүргізілуі үшін педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынас гумандық сипатта болу керек

Қорыта келе, Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге – мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан, Януш Корчактай ұстазға еліктеп, ұқсап қалыптассақ, алдымыздағы шәкірттеріміз де сондай боп шығарын түсінеміз. Шынында да, бала болашағы – біздің қолымызда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолда ұлы ұстаздарға ұқсай алсақ, де биік шыңға шыққанымыз емес пе?


Әдебиеттер:

1. Вклад_Януша_Корчака_в_педагогику.    

2. Как любить ребенка: Книга о воспитании: Я. Корчак.  М.: Политиздат, 1990. 

3. Электронная библиотека : Януш Корчак  

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!