Ауылым алтын – бесігім
Ауыл. Осы бір сөзді естігенде кішкентай жүрегім кеудемнен шығып кетердей өрекпіп кетеді. Неге сонша ыстық екен!!! Әлде өз туған жерің болғаннан ба екен?
Қарап отырсам, үлкен тұлғалардың бәрі осы ауылдан шыққан. Менің де ауылым кішкентай болғанымен, өз ерекшелігі бар. Екі өзеннің ортасына орналасқан, шағын ауыл болса да, маған сондай-ыстық. Ешбір қалаларға теңгермеймін.Өзенінде балығы тайдай тулаған, шұрқырап жылқы суға құлаған, қозы – лағы маңырап шулатқан ауылдың тыныс тіршілігінің өзі бір ғанибет емес пе? Жазда балалар өзенге суға түсіп, балық аулап демалыстарын қызықты өткізеді.Қой бағуға барған кездегі табиғатты айтсаңшы. Айтып тауыса алмайсың. Ауасы қандай! Жұта бергің келеді, жұта бергің. Ал қыста бұзау жегіп, өзенге суға барудың өзі - қандай тамаша! Екі бетіміз алмадай қызарып, бір –бірімізбен қар атысып, сырғанақ теуіп мәре –сәре болып қаламыз. Қыс қызығын тауысып айта алмайсың ғой. Қаладан бұның бірін көрмейсің. Себебі, демалысқа қаладан келген жиеніміз осындай қызықтың бәрін көргеннен кейін , кеткісі келмей қалды. Келесі жылы тағы ауылға келем,енді барлық демалысымды ауылда өткіземін деп кетті.Ауыл міне осындай.
Адамдары бауырмал, бір-біріне көмекке дайын тұрады. Қандай істі бастасаң да ауылдың адамдары жабылып, көмектесіп жібереді. Ақын Қ.Мырзалиев атамыздың «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі дәл ауыл адамдарына арналғандай. Жалғыз атын сойып, шапан жауып жіберуі де ауыл адамдарына тән. Бізде осылай.
Менің мектебім «Торғайдың ақ шағаласы»атанған ақын Ғафу Қайырбеков атында.Мен сол атамның мына бір шумақтарын келтіргім келіп тұр.
Көз жұмсам бәрі алдыма
Арбайды самсап тұра қап.
Ұлғайған жастың аулына
Бала күн,шіркін,сығалап.
Қазыналы мекен, жұрт сондай
Халқына аты сүйкімді.
Алыста жүрген бір торғай
Қуанар соған бір түрлі –деп ақын өз туған жеріне деген сағынышын осылай білдірген екен.
Міне, менің ауылым осындай.Осындай ауылда туып, өсіп жатқаныма қуанамын.Ертең өскенде ауылымды көркейтуге мен де өз үлесімді қосамын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе "Ауылым -алтын бесігім"
Эссе "Ауылым -алтын бесігім"
Ауылым алтын – бесігім
Ауыл. Осы бір сөзді естігенде кішкентай жүрегім кеудемнен шығып кетердей өрекпіп кетеді. Неге сонша ыстық екен!!! Әлде өз туған жерің болғаннан ба екен?
Қарап отырсам, үлкен тұлғалардың бәрі осы ауылдан шыққан. Менің де ауылым кішкентай болғанымен, өз ерекшелігі бар. Екі өзеннің ортасына орналасқан, шағын ауыл болса да, маған сондай-ыстық. Ешбір қалаларға теңгермеймін.Өзенінде балығы тайдай тулаған, шұрқырап жылқы суға құлаған, қозы – лағы маңырап шулатқан ауылдың тыныс тіршілігінің өзі бір ғанибет емес пе? Жазда балалар өзенге суға түсіп, балық аулап демалыстарын қызықты өткізеді.Қой бағуға барған кездегі табиғатты айтсаңшы. Айтып тауыса алмайсың. Ауасы қандай! Жұта бергің келеді, жұта бергің. Ал қыста бұзау жегіп, өзенге суға барудың өзі - қандай тамаша! Екі бетіміз алмадай қызарып, бір –бірімізбен қар атысып, сырғанақ теуіп мәре –сәре болып қаламыз. Қыс қызығын тауысып айта алмайсың ғой. Қаладан бұның бірін көрмейсің. Себебі, демалысқа қаладан келген жиеніміз осындай қызықтың бәрін көргеннен кейін , кеткісі келмей қалды. Келесі жылы тағы ауылға келем,енді барлық демалысымды ауылда өткіземін деп кетті.Ауыл міне осындай.
Адамдары бауырмал, бір-біріне көмекке дайын тұрады. Қандай істі бастасаң да ауылдың адамдары жабылып, көмектесіп жібереді. Ақын Қ.Мырзалиев атамыздың «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі дәл ауыл адамдарына арналғандай. Жалғыз атын сойып, шапан жауып жіберуі де ауыл адамдарына тән. Бізде осылай.
Менің мектебім «Торғайдың ақ шағаласы»атанған ақын Ғафу Қайырбеков атында.Мен сол атамның мына бір шумақтарын келтіргім келіп тұр.
Көз жұмсам бәрі алдыма
Арбайды самсап тұра қап.
Ұлғайған жастың аулына
Бала күн,шіркін,сығалап.
Қазыналы мекен, жұрт сондай
Халқына аты сүйкімді.
Алыста жүрген бір торғай
Қуанар соған бір түрлі –деп ақын өз туған жеріне деген сағынышын осылай білдірген екен.
Міне, менің ауылым осындай.Осындай ауылда туып, өсіп жатқаныма қуанамын.Ертең өскенде ауылымды көркейтуге мен де өз үлесімді қосамын.
шағым қалдыра аласыз













