«ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ»
Елбасымыз айтқандай, «Болашақ – білімді жастардың
қолында» демекші, біздің болашағымыз - өзіміздің қолымызда.
Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де - өз қолымызда. Ал
болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін, менің
ойымша, ең алдымен өзіңе лайық мамандық иесі атануымыз керек деп
ойлаймын. Себебі әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы
бар. Менің мамандығым - информатика пәні мұғалімі. Информатика –
адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы
қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану
мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық
қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге,
адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын
дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға
қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор
ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен
жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр
тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары
сөзсіз. Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен
мемлекеттің «ілгерілеуінің» белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың
барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен
және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз
емес.
Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының
арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық
бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі
мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді.
Мұғалім қоғам айнасы. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа
инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара
тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу -
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын
жоғарылатуды көздейді.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа
кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни
компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық -
коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық
салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім
берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы
«оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық
оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.
б. , тіркестермен тығыз байланысты.
Жаңа ақпараттық техникаларын
пайдалану соңғы уақытта білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың
бірі болып табылады. Мультимедиялық технологиялар көбіне
компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ
материалына байланысты көптеген электрондық оқулықтар мен
аудио-видео жазбалар, түрлі цифрлық құрылғылар, түрлі үлгідегі
заманауи платформалар мен жасанды инттелект жүйелері қолданыста
жүр. Осы ақпарат тасушылардың көмегімен оқушыларға аз уақытта
көп ақпарат беруге мүмкіндік мол. Компьютерлік графикалық материал
презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі. Microsoft Power Point
бағдарламасының көмегімен оқу процесінде презентациялар мен
слайдтар жасап көрсету, оқушылардың танымдық ойлауы мен есте
сақтауын қалыптастырады.
Информатика пәні оқушыларға
компьютерлік технологиялардың барлық мүмкіндіктерін үйретуге
негізделген. Міне, осы білім беруді ұлттық негізде тәрбиелік
жұмыстармен байланыстыра жүргізсе, оқушыларды ұлттық рухта
тәрбиелеуге болады.
Ал, информатикада
инновациялық технологияны
пайдалану жөніндегі қызметтің
мақсаты:
- үйренушінің шығармашылық
әлеуметін дамыту;
- коммуникативтік әрекеттерге
қабілетті болуды қамту;
- сараптамалық – зерттеу
қызметі дағдыларын
қалыптастыру;
- оқу қызметі мәдениетін
дамыту;
- оқу-тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын
арттыру;
Ақпараттық мәдениетті, сауатты
адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға
және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және
автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. . Жаңа
мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді
таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете
дұрыс анықтайтын уақыт. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның
білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша,
білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге
дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен
қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып,
үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік
тудыру.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияға тоқаталатын болсам, коммуникация - ақпаратты
тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жинақтап
жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық
технологиясы – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты
жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету,
білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде
оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс
енгізу, білім қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде
оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық
енгізу деп түсінуге болады.
АКТ арқылы жалпы оқыту
үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық
болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы мұғалім
оқушының интеллектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами
қасиетін қалыптастыруына игі әсерін
тигізеді.
Ақпараттық технология
еңбексүйгіштікке үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген
заманда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың пайдалануы
арқылы ғылымның кез келген саласын қарқынды дамытып, одан тиімді
нәтиже алуымызға болады. Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың пайдалану-педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны
мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден
бір жолы. Сондықтан компьютерлік желілерді, интернет жүйесін,
электрондық оқулықтарды, мультимедиялық технологияларды, қашықтан
оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты –
коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай
жасайды.
Өз сабақтарымда, ашық сабақ
сәттерінде күнделікті жаңа тақырыптарды АКТ-ның желілік түрін
пайдалана отырып түсіндіремін. Түрлі платформаларды, ЖИ құралдар
жүйесін, бағалау түрлері мен кері байланыс түрлерін, түрлі
әдіс-тәсілдермен емін-еркін жұмыс жасап, кең көлемде қолданып
келемін. Мысалы, электрондық оқулық, видео-редакторларды,
интерактивті тақта, интернет желісін күнделікті сабақта
қолданамын.
Қорыта келгенде, оқу үрдісінде
электронды оқулық пен интерактивті құралдардың алатын орны ерекше.
Жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануда мұғалім
компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста бола алады.
Белгілі педагог Ш.Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге
қызықтыру үшін, оқытуда жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге
қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек»
дейді. Білім-қоғамды
қанағаттандыратын, рухани мұраны сақтайтын ұрпақ пен ұрпақты
сабақтастыратын құрал. Сондықтан, оқушының елдің ертеңі, үміт күтер
азаматы екенін ескере отырып, тұлға ретінде қалыптастыру, олардың
білім деңгейлерінің әлемдік стандартқа сай болуға лайықты жұмыс
істеу, білімді де тәрбиелі азамат тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты
талабы. Осы орайда өз тәжірибемде қоғамға қажетті мұғалім ретінде
әр оқушымен тығыз байланыс жасап, әр сабағымды қызықты қылып
өткізіп, үнемі ізденіп, жаңашылдыққа ұмтыламын. Білім мен тәрбиені
қатар ала жүріп, болашақ жастарға да өз мамандығын сүйіп, өз
жұмыстарын сүйіспеншілікпен жасауға кеңес беремін! Ел ертеңі,
жарқын болашақ, саналы да сапалы білім бізге тікелей байланысты.
Мұғалім - ол мектептің жүрегі,
айнасы!
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. «Информатика негіздері»
журналы, №1, 2010 ж;
2. «Ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін
көтеру»//Информатика негіздері.2006ж,
№3
3. Ғаламтор көздері