Материалдар / ЭССЕ. Жаңартылған білім беру мазмұнында педагогтың инновациялық қызметі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЭССЕ. Жаңартылған білім беру мазмұнында педагогтың инновациялық қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман-ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математика оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Шілде 2021
404
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДА ПЕДАГОГТЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


Баймурзина Арайлым Киндигалеевна

Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі

ЭССЕ


Бүгінгі таңда өресі биік, озық елдің білім көкжиегінде өскелең ұрпақты рухани бай, жан-жақты дамыған, жаңа технологиямен қаруланған, бәсекеге қабілетті, дарыңды тұлға етіп қалыртастыру-тәлімгер ұстаздардың қасиетті міндеті. Әрбір оқутышының алдындағы сәулелі мұраты-өз пәнінен білім беріп қана қоймай, жеке тұлғаның «менін» ашу, сол «менді» шығармашылықпен алға жетелеу. Шығармашылықтың өзі ізденімпаздық туады. Бұл жерде дана Абайдың сөзі тағы да еске оралады: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар...» Тұлғаның өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу, өмірден өз орнын таба білуге бағыттау-қазіргі қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі.

Адам баласының болашаққа, келер күнге ұмтылған ұшқыр қиялы, осы жолдағы ұлан-ғайыр еңбегі, өткені мен бүгіні және келешекке әр халықтың рухани байлығының түп тамырында жатыр. Қазіргі таңда білімге көңіл бөлінгендігі белгілі. Ұстаз алдындағы негізгі мақсат-өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру. Сол мақсатқа жету үшін сабақты қалай қызықты етіп өткізсем?, алдымда отырған алған білімнің пайдасы, күнделікті өмірмен байланысы туралы айта алатындай дәрежеде оқу процесін қалай ұйымдастырсам? Деген сұрақтар туындайды. Осы сұрақтарға шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану. Оқыту жүйесінде әртүрлі инновациялық технологиялар тәжірибеге еніп, оң нәтижелер еніп жатыр. Заман талабына сай білім беру-бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғары деңгейімен білімін қамтамассыз

етуге бағытталған тәрбие беру оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігімен сапасын арттыру мұғаліммен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушылардың қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.

Оқушыларға жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін-мұғалім.

Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу – әр мұғалімнің негізгі міндеті.

Қазіргі заман-ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математика оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.

Математика сабағында электронды оқулықты, жаңа ақпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы-есептерді шығара білу, шапшаңдық, шеберлік дағыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамыту.

Математика сабағынан алған теориялық білімдерін оқушыларға интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып бекіту ұсынылады. Сабақты осылайша түрлендіру үшін оқушының алдымен информатика сабағынан алған мүмкіндіктерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру және берілген есептерді интерактивті тақтада жазып, сауатты орындай білуі керек.

Бұл кезде оқушылардың ойлау қабілеті іске қосылып, танымдылық іс-әрікетті жинақталып құзіреттілігі дамиды. Оқушыны біліммен, білім алу тәсілімен қаруландырып, оның өмір салтымен, мінез-құлқын сауықтандыра отырып, өзін үнемі дамитын оқушыны тәрбиелей отырып, саналы білім алуын жүзеге асыру. Егер математика пәні бойынша жүйелі жан-жақты терең білім берілсе жаңа ақпаратты технология арқылы оқушылардың шығармашылығы қалыптасса, онда логикалық ойлары теңеліп, өздігінен білім алу, сол білімді нәтижелі түрде пайдалану деңгейлері уақыт талабына сай, бәсекеге сай, қабілетті және құзіретті тұлға болып қалыптасады.

Мұғалім сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімінің міндеті болса, оған жетудің бірден-бір жолы заманауи технологиясын жетік меңгерген оқушыны тәрбиелеу қажет.

Қазіргі таңда оқыту үрдісінде оқыту философиясының түбегейлі өзгертуі, яғни оқыту мақсатының өзгеруі, оқулықтың құрылымының өзгеруі, оқытудың дидактикалық принциптерінің өзгеруі, сабақ құрылымы мен формаларының өзгеруі мұғалімге өз жұмысын қайта құруды, яғни оқытуды оқушының іс-әрекетін жетілдіру мен жандандыруға бағыттай ұйымдастыруды қажет етеді. Сондықтан мен де қалған әріптестерім сияқты жаңа технологияларды атап айтқанда модульдік оқыту технологиясын, сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын, саралап – деңгейлеп оқыту технологиясын оқу үрдісіне батыл енгізіп келемін. Сондағы байқағаным тереңдетілген топтарда модульдік оқыту технологиясын қолдану өте тиімді екен. Модульдармен сабақ өткенде, оның әрбір сабағы жоспарлауда сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының саралап – деңгейлеп оқыту технологиясының элементтері сізге жақсы көмекші болады.

Қорыта келгенде сабақтағы әдіс-тәсілдер әр түрлі болғанымен, көздейтін мақсаты- оқушыларды саналылық, ұқыптылық, жаңашылдыққа тәрбиелеу. Нәтижесінде білім сапасы жоғары болашағы бар азамат және жеке тұлғаға дайындау.

Еліміздің өрлеуі мен ұлтымыздың гүлденуі ең алдымен бүгінгі ұрпақтың білімі мен білігі арқылы айқындалатыны ешкімнің де күмәнін тудырмайды. Осы орайда, елімізідің нарықтық жүйеге көшуі білімі мен білігі дәрежелі мамандарын жүйелі түрде даярлауды мүлдем жаңа жолмен жүзеге асыруда.




Пайдаланылған әдебиеттер

  1. А.Әбілқасымова, С.Шәкілікова, А.Шыныбеков «Математиканы тереңдетіп оқытудың бағдарламалары мен оқу құралдарының құрылымы», ИФМ, 1998ж.

  2. «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру» 2017ж

  3. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015

  4. «Білім технологиялары» № 3, 2016 ж.

  5. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы Астана 2016

  6. Айгүл Аханбайқызы «Қазір қазақта бай көп. Біреуі өзінің ақыл күшін сатып байыған емес. Жас Алаш №9, 2002ж.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!