Эссе
«Абай - қазақтың
шамшырағы»
Бүгінгі күні Абай
шығармашылығы несімен өзекті, қажетті деген сұрақтар барша қауымды
толғандыратыны анық. Дана Абай туылғанына 175 жыл толғалы отырған
тұсында да, қанша уақыт өтіп, адамзат баласы жаңа даму сатысына
көтерілсе де, тұтас бір халықтың адастырмас темірқазығы, сарқылмас
қазынасы болып отыр
Абай туындылары бүгінде
біздер, ұстаздар үшін, ұлттық тәлім - тәрбиенің негізгі оқулығы
рөлін атқаруда. Абай білімі терең болғандықтан, оның шығармаларында
дүние, өмір, тіршіліктің мағынасы, қоғам мен заман, болашақ туралы
толғаған ойлары да аса терең.
Ендеше осы тереңдікті балаларға ұғындыру ұстаздан талай дүниені
талап етеді.
Әр ұрпақ Абайды өзінше танып,
өзінше оқып, өзінше танытады. Дәл қазіргі уақытта рухы мықты ұрпақ
тәрбиесі үшін Абай құдіреті қажет болып отыр. Әр адам баласы Абай
әлеміне үңіліп, Абайға бет бұрғаны дұрыс. Әрбір азамат Абай
қарасөздерін өзінің дұрыс жолға салар бағдаршамындай көруі керек.
Себебі дана Абайдың айтқан әрбір сөзі саналы адамның көкірегіне ой
салып, адамшылық жолға тәрбиелейтін өсиеттен
тұрады
Ұрпақты Абай үлгісінде
тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке
бастайтын жол.
Ұлы дананың қай еңбегін оқымайық, ол ақыл - нақылға, тағылымға
толы.
Абай өзінің кіршіксіз ақ
жүрегін тебіренткен сансыз ойлары, тамаша шығармалары, қарасөздері
мен жалынды жырларында маржандай төгілдіреді, оның әрбір сөзінен
соншама жақын лебі сезіледі
Ол леп өткен заманның тынысы
болса да, бізге түсінікті, жүрегімізге
қонымды.
Өйткені Абай лебі, Абай үні,
Абайдың тынысы – бүгінде теңдік алып, дербес ел атанған, басқа
елдермен терезесі тең болған, кең байтақ Қазақстанның, қазақ
халқының тынысы. «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына
сөз қалдырған»,-деп ақынның өзі айтып кеткендей, Абай бүгін жарқын
бейнесімен, жалынды жырымен, нақыл сөздерімен де бізбен жасасып
келеді.
Тараз қаласы С.Нұрмағамбетов
атындағы №10 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Бостанова Алмаш Максутовна
Сынып сағатының тақырыбы:
Біз әртүрләмәз, бірақ біз біргеміз!
Сынып сағатының
мақсаты
Толеранттық ұғымын кеңейту.
Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінушілікпен,ізгілікпен
қарауға үйрету. Жасаған әрекеттеріне жауапкершілікпен, қасындағы
адамдарға шыдамдылықпен қарауға тәрбиелеу. Ата-ана мен бала
арасындағы байланысты күшейту, оқушы
ларды инабаттылыққа,
тәртіптілікке шақыру.Ұжымдық, достық қарым-қатынасты
қалыптастыру.
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті
тақта,түрлі-түсті қағаз, А4, А3, фломастер, суреттер, пазл,
қобдиша, түймедақ гүлі,жіп
орамы,орындық,стикер.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Психологиялық ахуал
құру
Жаттығу: «Сиқырлы
қобдиша»
Жаттығуға ішіне дөңгелек айна салынған қобдиша
қажет. Барлық қатысушылар көздерін жұмады.
Барлығы қарап болғаннан кейін.
-
Өмірдегі ең ерекше адам кім
екен?
-
Сіз күлімсірегенге ол калай жауап
берді?
-
«Ерекше» сөздің мағынасын қалай
түсінесің?
-
Ерекше,қайталанбас тұлғаға не тілер едіңіз?
(слайд 1)
-
Топқа бөлу
1-топ ата-аналар
Оқушылар екі топқа бөлінеді.Оқушылардың артына
суреттер жабыстырылған (алма,алмұрт),бір оқушының артында гүлдің
суретін жабыстырамын. Балалар өз тобын ымдап іздейді. Жалғыз оқушы
өз тобын таба алмайды.
-
.... тобы жоқ екен. Енді не
істейміз?
-
Мүмкін біреулері қабылдайды. Барып сұран. (бір
топ қабылдап алады)
-
Сендер неге қабылдадыңдар,ол сендер сияқты емес
қой?(оқушылардың жауабы)
-
Ал, адам ретінде ол кім
сендерге?
-
Саған жалғыз болған ұнады ма?
-
Жоқ.
-
Оқушылардың тақпақтары:
1-оқушы:
Достықтың болған емес
шекарасы,
Елімнің мен де туған бел
баласы.
Отанға миллиардты берді тағы
Қазақтың қасиетті кең даласы.
2-оқушы
Ынтымақ –достық береке –
Бағымыз біздің жайнаған.
Ынтымақ-бақыт, мереке
Шаттыққа толы айналам.
3-оқушы
Ынтымақ тасқынымен тастым да
мен,
Кең жайдым құшағымды достыма
мен.
Біргеміз өмір-бақи,
отандастар,
Жалғасар өміріміз достықпенен
-
Негізгі бөлім
-
Конвертте беріледі. Пазл құрау
-
Суретте не бейнеленген?
-
Бір бөлігі жоқтығы байқалып тұр ма? Ол бөліктін
маңыздылығы неде?
-
Осындан қандай түйінді ой шығаруға
болады?
-
Бұл бөліктін өз орны бар, онсыз сурет толық
емес. Сол сияқты әр қайсымыздың орынымыз бұл өмірде бөлек,
әрқайсымыз бұл өмірде қажетпіз.
-
Біздің сыныптың
портреті
-
Бір бет қағаздан адам бейнесін жыртып ойып
жасау.
-
Шыққан бейнемізге назар аударайық. Салыстырып
көрейік.
-
Бірдей бейне бар ма? - Жоқ,бәрі
әртүрлі
-
Көрдіңдер ме, осы сияқты бізде әртүрліміз.
Бірдей адам жоқ.
-
Ал, енді барлық жасағын бейнелеріңізге
өздеріңіздің бойында бар қасиеттерді жазып, қол ұстастырып,
бірлігімізді білдірейік.
-
Ия, біз әртүрліміз, әрқайсысымызда өздік бір
ерекшелік бар. Сыртқы бейнемізде ғана емес,ішік дүниемізде де. Біз
әр адамның даралығын сыйлауымыз керек, өйткені бәріміз адамбыз. Біз
қайталанбаймыз, әртүрліміз және біз бір-бірімізге
керекпіз.
-
Ертегі «Кішкентай бұлт
Мамық»
Оқушылардың орындауында
-
Біздің кейіпкеріміз қандай болды?
-
Оны неге барлығы күліп, ренжітті?
-
Ол қандай сезімде болды?
-
Сендер кейіпкеріміздің орынында болғыларын келе ме?
Неге?
- Содан кейін не болды?
-
Бұл оқиға немен аяқталды?
-
Толеранттық деген
не?( гүл құрау)
Толеранттылық – бұл
төзімділік.
Толеранттылық – бұл ықыластық.
Толеранттылық – бұл даналық.
Толеранттылық – бұл
адамгершілік.
Толеранттылық – бұл аяушылық.
Толеранттылық – бұл
қайырымдылық
Толеранттылық – бұл
әділеттілік
Толеранттылық – бұл кең
пейілділік
Толеранттылық – бұл өзара
түсіністік
Толеранттылық – бұл
тілектестік.
-
Жағдаяттар шешу.
1-жағдаят:Менің жақын туысымның менімен шамалас бір баласы
бар. Ол өзі өтірікші бала. Көзбе-көз өтірікті айта салып тұра
береді. Біздің үйге күнде келіп,менімен ойнағысы келеді, оның басқа
ойнайтын, бірге жүретін ешқандай досы жоқ. Өтірікті көп айтудың
салдарынан барлық достары одан теріс айналды.
Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба, қалай
ойлайсыңдар?
2-жағдаят: Менің парталас көршім үнемі үйге берілген
тапсырмаларды орындамай, жазбай келеді. Өйткені оның қолы ойыннан
босамайды. Мұғалімдер тапсырмаларды сұрағанда қатты қысылады.
Берілген тапсырмалардың барлығын менің дәптерімнен көшіріп алады.
Ал тапсырмаларды көшіруге бермесем «Сараң» деп мазақ
қылады.
Менің не істеуім керек?
Ата-анамен жұмыс.
Сіздің пікіріңіз құнды. Сөздердің мағынасын
ашу: құрметтеу, сыйластық, қамқорлық, жылулық, жауапкершілік,
ынтымақтастық, кешірімділік, кішіпейілділік.
Сұрақ: Осы қасиеттерді жанұяңызда бала бойына қалай
сіңіресіз?
-
Топтық жұмыс
Ата-аналар тобына: «Сіздер балаңыздың досы
қандай болса екен деп ойлайсыз?»
1-топ: «Сыныптастардың қарым-қатынасы қандай
болу керек?»
2-топ: «Ата-ана мен баласынның достығы туралы не
айта аласыңдар?»
-
«Сиқырлы орындық»
-
«Жіп орамы» ойыны
Шеңбер құрып тұрамыз. «Жіп
орамы»ойыны.
Мұғалім қолына жіп орамын
алады.
-Жіпті бір-бірлеріне бере отыра « Сен маған
ұнайсын,өйткені ...» деген сөздер айту керек. Бірінші мұғалім
бастайды. Жіптің басы мұғалімнің қолында қала береді. Барлық
қатысулардың қолынан өтіп, мұғалімге қайта
оралады.
-Саған қасындағы адамға жақсы сөздер айтқан
ұнады ма?
-Ал өздеріне айтылған сөздер ұнады
ма?
-Осы әртүрлі түске боялған әлемде бәріміз жіппен
жалғанып тұрмыз. Ол жіп көбінесе көрінбейді,бұл жіп қаншалықты
мықты болатыны әр адамның өз қолында. Осыны әр кез естен тастамау
керек.
-
«Бәрі біздің
қолымызда». Оқушылар ата-аналарға, қонақтарға жүрегі
бар алақан сыйлайды.
-
Рефлексия
Стикерлерді суреттерге
жабыстыру.
-
«Ақ тілек» әнімен сабақты
аяқтау
-Сынып сағатымызды «Ақ тілек» әнімен аяқтағым
келеді.