Эссе: "Апаттарға қарсы азаматтық қорғаныс"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе: "Апаттарға қарсы азаматтық қорғаныс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Апаттарға қарсы азаматтық қорғаныс тақырбы бойынша эссе де адам әртүрлі жағдайда өзіне қорған бола алу Сол себепті мен болашақта елімнің тыныштығын күзететін - Әскери адам болғым келеді. Республикамның әрбір адамы Тәуелсіздіктің ашық аспанында бейбіт өмір кешіп, өз өмірінің қорғаныста екеніне зор сеніммен жүрсе екен деймін. Азаматтарға азаматтық қорғаныс мәселесі брйынша біздің елімізде көптеген жағдайлар жасалынған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Апаттарға қарсы азаматтық қорғаныс

Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Дегенмен, сол өмірге түрлі себептер өз зиянын тигізіп жататынын қарапайым өмірде көріп, естіп жатамыз. Бірден-бір себеп – табиғи апаттар. Атап айтар болсақ, жер сілкінісі, құйынды дауыл, су тасқыны, қар көшкіні,сел, өрт, түрлі көлік апаттары, т.б.

Еліміздің таулы аудандарында сел, қар көшкіні құбылыстары болу қаупі бар. Дер кезінде алдын алу шаралары жасалмаған жағдайда үлкен материалдық шығын мен адам шығынына ұшырауы әбден мүмкін. Алматы қаласын селден сақтау үшін Медеу бөгені салынған және таулы аймақтарда сол жөнінде дер кезінде хабар беретін қондырғылар орнатылған. Ата-бабаларымыз ерте уақытта аспан құбылыстарына қарап, үй жануарларының мінез-құбылыстарының өзгеруіне қарап болжам жасап отырған.

Кейбір апаттарға адам әрекеті де себепші болады. Жақында ғана Алматы қаласы, Қызыл ту ауылында болған әуе ұшағының, Шамалған ауылында болған пойыздың апатқа ұшырауына тікелей себеп – адамдардың іс-әрекеті, ұшақтың ұшар алдындағы, пойыздың жүрер алдындағы дайындығын тексерудегі кеткен механиктердің қателігі, пойыз жолдардың ескілігі. Салдарынан қаншама адам жан қиды, қаншама бала қыршын кетті.

Кеше ғана теледидар жаңалығынан Талдықорған обылысында мектептен қайтқан баланың талдың астында қалып, зардап шеккені хабарланды. Оның себебі, ұзын болып өскен ағаштардың уақытылы кесілмеуі болып отыр. Елімізде мұндай мәселелер жиілеп кеткені көңіл қуантпайды.

Бүгінде жиі болатын апаттардың қатарында тілсіз жау – өрт те бар. Көп қабатты үйлерде жиі кездесетін өрттен де қаншама адам зардап шегуде. Лаулап жанған оттың ортасына түсіп, сегіз бірдей баланы аман алып шыққан Тараздық жігіт Нұркен Дүйсенбаевтың ерлігіне тәнті боласың. Мейрамханада күзетші болып жұмыс жасайтын 21 жасар жігіт көрші үйде болып жатқан өртті көре салысымен жүгіріп барып, 8 баланы терезеден алып шығып, тілсіз жаудан арашалап қалады. Осындай ағалар ерлігі біз секілді өскелең жас ұрпаққа үлгі.

Жыл сайын 1- наурыз күні Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін тойлаймыз. Мектепте ұстаздарымыз табиғи апаттар мен жаһандық қатерлерге байланысты түрлі шаралар өткізеді, су тасқыны, өрт жағдайы, қар көшкіні секілді төтенше апаттық жағдайларға төтеп беру, алдын алу шараларына баулиды. Қандай жағдай болмасын біз әрқашан өзімізді, жанымызға жақын жандарды қорғауға дайын болуымыз керек.

Сол себепті мен болашақта елімнің тыныштығын күзететін - Әскери адам болғым келеді. Республикамның әрбір адамы Тәуелсіздіктің ашық аспанында бейбіт өмір кешіп, өз өмірінің қорғаныста екеніне зор сеніммен жүрсе екен деймін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2021
620
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі