Материалдар / Эссе Адами құндылықтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе Адами құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда жалпы адами құндылықтар туралы терең айтылады. Ұлағатты сөздермен мысалдар келтіріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2024
48
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Адами құндылықтар

Кез келген халық қалыптасқан өзіндік дәстүрімен, үстанған әдет-ғұрпымен халық. Сол халықтың уақыт сынынан сұрыпталып шыққан мәдениетінің негізі - құндылық. Бүтін бір ұлтты, халықты сол елдің адамдары құрайтындықтан, адам жүрген жерде құндылық та қатар жүреді. Құндылық ұғымын әр адам түрлі сипатта түсінеді және әркімнің құндылығы оның жеке көзқарасына, пайым - түсінігіне сай түрліше болады. Қоғамда жалпыадамзаттық құндылықтар, материалдық құндылықтар, ұлттық, мәдени, діни құндылықтар секілді ұғымдар жиі қозғалады. Осынау бірнеше құндылықтың бастауы, құндылық атаулының тамыры саналатын құндылық түрі - адами құндылықтар. Бұлай деуімізге негіз әрбір жеке тұлғаның адами құндылық бұлағы қалыптасып, сол бұлақтың нәрі өмір жолымен сарқырап ақса, басқа да құндылықтар содан бастау алады.

Адами құндылықтар - адамзат үшін маңызды саналатын, адамның ар ұятымен тікелей байланысты қасиетті құндылықтары. Олар: ар - намыс, абырой - бедел, ұят - иба, еркіндік, төзімділік, ұлтжандылық, адамгершілік асыл қасиеттер. Қазақтың адами құндылықтары ата - бабаларымыздан бері ұрпақтан ұрпаққа аманат етіліп, өнеге болып жалғасын тауып келеді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, инабат пен әдептілік, көркем мінез, көпшілдік пен дархандылық, кеңдік пен қонақжайлылық, намыс пен арлылық, кешірім мен сабырлылық, мейірім мен махаббат, әділдік пен адалдық сынды түсініктер ұлттық тәрбиемен біте қайнасып, құрсақ тәрбиесінен басталып, тал бесіктен жер бесікке дейін әрбір адамның азаматтық борышына айналған.

«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары... Біреуі білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, ... көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген». Абайдың жетінші қара сөзінде айтылғандай, жас бала анадан туғанда білуге талпынып тұрады. Оған айналасының бәрі қызық, көрсем екен, үйренсем екен деп, алға ұмтылады. Бұл - жанның қалауы. Ал өсе келе тән қалауына еріп кетеді екенбіз. Тән қалауына түскен адамның хайуаннан айырмасы болмайды. Ол түрлі қулық - сұмдыққа барып, өзге адам тұрмақ өзін сыйлаудан қалады, адами қасиеттер бойынан кетеді. Одан құндылық атаулы алшақтап, адамгершілік атты биіктік аласарады. Құндылығы жоқ адамның көкірегі қуыс кеудеге айналады. Көкірек көзі жабық болады. Ал жан құмарына ұмтылған адам өрісін ұзартып, жиған қазынасын көбейтуді қалайды. Тәннен жан артық екені белгілі. Адамның жаны ізгілікке, сұлулыққа, махаббатқа, жалпы адами құндылыққа толы болса, адам деген атына сай ғұмыр кешеді.

Әр адам үшін құндылық әр түрлі болуы мүмкін. Жан қалауына ұмтылған мен үшін құндылықтың ең маңыздысы - ар сақтау. Арлылық ер жігіттің ұлттық намысынан, отбасын қорғап, асырауынан, әйелдің абыройын сақтап, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетуінен көрінеді. Ар - намыс адамның мәрттігін танытатын, адалдық пен даналық, беріктіктен тұратын қасиеті. Шәкәрім халқының алдында серт беріп,

Адамдық борышы ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт қылғам еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін - деген. Ақын өз сертінен таймай, надан жұртының көзін ашып, арсыздық пен арамдықтан аулақ болуға шақырып, артына өшпес із қалдырып кеткен. Бұл өлең бүгінгі ұрпақтың ұранына айналса құба - құп. Ар - намыс аяққа тапталса, бұл адамның ең төменгі деңгейіне жеткені. Ар -намыс қаншалықты құнды сақталса, онық құндылығы да арта бермек.

Адами құндылыққа жататын тағы бір қасиет - қарапайымдылық. Қарапайымды адам айналасына сыйлы болады. Себебі онда атаққұмарлық, менмендік, өркөкіректік, мақтаншақтық сияқты қасиеттер жоқ. Ол адамдардың барлығын түріне, дініне, ұлтына, жасына, жынысына қарамастан тең көреді. Оларға бірдей ізетпен қарап, құрмет көрсетеді. Қарапайымдылықтан қайырымдылық туады. «Атымтай Жомарт» атанған қайырымды жандар өзгеге қол ұшын созып, барымен бөлісіп жүреді. Мұндай қасиеттер бойынан көрінген адам жан - жағына қуаныш сыйлап, нұр шашып тұрады.

Адами құндылықтарды жік - жігімен ажыратып, ақ пен қараны айыра аламыз. Енді көкейде «мен құндылықты қайдан аламын?» деген сұрақ туындайды. Құндылық дегенде тәрбиені міндетті түрде қоса айтамыз. Адамға құндылықты құятын бірінші отбасы, кейін өзі және қоршаған ортасы. Балаға ең бірінші құндылық бесік жырының сырлы сазымен құйылады. Екінші ата -анасының ертегі, қисса, аңыз - әңгімелерді айтып беруінен болады. Құндылыққа қанып өскен бала болашақ өмірінде қандай боран соқпасын, шайқалып кетпейді, қиындықта құламайды. Тағдырдың түрлі сынағында адами құндылығын сақтай біледі. Сол үшін де отбасы тәрбиесінің орны орасан зор. Балаға адами құндылықтарды құйып, үлгі - өнегесін көрсетіп, әрбір істе балаға қолдаушы болған ата - ана оның жемісін көрері сөзсіз. Бала жас шыбық сияқты. Оны қалай күтіп баптасаң, қай жаққа қарай исең, солай кетеді. Бәйтерек бүкіл әлемге жайқалып, саясын төгуі үшін оның топырағын адами құндылықтармен құнарландырып, тамырының тереңге жаюына көмектесу керек. Сонда ғана ата бабаларымыз ғасырлар бойы ұстанып келген ұлттық құндылықтарымыз ұмытылмай, бірлік пен адамдық туы көгімізде желбірей бермек, жайнай бермек. Ендеше, әрбір адам көңіл көзін ашып, көкірегін құндылыққа толтырып, айналасына нұр-сәулесін төгуді өзінен бастау керек деп ойлаймын.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!