Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Эссе жазудың ерекшеліктері
Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе жазудың ерекшеліктерін меңгерту және оның құрылымы мен ерекшеліктері туралы әдістемелік көмек ретінде усынылып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
11 Шілде 2018
2205
9 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Жарылқасын Отарбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мырзахмет Балқия Серікбайқызы
Тақырыбы | Эссе жазудың талаптары мен құрылымы | |
Жалпы мақсаты | Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, эссе жазудың талаптары мен құрылымын оқушыларға үйрету жолдарының әдістемесіне талдау жасайды . | |
Оқу нәтижесі | Мұғалімдер топта эссе жазудың құрылымының ерекшелігін, эссе мен шығарма жазудың арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады және оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады. | |
Түйінді идеялар | Білім беру бағдарламасы бойынша 11сыныптарда қалыптасқан жазылым дағдыларына сүйене отырып, эссе жазу қалыптастырылады. Жазылым - тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет. ЭЫДҰ есептері мен білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы елдердің нәтижелері негізінде әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында оқушыларға эссе жазуға қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру.Мұғалімдердің оқушыларды эссе жазуға дайындау және өмірлік жағдайларда олардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсыну. | |
Қажетті құралдар | Компьютер, интерактивті тақта, постер, маркерлер, үлестірмелі парақшалар. | |
Коучинг барысы | ||
Психологиялық ахуал | «Қызыл гүлім-ай» би билеу | Сергіту сәтінде мұғалімдер би билейді. |
Топқа бөлу | «Коучинг кассасы» бойынша топқа бөлінеді. Мұғалімдерді коучинг кассасынан билеттер алуға шақырады | Билеттердегі тілектер бойынша топқа бөлінеді. «Жұлдызың жансын!», «Бақыт тілейміз!», «Сыйластық тілейміз!». |
Ой шақыру | «Эссе» деген сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға бірден не келеді?(ассоциация)Бүгін біз не жайлы айтамыз деп ойлайсыздар? 1.Эссе дегеніміз не? Шығарманың эсседен айырмашылығы қандай?2.Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар .3.Эссені бағалау талаптары .Оқушыларды эссе жазуға дайындаудың жолдары (таныстырылым көру) | Топта талқылайды.Әр топ мүшесі өз ойын ортаға тастайды .Өз ойларын ортаға салады, сұрақтарға жауап береді. Алған әсерлерімен бөліседі. |
Негізгі бөлім | Топтық жұмыс туралы постер жасау1-топ. Эссе ұғымы.Эссе жазуға қойылатын талаптар.2-топ. Эссе қалай жазылады? Эссені не үшін жазамыз?3-топ. Эссенің құрылымы. Рефлексия жасаудың бір түрі ретінде эссе алынып, оны жазудың ерекшелігі көрсетіледі. Соңғы жылдарда эссе жазуға кеңінен көңіл бөлініп отырғаны және оның тіліне, көлеміне қойылатын талаптар көрсетіледі.Қазіргі таңда адамның өз әрекетіне рефлексия жасаудың көптеген түрлері бар. Соның бірі ретінде эссені қарастыруға болады. Жалпы, «эссе» сөзі орыс тіліне француз тілінен енген және оның тарихы латынның exagium (өлшеу, таразылау) сөзінен бастау алады. Француздың «еззаi» сөзін тура аударғанда тәжірибе, сынама, қадам, очерк деп беруге болады. Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін және түсінігін білдіретін, сонымен қатар, пәнді анықтайтын трактовканы беруге тырыспайтын туынды. Л.П. Крысинның "Толковый словарь иноязычных слов" деген еңбегінде эссе "жүйеленген ғылыми түрде емес, еркін үлгіде қандай да бір мәселені сөз ететін очерк» деп берілген. Ол – ауызекі сөйлеу тіліне бағытталған, ерікті түрде , көбінде пародаксалды мазмұндалатын автордың дара ұстанымын танытатын проза түріндегі философиялық, әдеби-сын, тарихи-библиографиялық, публицистикалық жанр. " Әдебиеттің қысқаша энцикпедиясында" («Краткая литературная энциклопедия»): "Эссе – бұл жеке тақырыпты түсіндіретін және соған байланысты әсері мен түсінігін беруге тырысатын шағын көлемді және еркін композициялы прозалық шығарма»,-деп берілген. Эссе соңғы жылдары танымал бола бастады. Бұл жанрды қалыптастырушы ретінде М.Монтень ("Опыты", 1580 г.) саналады. Бүгінгі таңда эссе жиі қолданылатын тапсырма түрі ретінде ұсынылады. Ол құжат пакеттерінің негізгі компоненттерінің бірі (оқу орнына түскенде немесе жұмысқа орналасқанда) болып табылады. Эссе байқауы көпшіліктің ішінен ең үздігін таңдап алуға көмектеседі [1,41]. Эссе жазу жас мамандар үшін де маңызды. Себебі, кандидат өзін қалай көрсеткені, өз жетістіктері мен жеңіліс тапқан сәттерін қалай суреттегені жұмыс берушіге немесе байқауға қатысушыны бағалауға, оның компания үшін қандай пайда әкелетінін анықтауға мүмкіндік тудырады.Эссенің кейбір белгілері:- нақты тақырып немесе мәселенің қойылуы;- мәселені кең көлемде талдауға арналған туынды эссе бола алмайды;- нақты мәселе немесе сұрақ бойынша адамның жеке әсері мен түсінігін білдіреді;- белгілі бір пәнді анықтап түсіндіріп беруге тырыспайды; - эсседе бір нәрсе туралы субъективті реңк алған, жаңа сөздер беріледі, атап айтатын болсақ, бір мәселе төңірегінде айтылып жүргеннен басқа ой айтылып, басқа сөз қолданысы көрініс табады;- эссенің мазмұнында бірінші кезекте автордың тұлғалық ерекшелігі – оның дүниетанымы, ойы мен сезімі бағаланады. Эссе құрылымы мен жоспары: Эссе құрылымы оған қойылған талаптарға сай анықталады: 1) белгілі бір мәселеге қатысты эссе авторының ойы қысқаша тезис үлгісінде беріледі (Т);2) ой дәлелдермен бекітіліп отыруы қажет, сол үшін тезистен соң дәлелдер (аргументтер) (А) беріледі. Дәлелдер (аргументы) — бұл қоғамдық өмір фактілері, құбылыстары, оқиғалар, өмірлік жағдаяттар мен тәжірибелер, ғылыми дәлелдемелер, ғалымдар пікіріне жасалған сілтемелер және т.б. Әрбір тезиске қатысты екі дәлел жазған жөн: бір дәлел сенімсіздеу шығуы мүмкін, ал үш дәлел қысқалық пен бейнелілікке бағытталған жанр түрінде орындалған шығарма үшін тым көптік танытуы ықтимал [2,16]. Сонымен, эссе бірінен бірі туындайтын сақиналы құрылымды болады (тезистер мен дәлелдердің саны тақырыпқа, таңдалып алынған жоспар мен логикаға, ойдың дамуына байланысты). Сонымен, эсседе ой айтылады, ол дәлелденеді, сосын тұжырымдалады.Дәстүрлі қалыптасқан ережелерден эссе жазу кезінде оның тақырыбын таңдап алып жазуды ғана атауға болады. Эссенің ішкі құрылымы ерікті түрде жазылады. Бұл жазба жұмысының шағын үлгісі болғандықтан, қорытындыны оның соңында қайталаудың қажеті жоқ, ол негізгі мәтінде немесе тақырыпта айтылып кетуі ықтимал. Дәлелдемелер мәселенің тұжырымдамаларын негізге алуы мүмкін. Мәселенің тұжырымдалуы соңғы қорытындымен сәйкес келуі ықтимал. Кез келген оқырманға бағытталған рефераттан эссенің айырмашылығы – ол белгілі бір адамның оқуына арналады. Сондықтан, «Мен ... туралы айтқым келеді» деп басталып, «Мен ... қорытындыға келдім» деп аяқталады. арналған реплика. Сондықтан, авторға қызметтік жағдайларды егжей-тегжейлі баяндамай, жаңа ой жазуға, оны ашуға мүмкіндік береді. Эссе жазудағы мақсат өзіндік шығармашылық ойлауды дамыту мен өз ойын жазбаша түрде бере білуге үйрету.Эссе жазу кезінде мына сәттерді ескеру де маңызды: Кіріспе және қорытынды ой негізгі мәселеге шоғырланғаны жөн (кіріспеде ол мәселе ретінде қойылса, қорытындыда түйінделеді).Кейбір абзацтарды, негізгі ойды бөліп көрсету, абзацтардың логикалық байланысын сақтау, міне, осылай жұмыстың тұтас құрылымы туады. Мазмұндау стилі: эссеге эмоционалдылық, экспрессивтілік, көркемдік тән. Мамандар қысқа, ұғынықты, екпіні бойынша әртүрлі сөйлемдер мен сәнге айналған заманауи тыныс белгісі – сызықшаның қойылуын эссе жазудың тиімді құралы деп санайды, яғни айқындауыш мүше, сөйлемдердің көп болуын айтады. Жалпы, стиль тұлғаның ерекшелігін танытып тұруы шарт екенін есте ұстаған жөн. Эссенің негізгі белгілерінің бірі - көлемінің шағындығы.Қандай да бір қатаң шек қойылмайды, әрине. Эссе көлемі компьютермен тергенде 7-10 беттей болуы керек. Гарвард бизнес мектебінде көбінесе екі-ақ бетке жазылады. Ресей университеттерінде 10 бетке дейін жаза беруге болады. Ал эссе тақырыбы әрқашан нақты. Оның көп тақырыбы және идеясы болуы мүмкін емес. Онда бір ғана нұсқа, бір ғана ой беріледі және сол әрі қарай өрбітіледі. Бұл – бір ғана сұрақ жауабы. Ерк ін композицияға құрылуы – эссенің маңызды ерекшелігі. Зерттеушілердің айтуына қарағанда жақсы эссені тақырыпты жақсы білетін, оны әр қырынан көре алатын, оқушысына түрлі идеялар ұсынып, оның ойлануына түрткі жасай алатын адам ғана жаза алатын көрінеді. Эссе оқушысын таң қалдыруы тиіс. Адамды ой салатын шығармадағы кейбір пікірлер көбінесе афоризмге айналып кетеді. Эсседе, міне, осындай белгілер және оғаш пікірлер болуы тиіс. Сөйтіп, оқушысын ойландырып, жаңа идея тудырып отыруы абзал. Бұл жанр оғаштығының бірі болуы ықтимал. Себебі, еркін композицияға құрылған, автордың субъективті көзқарасына құрылған эссе ішкі мағыналық бірлікті талап етеді. Ол дегеніміз негізгі тезистер мен дәлелдемелер, фактілер мен ассоциациясының үйлесімділігі барлығы ішкі бірлікте болуы тиіс. Эсседе қалыптасқан шаблондарды, сөздерді қысқартуды, жеңіл-желпі ой қорытуларды қолданудан аулақ болған жөн. Эссе тілі байсалдылықты талап етеді. Сонымен: эссе тақырыбын нақтылау, көлемін және оны жазудағы мақсатты анықтап алу басты мәселе болып табылады. Негізгі идеядан немесе қанық фразалардан басталғаны дұрыс. Мұндағы міндет – оқырман назарын бірден аудару. Эссе жазудағы қателер деп мыналарды айтуға болады:- тексеру жұмысын дұрыс жүргізбеу;- емле қателерін тексерумен шектеліп қалу ;- екіұшты ойлар, сәтсіз алынған фразалардың жоқтығына көз жеткізбеу.- кіріспе сөздің тым ұзақтығы. 770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Осы аптаның ең үздік материалдары Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |