Материалдар / Эссе «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
материал эссе түрінде жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
404
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжі

















Эссе «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»























Орындаған: 825 топ студенті Орынғалиев Асар

Мамандығы: «Әлеуметтік жұмыс»

Топ жетекшісі: Шналиева М.У











01.12.2020



Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Елбасының салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Мемлекет басшысының бастамалары мен идеялары терең зерттеулерге арқау болып, оған халықаралық деңгейдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының назары күшейіп отыр.


«Нұрсұлтан Әбішұлы — саясатта көптен, Кеңес дәуірінен келе жатқан тұлға. Мені қатты таңғалдыратыны — оның заман тынысын тап басып танитыны. Бұл қасиет — бүгінгі әлемді дөп басып сезіне алатын қасиет оған қайдан дарыған?.. Ол адал да әділ. Бір мәселелерді талқылағанда, әрдайым қатардағы адамдарға бұл қалай тиеді деп ойлап тұрады. Бұл жеке адамға, қарапайым отбасылар өміріне қалай әсер етеді?

(Владимир Путин. Ресей Федерациясының президенті)


Қазақ жері, қазақ елі жетпіс жылдан астам әміршіл-әкімшіл жүйеде болды, шын тәуелсіздігі болмады. Тәу еткен тұғырлы тәуелсіздігіміз тек қана желтоқсан құрбандарының арқасында келді. Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш бауырларымыз ызғарлы жел өтінде, көк мұзға қанын сіңіре берік тікті. Осы оқиғадан соң, көп ұзамай-ақ бабаларымыз өмір бойы армандаған тәуелсіздік туы желбіреді. Мемлекетіміз Нұрсұлтандай Елбасымыздың арқасында алғашқы сынға лайықты төтеп беріп, еңсесін тік ұстап, тұрақтану кезеңіне өтті. Осы тұста Төле бидің «Әділ ханның жерін жау араламайды» деген сөзі ойға оралады. Көреген елбасы еліміздің тек бүгінін ғана емес, ертеңгі гүлдеген өміріне де ойлы көзбен қарап, «Қазақстан-2030» бағдарламасын жасады. Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және дамушы елдер үшін үлгі болады. Егемендік алғалы бері еліміз тек биіктерден көрінуде. Тәуелсіздік алғалы еліміздің бұғанасы бекіп, әлемдік қауымдастық төрінен салиқалы орын иемдене бастадық. Дүниежүзімен саяси-экономикалық байланысымыз күшейді. Еліміздің болашақтағы мақсат-мүддесі айқындалды. Қаншама ұлттық басын біріктірген, мереке-бірлігін, тыныштығын сақтап отырған Елбасына, бейбітшілікті сүйетін халқыма тәнті боламын.

Көреген Елбасы тағы да халқының қатерлі қыспаққа, қатал тәлкіге түспеуін көздеп, ұлы держава- Қытаймен, Рессеймен өзара түсіністікпен бейбіт қатар өмір сүруді таңдап алды. Оңтүстіктегі Ислам және Орта Азия мемлекеттерімен де тату көршілік қарым-қатынас бағытын ұстанды. Көк жүзімен астасқан көк Байрағы астында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуы, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы, Семей атом полигонының жабылуы бәрі де Елбасына тікелей қатысты тарихи оқиғалар. Кең –байтақ Қазақстанның ұлан-ғайыр шекарасын да дүниежүзінің ең астам, ең ықпалды мемлекеттердің басшыларына мойындатты. Болашақта гүлденген Қазақстанды өркениетті елдер қатарына жеткізуді мақсат етті.

Мәдени, рухани өмірімізде көптеген өзгерістер бар. Еліміздің алтын қазығы, бесігі – астана бой түзеді. Жат жұртта қалған қандас туыстарымыз атақонысқа оралуда. Ғасырлар бойы қолжеткізу арман болған көненің көзі Күлтегін ескерткіші Астана төрінен орын алды. Бұл да Елбасымыздың көреген саясаты арқасында деп білем. «Бітер істің басына, жақсы келсін қасына» деп дана халқымыз айтқандай, сол жұмыстардың дәл ортасында Ел Президенті жүрді.

Қазақ президенті ретінде ол өз халқының гүлденгенін қалайды. Оның әр күні, әр сағаты қауымның, қоғамның, елінің тағдыры үшін күреспен өтіп келеді. Тәуекелге барып, тәуелсіз мемлекет құрды. Халқын сан ғасырлар армандаған мұратына жеткізді. Қазақстанды ғана емес әлемді доптай дөңгелетіп түркі әлемінің көшбасшысына айналды. Еуразия кіндігін мекендеген қырық ру халықтың ауызбірлігін, тыныш өмірін сақтап келе жатқан Еуразия жүрегінде күн сайын келісім мен жарасым күн шырағын жағып отырған президентімізді бейбітшілікке үлес қосқаны үшін мына дүние дидарындағы қандай биік сыйлыққа да лайық дер едім.

Шығыс күнтізбесі бойынша Нұрсұлтан аға ұлу жылы дүниеге келген, тағдыры күнмен тығыз байланысты. Бұл жылы туған кісілердің ерекше күн қуатқа ие екендігін, олардың арасынан ерекше іскер мемлекет басшылары шығатынын айтады. Енді президенттің туған күні алты санына келетін болсақ тағы да бір қызық жағдайға кенелеміз. Алты саны шындықты, ашықтықты және сенімділікті бейнелейді. Бұл кұні дүниеге келген адамдар бейбітшілік пен тыныштықты сақтау жолында аянбай қызмет етіп, халықтың тұрмыс жағдайларын жақсартуға бар күш жігерін жұмсайды екен.

Тәуелсіз еліміздің қанатында өмір сүріп жатқан 150 – ден астам ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақ астында айрандай ұйытып отырған Елбасымыз кімге болса да үлгі деп ойлаймын.

Мен Нұрсұлтан ағамыздың «Қазақстан - 2030» деген еңбегімен танысқам, тақырыпшасында: «барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы», делінген. Президент өзінің республиканың болашағын қандай тұрғыда көретіндігі туралы әңгімелейді. Мемлекет басшысына тулаған теңізде толқынның ырқымен кетпей, көздеген жағалауға нақтылы бағытпен жол салуды Құдайдың өзі әмір еткен.

Қайрат – қаржы мол, өзіне де, өзінің жүргізіп отырған саясатына да сенімі берік қасиет Нұрсұлтан ағамызға тән қасиет. Ол ой- пікірі және іс-әрекеті бар адам. Ол аттары әйгілі жазушылар мен мәденит қайраткерлерін көп кейін қалдырып, бүгінде саясаткердің үлесіне тие бермейтін үлес республикадағы «жыл адамы» атанды.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Нұрсұлтан ағамыз елімізде бір-бір бала оқымай қалмауы керектігін басты назарға алды. Біздің болашағымыз үшін маңдай терін төгіп, орасан зор істер атқарып жүрген Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз шексіз. Біздің алға қойған мақсатымыз – өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.

Атаның қанымен, ананың жасымен келген еркін де, тәуелсіз елімізді қорғау әрбір қазақ азаматы мен азаматшасының қасиетті міндеті .Біз тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!