Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе Болашаққа жас маман көзімен

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашаққа жас маман көзімен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы №1 «Мырзакент» МГ КММ













Эссе

Тақырыбы: Болашаққа жас маман көзімен















Орындаған: Комолов Бекболат

Жетекші: Янабаева Зауре



Мырзакент кенті

Болашаққа жас маман көзімен

Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасан лапылдап.

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ.

Назым Хикмет

Жоспары:

І. Кіріспе бөлім

Арманымның бастауы!

ІІ. Негізгі бөлім

Мен – елімнің ертеңімін.

ІІІ. Қорытынды бөлім



   «Жарқын болашақ жастардың қолында.»  (Н.Ә. Назарбаев)

Қазақтың біртуар тумасы Мағжан Жұмабаевтың мына шығармасы естеріңізде ме, әріптестер? « Балапан қанат қақты»

  • Балапан қанат қақты... Жас еді. Қанаты да қатып жеткен жоқ еді...

Сол балапан жарты жолда қалмай талпынып, мақсатына жеті білді. Ұзтаздық жолына келген мен де сол балапан тәріздімін. Қаншама жылдық тәжірибесі бар білікті, өнегелі ағай, апайлардың жанында мен тіпті қорғансыз жас өркен тәріздімін... Балалық шақтан білімге құмарлығым мені Мақтаарал ауданының дарынды балаларға арналған мектебіне жетелеп алып келді. Ондағы білімді ұстаздардың берген білімі, сол ұстаздардың бойындағы дарын қабілеттері менің бала қиялымды алға жетелей түсті. Осы арман мені Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қабырғасынан бір-ақ шығарды. Қайран студенттік алтын жылдар... Университет қабырғасында да мен талай дарынды, кәсіби шебер профессорлардың алдын көрдім. Ой түйдім. Ұстаздық-мәртебелі мамандық. Төрт жылымыз зуылдап өте шықты. Диплом қолда... Математика пәнінің мұғалімімін. Арман тағы да алға жетеледі. Мені Мырзакент мектеп-гимназиясына алып келді. Жап-жаспын, тәжірибем жоқ. Бойымда үрей, сенімсіздік... Мені бұл қиын халден Асылбек ағайдың өзі шығарып алды. Сенім білдірді, үмітімнің отын жақты.

Атақты Бауыржан Момышұлы былай деген екен: « Жиырма – тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әрқашанда әр азамат әзір болу керек»...

Мен жас маманмын, соның ішінде – ұстазбын. Кешегі балғын бөбектен «адам» деген жаратылысты тәрбиелеп шығудан абыройлы іс жоқ шығар тегінде. Даналықтың қайнар көзі – білім болса, ұстаз – ол көшбасшы. Менің ойымша жаңа қоғам мұғалімі ол – рухани бай, әлеуметтік жетілген, шығармашыл тұлға. Өз ісінің маманы. Педагогикалық әдіс тәсілдерді қолданудың хас шебері. Ұстаздық жолға кіргелі бір айда өте шығыпты. Не үйрендім, не білдім? Балаларға білім беруде, әдіс тәсілдер қолдануда мектептегі байырғы математик ұстаздар көмегі көп болды. Тәлімгерім Янабаева Зауре ұсынысымен математика апталығында « Дәрежені стандартты түрге келтіру» тақырыбында ашық сабақ үлгісін , ZOOM платформасында өттім. Бұл мен үшін алғашқы сынақ еді.

Жарқын болашақтың кепілі бүгінгі жастар. Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білітін мұғалім. Ал мұндай мұғалім жастардан шығатынына сенімдімін. Ұлы данышпан Әл-Фараби: «Ұстаздар- құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сыяқты» - деген Осы сөзден-ақ ұстаздық жолдың , ұстаздық міндеттің жүгі ауыр екенін түсіндім.

Талаптың мініп тұлпарын,

Тек қана алға – жастырым!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2020
431
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12