Астана-болашақтың қаласы
Қазақстан Республикасы өз
тәуелсіздігін алып, өз алдына жеке мемлекет құрды. Сол уақыттан
бері Қазақстан тоқтамай дамып келеді. Әуелден-ақ мемлекетіміздің
астанасы Алматы қаласы болды. Тәуелсіз Қазақстаның саяси өміріндегі
елеулі өзгерістердің бірі астананың ауысуы болды. Елімізің
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің астанасын Алматыдан
Ақмолаға ауыстыруын ұзақ уақыт ойлады. Ол бұл шешімін қабылдасас
бұрын барлық қадамдарын сұрыптап, тарихшылармен, саясаттанушылармен
және мәдениеттанушылармен ақылдасқан. Көп ойланып, толғанып Ақмола
қаласын ресіми түрде мемлекетіміздің бас қаласы етіп бекіту туралы
жарлық шығарды.
1998 жылдың 6 мамырында
президенттің жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып
өзгертілді. Астана қаласының ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10
маусымында өтті. Бұл әрбір қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш еді.
Менің ойымша, президент бұл қадамда шалыс баспаған. Бұл болашаққа
бастау жолдың алғашқа қадамы еді.
Астана содан бері жаппай қарқынмен дамып келеді.
Қаламыздағы құрылыс жұмыстары кең масштабпен құлаш жайып, Астана
халықтың көз алдында жайнап сала берді. Астанадағы ең әдемі, үлкен
ғимараттардың бірі"Астана-Бәйтерек" монумент ескерткіші.
Бәйтеректің ең шыңына мінген кезде, Астананы алақандағыдай көруге
болады. Тура Алматының "Көктөбесі" сияқты.
Қазақстан Республикасы
президентінің резиденциясы-Ақорда,Парламент Сенаты мен Мәжілісінің
бірнеше ғимараттыры бой көтерді. Астанада көптеген саябақтар
салынуда. Онда жабдықталуы бойынша теңдесі жоқ Республикалық
клиникалық ауырухана жұмыс істейді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық университеті ашылды. Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі
Nazarbaev Universitety- Назарбаев университеді жұмыс
жасауда.
Астанада көптеген тарихи
мұражайлар, кітапханалар мен ойын-сауық ғимараттары бар. Әрине,
EXPO-2017 туралы да айтпақ керек. Осы көрменің аясында бізді
әлемнің түпкір-түпкіріндегі халықтар таныды. Қазір қытайдан немесе
Америка азаматынан "Қазақстан жайлы не білесің?" -деп сұрасақ,
"Әрине, мен эхспода болғанмын" деген жауап
аламыз.
EXPO-2017 әлемдің деңгейде
өтіп, көптеген адамдары таң қалдырды. Мен эспоға бармасам да,
теледидардан тікелей эфирден тапашалар көрген оң эмоциялар мен
әсерге бөлендім. Бірақ, Астанаға 5-6 рет бардым. Астананың
көшесінің өзі тамаша, тіпті бір шет елде жүргендей сезімде болдым.
Айнала көркем ғимараттарға толы. Орталық алаңда су бұрқақтары
көптеп салынған. Астанға барған сайын Бәйтерек,Хан
шатыр,Думанғажәне басқа дй ойын-сауық ғимараттарға барудан
жалықпаймын. Астана жыл сайын жақсарып, барған сайвн жаңа әсерге
бөленемін.
Түнгі Астан мүлдем керемет!
Сонымен қатар Астана жайлы
көптеген қызықты деректер бар.
1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана
қаласын "Бейбітшілік қаласы" деген атауға сай деп танып,медельмен
марапаттады. Бразиляда өткен дүние жүзілік байқауда әлем бойынша 12
жас қаланың ішінен Астана жоғарғы атақты
иеленді.
Астана-Азия елдерінің ішіндегі солтүстікте
орналыасқан қала.
Астана-әлемдегі ең суық астаналардың қатарында.
Ұлан-Батор қаласынан жылырақ, Оттавадан суық.
Астана әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең
қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті. Менің ойымша, Астана-болашақ
ұрпақтың қаласы. Астана қаласында өзіңді әлемге танытудың барлық
мүмкіндіктері бар деп ойлаймын. Әрине, ең бастысы соны қалау,
талпыну және мақсат ету.
Бүгінде Астана-елдің ірі мегаполисі, жаңа
ұрпақтың қаласы, Қазақстанның күшті дамып келе жатқан Елордасы.
Астана барлық қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Мен үшін
Астана болашаққа бастау жол. Әрбір адамның арман қуалап келген
қаласы. Астана-болашақтың қаласы.
Семей қаласы,Прииртышский
ауылы
"Біржан Исадилов атындағы
ЖОББ мекебінің
7 сынып оқушысы Халықова
Ләззат