400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ЭССЕ "Жаңа мектепке жаңашыл ұстаз"

Материал туралы қысқаша түсінік
ЭССЕ "Жаңа мектепке жаңашыл ұстаз"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

“Жаңа мектепке жаңашыл ұстаз”

Ұстаз деген ұлы сөз. Қазақ халқы «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп жақсы ұстаздың адам өміріне мәңгілік өшпес шырақ жағатынын керемет жеткізген. Қай заманда болмасын, ұстаздың мәртебесі биік болып қалады, солай болуы шарт. Өзінің уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын жандар қашан да құрметке лайық, қашан да сыйлы.

Қазіргі жаңашылдықты талап ететін мына заман ұстаздан да жаңалық, шығармашылық идеялар мен иновациялық технологияларды талап ететіні сөзсіз. Ұстаз сан қырлы өнер иесі, онда қайтпас қайсарлық та, темірдей төзім де, сарқылмас шабыт та тұнып жатыр. Заманына қарай адамы демекші, қазіргі заманның жасөспірімдерін білімге тартудың жолы оларды жеткілікті дәрежеде ынталандыру, қызығушылықтарын ояту. Басқаша мүмкін емес. Сол себепті ұстаздар үнемі ізденіс үстінде, даму жолында. Күн түн демей шәкірттеріне білім беруде аянып қалмай, түрлі әдіс тәсілдерді пайдаланады. Оқушыларының жас ерекшеліктеріне, психологиясына, мінез құлқы мен ерекшеліктеріне сай әдістемелік қоржынын жаңартып, толықтырып отырады. Бар уақыты мен күш жігерін осы жолда аямай, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарап, сапалы білім беруге ұмтылады. Қазір ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында түрлі шаралар, семинарлар мен вебинарлар, онлайн және оффлайн курстар, коучингтер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Озық мұғалімдер өз тәжірибелерін ортаға салып, өз әріптестеріне, сонымен қатар жас мамандарға қолдау көрсетіп, жол сілтейді. Ұстаз деген құрметті атты арқалаған асыл жандардың өмір жолы осындай белестерден тұрады.

Жаңашыл ұстаз дегенді қалай түсінеміз? Өз оқушыларымен бір толқында жүретін, оларға ұстаз, қажет кезде дос та бола білетін адам. Заман ағымына сай өзгерісті қабылдау, алға ұмтылу, іздену, даму және тағы да даму! Ұстаз үнемі өз өзімен жұмыс істеп, алдына мақсат міндет қойған жағдайда еңбегі жанған үстіне жана түспек. Ұстаздық жолы ауыр жол. Бұл жолды таңдаған адам осы жолға өзін толығымен арнау керек, жан дүниесімен кірісіп тынбай еңбек ету керек. Жаңашылдықты жанына серік етіп, оқушыны білім шыңына жетелеу керек. Бәрі тәжірибемен, еңбекпен келеді. Көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра демекші, адам көре көре көсем, сөйлей сөйлей шешен болады. Сондықтан кез келген іс шарадан қалмай, іс тәжірибе алмасып, көзбен көріп, санаға түйіп жүру керек.

Қорытындылай келгенде айтарым, жаңашылдық ізденіс пен еңбектің нәтижесі. Заман ағымынан қалмай, жаңа заманда жаңашыл ұстаз болып, жаңашыл ұстаныммен, жаңашыл көзқараспен алда жүр. Жаңалықтан қорықпа, Жаңашыл бол, Жаңалық аш!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
94
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі