Эссе "Болмасаң да ұқсап бақ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Болмасаң да ұқсап бақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір адам баласы өмірде ұлы тұлғаларға еліктеп, сол тұлғалардың жасаған ісін, жүрген жолын қайталағысы келеді. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» дейді. Сондықтан әрбір адам армандап, сол арманына біреуі жетіп, біреуі жетпей, тіпті біреулері одан да асып кетеді. Күндер өте келе, сол адамға қалай ұқсап бара жатқанын аңғармай да қалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Амантай Хабиба

3 «А» сынып оқушысы

36 жалпы білім беретін орта мектебі

Қарағанды қаласы

Жетекшісі Сексеналина Д.К



БОЛМАСАҢ ДА ҰҚСАП БАҚ...

(Эссе)

Әрбір адам баласы өмірде ұлы тұлғаларға еліктеп, сол тұлғалардың жасаған ісін, жүрген жолын қайталағысы келеді. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» дейді. Сондықтан әрбір адам армандап, сол арманына біреуі жетіп, біреуі жетпей, тіпті біреулері одан да асып кетеді. Күндер өте келе, сол адамға қалай ұқсап бара жатқанын аңғармай да қалады.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай бодмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз,-

деп Абай атамыз айтқандай, қойған мақсатқа жетуге ұмтылудан шаршамау керек.

Менің де өзімнің еліктейтін ұлы тұлғам бар. Ол кісі – менің ұстазым, Сексеналина Диана Кенжеқызы.

Диана Кенжеқызы –білімді, шыншыл, адамгершілігі мол, үлкенді үлкен деп, кішіні кіші деп құрметтеп, сыйлаған тұлға. Тек адал жолды таңдап, сол жолға барын салу керек дейді. Ол кісі жұмысқа деген белсенділігімен, көрегенділігімен, қарапайымдылығымен, кез келген ортада сөз тауып айтатын тапқырлығымен қадірлі. Әр оқушыны өз баласындай көріп, олардың жақсы болып өсуін тілеп, жақсы істерге баулып, үйретіп, әр ісіне қуанады. Әр сабағы бір-біріне ұқсамайтын өзгеше сабақтар. Ұстазым «сегіз қырлы, бір сырлы» десем, артық айтқаным болмас. Керек десеңіз, әуелетіп әсем ән де салады, мың бұралып би де билейді. Сонымен бірге бойындағы осы қасиеттерді бізге дарытуға тырысады. Мен кейде ұстаз атаулының барлығы осындай ма деп таң қаламын.

Алдындағы әр оқушы әртүрліміз. Біреуіміз қабілеті, енді біреуіміз мүлдем бей-жаймыз. Осы мінезімізге қарамастан ұстазымыз әрқайсымыздың кілтімізді табады. Білім саласында болып жатқан байқауларға, жобаларға қатарымыздан қалдырмай, бағыт беріп, қатыстырып жатады. Диана мұғалімнің шәкірттері әрқашан да жүлделі орындарға ие боламыз. Бұл- ең әуелі ұстазымыздың еңбегі. Сол себептен, мен ол кісіні үлгі тұтамын. Өзімнен кішілерге үлгі болатындай іс жасап, білімді азаматша болғым келеді.

Ғылым мен техниканың дамыған заманы болғандықтан, өте ұшқыр идеялы жастар мен нағыз ұлтжанды азаматтарды талап етеді. Өмірде ең басты екі таңдаудан қателеспеу керек деген бар емес пе? Соның бірі – мамандық таңдау. Менің болашақ мамандығым – мұғалім. Ұстазым секілді адами құндылықтарды бойыма сіңіре отырып, білімді болуды мақсат тұтамын. Бәлкім, менің ұстазым да өз ұстазын балалық шағында ұстаз тұтқан болар. Мұхтар Шаханов ақын атамыз айтқандай, «бір адамға байланысты, бір адамның болашағы».

Диана ұстазымның жетекшілігімен «Сағаттың шығу тарихы» атты ғылыми жобаға қатыстым. Жоба жасау барысында ұстазым маған жаңа бағыттар көрсетті. Ғылыми жұмыс дегеннің не екенін түсіндім. Ерен еңбек қажеттігін ұғындым. Осы жобаны қорғап, нәтижесінде 1-орынға ие болдым. Менің жетістігіме ұстазым қатты қуанды. Әрине, бұл- ең әуелі мұғалімімнің жеңісі екені айтпай-ақ белгілі ғой. Қалалық, облыстық, республикалық сайыстардан мені қалдырмайды. Мүмкін маған деген сенімі шығар. Әр сайыс бізді шабыттандырады, біздің жетістігіміз ұстазымыздың бізге деген сенімін нығайта түседі. Жетістікке жету жолында қыруар энегия жұмсайды. Сонымен ұстазым масаттанады.

Білім беру ісі өте жауапты. Білім беру ордасы өте қасиетті. Осындай ордадан шыққан әр оқушы өз ұстазының еңбегін бағалай білуге тиіс.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2019
11295
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі