ЭССЕ Жаңашыл педагог

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЭССЕ Жаңашыл педагог

Материал туралы қысқаша түсінік
мамандық туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қожабек Жанар Әуелханқызы , Алматы қаласы Жетісу ауданы МКҚК «№97бөбекжай- балабақшасы» әдіскері

ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ – ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒА

ЭССЕ

Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру елімізде көкейкесті мәселе болып отыр. Елбасы Н.Назарбаев әр Жолдауында білім саласына айырықша тоқталып, нақты тапсырмалар беріп, тікелей қадағалауда. «Мәңгілік Ел» идеясы мен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасында да Елбасы күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелерді нақтылап көрсетіп берді. Тәуелсіздіктің тұғырын нығайту үшін біртұтас ұлт болудың негізгі рухани тамырынан ажырап қалмауды, ұлттық сана мен ұлттық мүддені сақтап қалудың жолы ұлттық кодтан адасып қалмау керек екендігін ескертті.

Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, олардың бойына отансүйгіштік сезімдерін ұялату, баланың тұлғалық дамуына қолайлы жағдайлар туғызу, оқытудың әр әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру, тәрбиеленушілердің сұраныстарын қанағаттандыру, олардың жауапкершілікті сезінуіне, жетістіктерге ұмтылуына ықпал ету, білімге қызығушылығын ояту ізденімпаз, жаңашыл педагогты діттеген мақсатына жеткізе алады. Жаңашыл педагог сабақтың тәрбиелік әлеуетін арттыруға, берілетін білімнің мазмұнын жаңартып отыруға, таңдалған тақырыптардың жүйелілігін сақтауға, бұрын алған білімдерінің сабақтастығын үзбеуге, балалардың қол жеткізген жетістіктері мен мүмкіндік деңгейлерінің арасындағы сәйкестікті сақтауға, әр баланың құзіреттілік деңгейін арттыруға, оқу үдерісін күнделікті жетілдіре түсуге ден қояды. Мұндай іскер педагогтардың ата-аналармен ынтымақтастығы да күшейе түспек. Оқу үдерістерінде ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспарлар құру, таңдалған тақырыптардың уақыт талабына сай келуін ескеру жаңашыл педагогтың жетістіктеріне жол ашады.

Жаңашыл ұстаздың ең басты қасиеті инновациялық әдіс-тәсілдерді жетік меңгерумен қатар, оны орынды қызметінде қолдана білуі аса маңызды. Жалпы, білім бәсекесінде шек жоқ, Сухомлинскийдің «Мұғалім өзінің ізденісін тоқтатқанда, оның мұғалімдік қасиеті жойылады» деп атап көрсеткеніндей, күнделікті сабақ және тәрбие жұмыстарында шарқ ұрып ізденбей оң нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін емес. Неге десеңіз, өскелең заманға сай балалардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты білім саласында қызмет істеу барған сайын күрделілене түсуде. Сондықтан да бала тәрбиелеудің, педагог болудың қиындығы мен жауапкершілігі артады. Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, естіген және аңғарған нәтижелерінің бәрін жадында ұстайтын аңғарымпаз, қиын сәтте тың шешімдер таба алатын тұлға болуы тиіс.

Менің ойымша, қазіргі заман педагогы рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрін меңгерген, өзін әрдайым кәсіби тұрғыдан жетілдіріп отыратын шығармашыл тұлға. Сонда ғана ол баланың табиғатындағы туа біткен қасиеттерді айқындай алады. Өйткені әр баланың бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашу сол педагогтың еншісіндегі іс. Егер педагог шығармашыл болса, ол тәрбиелеген бала да шығармашылық әрекеттерге бет бұрады. Жоғарыда тілге тиек еткен мәселелерді мен өзімнің басты ұстанымым деп білемін. Белсенділік, отансүйгіштік, бастамашылдық ең бірінші педагогтың өз бойынан табылуы қажет. Ондай педагог балалардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып, қоршаған ортаны тануына кеңінен жол ашады.

Білік бесіктен басталады. Сәбилер мен бүлдіршіндер үшін алтын бесік – балабақша. Ол – мектепке жетелеп апаратын алтын көпір. Мен өзім тәрбиелеп жатқан балаларға үлкен үмітпен, зор сеніммен қараймын. Қорыта айтқанда, балаға деген сүйіспеншілік пен жан жылуы жоқ жерде кішкентай періштелерді педагог өзіне баурап алуы мүмкін емес. Құпияға толы балалар әлемімен бірге өмір сүру мені қуанышқа бөлейді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2018
4925
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі