Түркістан облысы, Мақтаарал
ауданы №1
«Мырзакент» МГ КММ
Эссе
Тақырыбы: Болашаққа жас маман
көзімен
Орындаған: Комолов
Бекболат
Жетекші: Янабаева
Зауре
Мырзакент
кенті
Болашаққа жас маман
көзімен
Мен жанбасам
лапылдап,
Сен жанбасан
лапылдап.
Біз жанбасақ
лапылдап,
Аспан қалай
ашылмақ.
Назым
Хикмет
Жоспары:
І. Кіріспе
бөлім
Арманымның
бастауы!
ІІ. Негізгі
бөлім
Мен – елімнің
ертеңімін.
ІІІ. Қорытынды
бөлім
«Жарқын болашақ жастардың
қолында.» (Н.Ә. Назарбаев)
Қазақтың біртуар тумасы Мағжан
Жұмабаевтың мына шығармасы естеріңізде ме,
әріптестер? «
Балапан қанат
қақты»
Сол балапан жарты жолда қалмай
талпынып, мақсатына жеті білді. Ұзтаздық жолына келген мен де сол
балапан тәріздімін. Қаншама жылдық тәжірибесі бар білікті, өнегелі
ағай, апайлардың жанында мен тіпті қорғансыз жас өркен
тәріздімін... Балалық шақтан білімге құмарлығым мені Мақтаарал
ауданының дарынды балаларға арналған мектебіне жетелеп алып келді.
Ондағы білімді ұстаздардың берген білімі, сол ұстаздардың бойындағы
дарын қабілеттері менің бала қиялымды алға жетелей түсті. Осы арман
мені Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қабырғасынан
бір-ақ шығарды. Қайран студенттік алтын жылдар... Университет
қабырғасында да мен талай дарынды, кәсіби шебер профессорлардың
алдын көрдім. Ой түйдім. Ұстаздық-мәртебелі мамандық. Төрт жылымыз
зуылдап өте шықты. Диплом қолда... Математика пәнінің мұғалімімін.
Арман тағы да алға жетеледі. Мені Мырзакент мектеп-гимназиясына
алып келді. Жап-жаспын, тәжірибем жоқ. Бойымда үрей, сенімсіздік...
Мені бұл қиын халден Асылбек ағайдың өзі шығарып алды. Сенім
білдірді, үмітімнің отын жақты.
Атақты Бауыржан Момышұлы былай
деген екен: « Жиырма – тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған
әрқашанда әр азамат әзір болу керек»...
Мен жас маманмын, соның ішінде
– ұстазбын. Кешегі балғын бөбектен «адам» деген жаратылысты
тәрбиелеп шығудан абыройлы іс жоқ шығар тегінде. Даналықтың қайнар
көзі – білім болса, ұстаз – ол көшбасшы. Менің ойымша жаңа қоғам
мұғалімі ол – рухани бай, әлеуметтік жетілген, шығармашыл тұлға. Өз
ісінің маманы. Педагогикалық әдіс тәсілдерді қолданудың хас шебері.
Ұстаздық жолға кіргелі бір айда өте шығыпты. Не үйрендім, не
білдім? Балаларға білім беруде, әдіс тәсілдер қолдануда мектептегі
байырғы математик ұстаздар көмегі көп болды. Тәлімгерім Янабаева
Зауре ұсынысымен математика апталығында « Дәрежені стандартты түрге
келтіру» тақырыбында ашық сабақ үлгісін , ZOOM платформасында
өттім. Бұл мен үшін алғашқы сынақ еді.
Жарқын болашақтың кепілі
бүгінгі жастар. Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогикадан,
методикадан хабардар, жақсы оқыта білітін мұғалім. Ал мұндай
мұғалім жастардан шығатынына сенімдімін. Ұлы данышпан Әл-Фараби:
«Ұстаздар- құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сыяқты» -
деген Осы сөзден-ақ ұстаздық жолдың , ұстаздық міндеттің жүгі ауыр
екенін түсіндім.
Талаптың мініп
тұлпарын,
Тек қана алға –
жастырым!