Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЭССЕ. АБАЙДЫҢ ОН ЖЕТІНШІ ҚАРАСӨЗІНДЕГІ «АҚЫЛ, ҚАЙРАТ, ЖҮРЕКТІ БІРДЕЙ ҰСТА» СӨЗІНІҢ МӘНІН ТАЛДАП ЖАЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында жазған эссе жұмысы. Тақырыбы:АБАЙДЫҢ ОН ЖЕТІНШІ ҚАРАСӨЗІНДЕГІ «АҚЫЛ, ҚАЙРАТ, ЖҮРЕКТІ БІРДЕЙ ҰСТА» СӨЗІНІҢ МӘНІН ТАЛДАП ЖАЗ
Материалдың қысқаша нұсқасы

АБАЙДЫҢ ОН ЖЕТІНШІ ҚАРАСӨЗІНДЕГІ

«АҚЫЛ, ҚАЙРАТ, ЖҮРЕКТІ БІРДЕЙ ҰСТА»

СӨЗІНІҢ МӘНІН ТАЛДАП ЖАЗ


«Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жат тоқып ал көңілге»

деп Сұлтанмахмұт Торайғыров атамыз айтып кеткендей, Абай атамыз сөздің маржанын тізбекке тізіп, адамдыққа барар жолды бізге нұсқап кетті. Абай Құнанбайұлының шығармаларынан өз заманындағы өмір шындығын және ақындығының жаңашылдық сипатын көреміз. Өлеңдері өнерге, білімге, ғылымға шақырады әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиіп оқырманды өзіне баурап алады.

Абайдың қарасөздері – өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Ақын қарасөздерінде халықты өнер-білімге, ынтымақ-бірлікке үндеу, адамгершілік және ұлт бойындағы ұнамсыз мінез-қылық дағдыларды сынау мәселелері көтеріледі. Абай қарасөздері тақырып және идеялық жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып, сабақтасып жатады. Абай өзінің «Он жетінші» сөзінде Ақыл, Қайрат, Жүрек, Ғылымды өзара айтыстыру арқылы олардың адам өмірінде алатын орны туралы философиялық ой тұжырымдайды. Қарасөзде Ақыл, Қайрат, Жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, Ғылымға жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсы, жаман қасиеттерін дәл сипаттап, әділ айтады. «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін Жүрекке билет, үшеуің ала болсаң, мен Жүректі жақтадым», деп өз төрелігін айтады. Демек, Абай жүректі, яғни, әділет, нысап, ар-ұят, рақым, мейірбандық бастауы жүректі бірінші орынға қояды. Абай үшін де, ғылым үшін де Ақыл, Қайрат, Жүректің бірлігі ең маңызды болмыс болып саналады. Бірақ, қазіргі қоғамда үлкеннен ұят, кішіден рақым кетіп, жүректі таза сақтай алмай, ақырында қор болып, ақылы мен қайратын жақсылық пен жамандыққа қатар жұмсап жүрген азаматтарымыз қаншама?

Абай «Ақыл, Қайрат, Жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек», деп, өзінің «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде тілге тиек етеді. Расында да егерде Ақыл, Қайрат, Жүрек біріксе, ғылымды игеруге жол ашылады және Абай атамыз айтқандай осы үш қасиет адам бойында бірдей табылса, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол болар еді.

Қорыта айтқанда, Абайдың он жетінші қарасөзі адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, ғылым-білімді игеруге шақырады. Ақыл арқылы ғылымды ұғып, Қайраттың көмегімен адасқанды түзу жолға сала алсақ, Жүрек арқылы өзіндік қалпымызды сақтай алсақ еліміздің егемендігі мәңгілік болады. Ақыл, Қайрат, Жүректі бірдей ұстасақ, елден ерек, елін сүйген, елі сүйген азамат боларымыз айдан анық!

103 мектеп-гимназияның

5 «В» сынып оқушысы

Лель Екатерина

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2021
19041
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12