Алматы-арман қала.
Алматы.Талайлардың арманы болған қала.Ескі мен жаңаны байланыстырған,өзіндік атмосферасы мен ерекшеліктері бар қала.Алматы-өзінше сұлу қала.Иә,ол өте сұлу.Жер жәннаты Жетісуда орналасқан бұл қала ежелден-ақ мәдениет ошағы болған.Қазіргі таңда да дәл сол мәдениеттің ортасы болып табылатын қала тек өзіне тән алманың ерекше сорты Апортпен танымал.Тіпті,Апортты қаламен байланыстыратын аңыз да бар.Шет елде де қаламызды көбіне «Апорт алмасымен» таниды.Бірақ Алматы тек алмасымен танымал ма?Мен осы қалада туып-өскен азамат ретінде олай айтпас едім.Енді Алматыны арман қалаға айналдырған қаламыздың ерекшеліктеріне тоқталайық.
Алматы-еліміздің «Оңтүстік Астанасы».Сәйкесінше,бізде де көптеген спорттық-мәдени іс-шаралар өтіп тұрады.Мысалы: «Универсиада-2017».Осы іс-шара кезінде қаламызға қаншама турист келді.Олар біздің спорттық кешендерді,құрал-жабдықтардың деңгейін көріп,жоғары деңгейде баға берді.Қала әкімінің қолдауымен жаз айларында ,нақтырақ айтсақ, әр жексенбінің таңында тұрақты түрде велошеру өтеді.Велошеруге еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қатысады.Бір қызығы,осы велошеруге шет елден келген туристтер де үлкен қызығушылықпен қатысады және алған әсерлерімен де қуана-қуана бөліседі. Соңғы жылдары қаламыздың аулаларында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді және қазіргі заман талаптарына сай келетін спорттық алаңқайлар салынуда.Тіпті арнайы футбол алаңқайларында балаларды дайындауға кәсіби бапкерлер де бөлінген.Осыдан кейін Алматының спорттық қала екенін және сол спорттық бағдарламаларымен таныла бастағанын қалай жоққа шығарамыз?
Алматыға келген қонақтар мен туристтер қала тұрғындарынан көрікті жерлерді сұрағанда ең бірінші нені айтатынын білесіздер ме? Тауларды.Иә,Алматының таулары ерекше.Таудағы спорттық комплекстреді айтпағанда да,жай қаланың шетінде тауға қарағанның өзі бір ғанибет.Таулар бейне бір қала халқына күш-жігер беретіндей.Кейде қатты шаршағанда немесе қолымнан келмейтін нәрсе пайда болғандай көрінсе ,тауларға қараймын.Таулар маған сенімділік ұялатады.Тауларға қарасам,өзімнің бұдан да биік белестерді бағындыра алатыныма сенімім ұлғаяды.Мұндайды тек мен емес,қаланың басқа тұрғындары мен қонақтары да сезінген болар деп ойлаймын.Сондықтан Алматының тауларын көру әрбір адамның арманы деп айта аламын.
Алматы жоғары оқу орындарымен атақты.Шын айтам. Еліміздің мәдени-экономикалық ошағы болып табылатын қалада әр сала бойынша ең үздік мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындары бар.Жыл сайын Қазақстанның және әлемнің түкпір-түкпірінен қаншама студент әсем қаламызға арман қуып келеді. Оқуға түскен әр студенттің бойында бір үміт пен болашаққа деген сенім бар.Олар аты дардай маман атануды армандайды,бір жерге ілігіп,өз болашағын құрастырғысы келеді.Сол себепті Алматы - кішкене қадамдар мен орындалған армандардың куәсі.
Алматы-бірегей қала.Жер бетінде ірілі-ұсақты қаншама қала бар.Тіпті,қаншама Бас қалалар бар.Бірақ өзіне тән бірегейлік тек Алматыда ғана бар дер едім.Мысалы,қарқынды дамып жатқан елдердің қалаларын қараңыз.Бәрі заманауи:үлкен ғимраттар,зуылдаған машинаға толы көшелер,үлкен ойын-сауық орталықтары.Бәрі бірқалыпты.Бұл қалаларда бәрі бейне бір сызба бойынша жұмыс істейтін сияқты.Шынайылық жоқ.Ал қазіргі Алматы-Қазақстанның бейнесі іспеттес.Қала әлі сақталған кеңестік өткен шақ пен бүгінгі заманауи ғимараттардың үйлесіміне айналды.Және бұл ескіден жаңаға көшу бірқалыпты емес,өз ретімен,өзіне сай қарқынмен жүзеге асуда.Сол себепті де қала бірегейлігін жоғалтпаған.Осы үшін де мен Алматыны арман қала деп айта аламын.Алматы қаласын алдағы уақытта да барлық жақсы жағынан бүкіл әлемнің танитынына мен кәміл сенемін!Мен туған қалам Алматыны мақтан етемін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе "Алматы-әсем қала"

шағым қалдыра аласыз